СПОРТ

Спартакиада жалғасуда

Санат: СПОРТ
Уақыты: 01.02.2019
Оқылды: 494 Печать страницы
Спартакиада жалғасуда

Аудан оқушыларының  IX спартакиадалық бағдарламасына сай, жуырда Ж.Егінбаев атындағы  «Жастар»  спорт кешенінде футзалдан  ұлдар, қыздар арасында жарыс өтті. Алдымен 24 мектептің командалары 4 топта өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған командалар финалдық ойындарға жолдама алды. Ұлдар арасында аса тартысты өткен финалдық ойында Мұсабек атындағы орта мектептің командасы 5:4 есебімен Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының командасын ұтып, чемпион атанса, Алғабас орта мектебінің командасы 6:3 есебімен  Қызыларық орта мектебінің командасын ұтып, қола жүлдеге ие болды. Қыздар арасында 1 орын үшін болған ойында  Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп командасы 2:0 орын есебімен Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің командасын  ұтып жеңімпаз атанса, Жетіжал орта мектебінің командасы Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінің  командасын 3:1 есебімен ұтып,  3-ші орынды жеңіп алды. Жарыс соңында жүлдегер командалар мен ең үздік ойыншылар аудандық білім бөлімінің  мақтау грамоталарымен марапатталды.
    
    
Қанат ӘБДІЛДАНОВ,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.