СПОРТ

Қол күрес шеберлері күш сынасты

Санат: СПОРТ
Уақыты: 01.02.2019
Оқылды: 726 Печать страницы
Қол күрес шеберлері күш сынасты

Жуырда Алғабас орта  мектебінің спорт залында аудандық білім бөлімі мен Алғабас ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен армрестлингтен аудан оқушылары арасында ауданның ашық біріншілігі өтті. Айтулы жарысқа ауданның 19 мектебінен және Талдықорған қаласынан 120-ға жуық ұлдар мен қыздар қатысып, өз шеберліктерін  ортаға салды. Ұлдар  55,60,65,70,75,80+ кг ,  қыздар  45,50,55,60,65,70+ кг  салмақ категориялары бойынша жарысқа қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында Алғабас ауылдық округінің әкімі Дәурен Молдағали, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қанат Әбділданов жарысқа келген оқушыларға жылы лебіздерін білдірсе, армрестлингтен  Азияның және Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, жарыстың бас төрешісі Абдуәли Тастанов  жарысқа қатысушыларға жарыстың ережесімен таныстырып өтті.  Жарыс ережесіне сай қарсыластар оң қол және сол қолдарымен күресіп, жеңімпаздарын анықтады. Барлық салмақ категорияларының қорытындысы бойынша Алғабас орта мектебінің командасы 97 ұпаймен  1-орынды, 2-орынды 63 ұпаймен  Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы, 3-орынды 36 ұпаймен З.Тамшыбай атындағы орта мектебінің командалары жеңіп алды. Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар мен оқушылар Мақтау грамоталарымен марапатталды.
        

Айдос Хамзаұлы,
    Алғабас ауылдық округінің спорт әдіскері.  

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.