
2 қыркүйекте халыққа жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеді.
Қазақстанға үлкен жауапкершілік жүктейтін АЭС сияқты ірі жоба бойынша шешім қабылдайтын кезеңге таяды. Билік "ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалады" Сонымен қатар Мемлекет басшысы да энергетика мәселесін шешудің маңыздылығын айрықшалап айтып кетті. «Бүгінде энергетиканың Қазақстан экономикасындағы рөлі зор. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті. Елімізде энергияны тұтыну қарқыны жылдан-жылға артып келеді.
АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға дейін өсіруді мақсат еттік. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін жеткізбекпіз. Негізі атом энергиясын табысты өндірудің кілті – ядролық реакторды дұрыс таңдау. Олардың түрлері мен сұрыптары өте көп. Негізінен олар бір-бірінен мақсаты мен жұмыс істеу қағидаттары бойынша ерекшеленеді. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық ұғынуымыз қажет. Болашақта атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылығы бар екенін де ескеру қажет. АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ атмосфераға парниктік газ шығарындыларын азайтатын экологиялық таза энергия көзіне жатады. Атом энергиясы энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығына да жауап береді. Өйткені АЭС үздіксіз жұмыс істейді әрі ауа райы жағдайына тәуелді емес. Заманауи технологияларды енгізу АЭС-тің жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атом энергетикасы еліміздің технологиялық дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Лабасы ауылдық округінің әкімі
Кешуов Тимур Мұқанұлы