ЖОЛДАУ

Болашақтан күтер үміт көп

Санат: ЖОЛДАУ
Уақыты: 01.10.2024
Оқылды: 38 Печать страницы

Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы, энергия тапшылығы және бұл мәселе бойынша референдум өткізу тақырыбы соңғы жылдары ел ішінде маңызды талқыланып жатқан мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда электр энергиясына деген сұраныс өсіп келеді. Бұл экономиканың дамуы, өндіріс көлемінің артуы және халық санының өсуіне байланысты. Қазіргі уақытта елдің энергия қажеттілігінің көп бөлігі көмір станцияларынан қамтамасыз етіледі.

Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жан – анасы болса, адамның табиғатты “Ана” деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады. «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. 

Сонымен қатар, атом электр станциясын салу энергетикалық тәуелсіздікке және климаттың өзгеруіне қарсы күреске оң әсер ете алатын маңызды шешім болып табылады. Алайда, қауіпсіздік мәселелері, радиоактивті қалдықтарды басқару және қаржылық шығындар сияқты маңызды факторлар да бар. Сондықтан, АЭС құрылысына қатысты шешім қабылдау барысында экологиялық, экономикалық және қауіпсіздік аспектілерін мұқият қарастырып, халықтың пікірін ескеру қажет. Бұл ұзақ мерзімді пайда мен ықтимал тәуекелдерді теңестіру үшін маңызды.

Бану Касымжановна

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.