
Адамзат тарихында жабайы жылқыны алғаш қолға үйретіп, алыс қашықтыққа мінетін көлік ретінде алғаш рет түркі жұрты жаратыпты. Қазір бұл жөнінде ғалымдар бірауыз пікірде. Ежелгі сақ қорғандары, грек, қытай, армян жазбаларында атқа алғаш мінген жауынгер халық туралы мәлімет көп. Жылқы туралы қазақ халқы «Мінсең көлік, ішсең ас, кисең киім» деп жатады. Жетіге толған қазақтың баласы жабағыға оңай бас білдірген.
Қазақ халқы ас бергенде, той-томалақта көптеген ойынмен қатар көкпар тартады. Жалпы, көкпар сөзінің шығуына қатысты ғалымдардың пікірі әртүрлі. Қолөнершілер қайыс пен таспа тілгенде, басқа малдың емес, тап ешкінің ғана терісін жаратқан. Көкпар өнері Алтай мен Атыраудың арасында небір зұлматта да ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа аман-есен жетіп отырды. Ата-баба аманаты бүгінде қайта түлеп, әлемдік деңгейге жол тартып барады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетіне де ерекше тоқталып өтті. Өйткені жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Қазақстан аумағының теріскейіндегі жазық даласында басталып, адамзаттың тағдырын түбегейлі өзгертті. Қамбар ата төлін қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Шынымен де қазақтың тіршілігі төрт түлік малмен өрістеген, оның ішінде әсіресе атпен байланыстысы басым екені даусыз. Сондай-ақ халқымызда атпен байланысты дамыған спорттық ойын түрлері де баршылық. Соның бірі – көкпар ойыны. Лабасы ауылдық округі азаматтырның ұйымдастыруымен 2020 жылы «Еріктілер» жыл деп жариялауына байланысты округ жастары арасында «Бата алу» атты көкпар ойыны өтті. Аталмыш шараға ақшалай және 1 бас ірі қара малы тігілді. Өткен дәуірде ұлтымызда әр түрлі мақсатқа пайдаланатын осы жануардың жиырмадан астам атауы болған. Мәселен олар азбан, жүрдек, өздік, жетік, егей, епті, тұғыр, мес, бақал ат болып жалғаса береді. Мақалада аталған соны әрі тың идеяларды жүзеге асыру шынайы рухани жаңғыруға кең жол ашатыны сөзсіз. Халықтың күткені де осы еді деп нық айтуға болады.
А.НОВАСБАЕВА,
Лабасы ауылдық округінің
жастар ісі жөніндегі
әдіскер-нұсқаушысы