СПОРТ

Жарыс өз мәресіне жетті

Санат: СПОРТ
Уақыты: 08.02.2019
Оқылды: 628 Печать страницы
Жарыс өз мәресіне жетті

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
Алматы облысының  спорт басқармасы 2019 жылды қазақтың ұлттық ойын қазақ  күресінен бастады. Қаңтар айының 11-14 күндері  аралығында Талдықорған қаласында 2002-2003, 2004-2005 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өз  мәресіне жетті. Көксу ауданының БЖСМ командасы қатысып, ауданымыздың намысын қорғап, абыроймен оралды. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында Аяжан Мұқтарғали 48 кг салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарын таза жеңіп, чемпион атанды. Ал, Бағжан Ауданбек 70 кг, Кәусәр Мейрамбек 63 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІ орынға ие болды. Ұлдар арасында Еркебұлан Тұрғанбай 46 кг, Алтынбек Қоғайбек 81 кг ІІІ орынды жеңіп алды. Жарысқа балуан ұл-қыздарды дайындаған БЖСМ жаттықтырушылары Алдаберген Сиражанов, Қазбек Нұртілеуов.
        ДЗЮДО
Қаңтар айының 15-19 күндері аралығында Талдықорған қаласында 2004-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдо күресінен «Қысқы демалыс» атты дәстүрлі Республикалық ашық турнир өтті. Бұл жарысқа республикамыздың барлық облыстарынан және Өзбекстан Республикасының командасы қатысты. Жалпы саны 700-ден астам балуандар өз бақтарын сынады. Кілең мықты балуан қатысып, оңайшылықпен жеңісті қолдан бере қоймады. Бұндай дүбірлі жарыста «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, ауданымыздың БЖСМ балуандары қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. 40 кг салмақта ІІІ орынды Назар Натей жеңіп алса, 48 кг салмақта ІІІ орынды Аяжан Мұқтарғали иеленіп, ауданымыздың мәртебесін көтерді. Жарысқа  БЖСМ командасын  дайындаған жаттықтырушылары  Ришат Андасбаев, Алдаберген Сиражанов.
        ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ
Ағымдағы жылдың қаңтар айының 15-17 күндері аралығында  Талдықорған қаласында 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионаты аяқталды. Алматы облысының барлық аудандарынан 200-ден астам балуандар қатысты. Облыс чемпионатына Көксу ауданының БЖСМ командасын  жаттықтырушылар Қанат Еркенов, Ернар Елеусізов дайындады. Жарыс нәтижесі бойынша Еламан Төлегенов 60 кг ІІ орын алып, «Күміс» жүлдегер атанды. Ал, Ерасыл Әбірқайыр 71кг, Ардақ Қали 80 кг, Глеб Саютин 92 кг салмақ бойынша ІІІ жүлделі орынды жеңіп алды.  
                       САМБО    
Ағымды жылдың қаңтар айының 22-24 аралығында Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында самбо күресінен 2001-2002 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Алматы облысының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Самбо күресі өткен жылдың аяғында Дүниежүзілік самбо Федерациясының ұсынысымен олимпиадалық спорт түрі болып қабылданғаннан бері, бұл спорттың беделі жоғарылады. Республика көлемінде қолға алынып, жетіспейтін кемшіліктерін түзей бастады. Осының дәлелі, жарыс аяқталғаннан кейін жаттықтырушыларға семинар өткізіліп, соңынан жаттықтырушылар емтихан тапсырып, арнайы сертификаттарға ие болды. Көксу ауданының самбо күресінен  балуандарды  дүбірлі жарысқа дайындаған  БЖСМ  жаттықтырушылары ағайынды Алдаберген Сиражанов пен Тәңірберген Серижанов барлық сұрақтардан сүрінбей өтіп, сертификат алып қайтты.
Жарыс нәтижесі төмендегідей: ҚаҺарман Мұталинов 52 кг, Жалғас Әбілхан 65 кг өз салмақтарында чемпион атанды. Мадияр Қасымхан 65 кг, Елдар Мұратхан 75 кг ІІ орынды жеңіп алды.
Мақпал Самалбек 70 кг, Бағжан Ауданбек 75 кг ІІ орын алса, Алина Ушкемпирова 40 кг, Надежда Клейн 44 кг, Умида Каулбаева 65 кг, Екатерина Пилипенко 70 кг, Кәусәр Мейрамбекқызы 73 кг ІІІ орынды иеленді.
Жарысқа команданы дайындаған Алдаберген Сиражанов, Тәңірберген Серижанов.
        БАСКЕТБОЛ
2019 жылдың қаңтар айының 22-26 күндері аралығында Талдықорған қаласында 2005-2006 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Осы жарысқа Көксу ауданы БЖСМ командасы да қатысты. Жарысқа облысымыздың барлық аудандарының командалары және Текелі, Қапшағай қалаларының спортшылары қатысты. Ауданымыздың құрама командасы Мұқаншы орта мектебінің оқушыларынан жасақталды. Жарысқа команданы дайындаған БЖСМ жаттықтырушысы Эльмира Байтұлақова. Осы жарысқа алғашқы рет қатысып отырған командамыз                               20 команда ішінде ұлдар 5-орын, қыздар 6-орын алып, азулы командалардың талайын жарыстан шығарды.
                  ВОЛЕЙБОЛ
Волейболдан 2004-2005, 2006-2007 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қаскелең қаласында 23-27 қаңтар аралығында Алматы облысының қысқы чемпионаты аяқталды. Алматы облысының барлық аудандарының командалары  және Текелі, Қапшағай қалаларының спортшылары қатысты.  Командалар төрт топқа бөлініп, ойындарын бастап кетті. Ауданымыздың ұлдар командасы бірінші ойында жеңіп, қалған ойындардан жеңіліс тауып, жалпыкомандалық 10-орынға тұрақтады. Ал, қыздар командасы Қарасай, Ұйғыр аудандарының командаларын жеңіп, шешуші кезеңде Талдықорған қаласының командасынан ұтылып, 5-орынға тоқтады. Жарысқа команданы дайындаған БЖСМ жаттықтырушылары Жалғас Марденов, Аслан Маманов.

Жұмағали ДӘУІТӘЛІ,
балалар және
жасөспірімдер (ДЮСШ)
мектебінің әдіскері.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.