
Тәуелсіздік күніне қарсы Балпық би ауылындағы Мұсабек Сеңгірбаев атындағы орталық саябақтың ішінен балаларға арналған ойын алаңдары ашылды.
«Жастар жылы аясында саябағымыздың келбетін өзгерттік. Футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын жабдықтадық, жаңа заманға сай воркаут тренажерлерін орнаттық. Жарықтандыру жасадық. Жыл сайын спорт құрылымдарын көбейтіп, тиісті жұмыстарды істеп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды ары қарай да атқаратын боламыз»,-деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
Айта кетейік Көксу ауданында 119 спорт нысаны бар. Ауданда 41 халық болса, спортпен шұғылданатындардың саны 12 мың адамға жетіп отыр.