ЖОЛДАУ

АЭС бізге керек

Санат: ЖОЛДАУ
Уақыты: 24.09.2024
Оқылды: 30 Печать страницы

Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жан – анасы болса, адамның табиғатты “Ана” деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады. «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. 

Сонымен қатар, атом электр станциясын салу энергетикалық тәуелсіздікке және климаттың өзгеруіне қарсы күреске оң әсер ете алатын маңызды шешім болып табылады. Алайда, қауіпсіздік мәселелері, радиоактивті қалдықтарды басқару және қаржылық шығындар сияқты маңызды факторлар да бар. Сондықтан, АЭС құрылысына қатысты шешім қабылдау барысында экологиялық, экономикалық және қауіпсіздік аспектілерін мұқият қарастырып, халықтың пікірін ескеру қажет. Бұл ұзақ мерзімді пайда мен ықтимал тәуекелдерді теңестіру үшін маңызды.

Кеңшілік Бекет,

Көксу ауданы, Балпық би ауылының тұрғыны.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.