ЖОЛДАУ

Жауапкершілік жүктеген Жолдау

Санат: ЖОЛДАУ
Уақыты: 27.09.2024
Оқылды: 30 Печать страницы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Жолдауы халықтың әл-ауқатын арттырудағы мемлекеттің маңызды міндеттерін белгілеп берді. Жолдау халық үшін биліктің ашық екенін тағы да айқындап берді. Жолдау бүгінімізге шынайы сындарлық, ертеңгіге сенім қалатты.

Қазақстан үшін АЭС салу – стратегиялық шешім. Ол энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Бірақ бұл шешім көптеген аспектілерді, оның ішінде қауіпсіздік, экономика, экология және технологияны мұқият талдауды талап етеді.

Атом электр станциясының құрылысы тек энергетикалық қауіпсіздік қана емес, Қазақстанның болашағына арналған ұзақ мерзімді инвестиция. Атом энергиясы әлемдегі ең таза және сенімді энергия көзінің бірі болып табылады. Бұл қазба ресурстарына тәуелділіктен арылу және көміртегі шығарындысын айтарлықтай азайту мүмкіндігі болып табылады. Азаматтардың ел болашағы туралы шешім қабылдауға белсенді қатысуы аса маңызды. Сондықтан бұл мәселе бойынша алдағы республикалық референдумның ерекше мәні бар

Ораза Абдуахасовна

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.