СПОРТ

Қысқы көпсайыс – 2019

Санат: СПОРТ
Уақыты: 22.02.2019
Оқылды: 466 Печать страницы
Қысқы көпсайыс – 2019

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, әрбір адамның спортпен шұғылдануы денсаулығына өте маңызды. Ал, денсаулық –адамның ең басты байлығы. «Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала» -, деп Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында, 2019 жылдың 16 ақпан күні Мұқыры ауылдық тау бөктерінде  аудандық  «Қысқы көпсайыс – 2019» бұқаралық – спорттық жарысы өтті. Бұл сайысқа аудан ішіндегі барлық мекеме-бөлімдер қатысты. Қысқы көпсайыс аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халеловтың сөзінен бастау алды: “Елбасымыз Қазақстан xалқына арналған барлық Жолдауларында, еліміздің болашақ дамуының басты бағыттарының ішінде жастардың білім алуына, дене шынықтыру мен спорт саласына ерекше назар аударып, спортты өркендету, салауатты өмір салтын ұстану, адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы – денсаулық сақтау саласы мен күнделікті өмірдің негізгі бір бөлшегі. Дені сау ұлт бәсекеге қашанда қабілетті болады. Сондықтан, бұқаралық спортты дамыту әрқашан мемлекетіміздің басты назарында”- деп атап өтті.
Байқау бірнеше этаптан тұрды. «Ерлер арасындағы қар үстіндегі кіші футбол», «Арқан тартыс», «Әйелдер және ерлер арасында шаңғы тебу» “Қалашық салу” сияқты спорттық ойындарда командалар өзара сайысқа түсті. Сайыстың қорытындысы бойынша, “Арқан тартыс” ойынынан 1-орын білім бөлімі, 2-орын аудандық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы, 3-орын “Қазақтелеком”командаларына берілді. Ерлер арасындағы қар үстіндегі кіші футболдан 1-орынды  білім бөлімі, 2-орынды спорт мектебі, 3-орынды аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі өзара бөлісті. 40-жастан жоғарғы әйелдер арасында шаңғы тебуден 1-орынды спорт мектебінен Эльмира Байтулақова, 2-орынды “Жұлдыз” балабақшасынан Альфия Үлгімбаева мен “Қазақтелеком” командасынан Бақыт Абдрасова, 3-орынды Мұсабек ауылдық округінен қатысқан Зиягүл Әлібай иеленді. 40-жастан жоғары ерлер арасында шаңғы тебуден 1-орынды “Қазақтелеком” командасынан Асқар Битебаев, 2- орынды “Таңшолпан” балабақшасынан Қуаныш Тұрғанбаев, 3-орынды “Қазақтелеком” командасынан Бауыржан Сүгірбаев иеленді.
Ал, шаңғы тебуден жастар арасында 1-орынды аудандық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығынан Әлия Нүсіпова, 2-орынды Үміт Шайқазан, 3-орынды Мұқаншы орта мектебінің намысын қорғап келген Ертай Нақтыбек иеленді. Ерлер арасында 1-орынды аудандық аурухананың дәрігері Диас Хасен, 2-орынды   аудандық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» күндізгі болу  орталығынан Руслан Беркімбай, 3-орынды дәл осы орталықтан Руслан Мұқанов иеленді.
Қалашық салудан 1-орын Мұсабек атындағы орта мектебінің командасына, 2-орын «Үміт» күндізгі болу    орталығына,  3-орын Талапты орта мектебіне берілсе, ынталандыру сыйлығына аудандық орталық аурухана ие болды. Жалпы командалық ойында 1-орынды Білім бөлімі, 2-орынды «Үміт» күндізгі болу  орталығы, 3- орынды “Қазақтелеком” командасы иеленді.
Денсаулық – баға жетпейтін байлығымыз. Әр адам баласы денсаулығына бей-жай қарамай, көңіл бөліп, оның қорын көбейтіп отыруы керек. Ауданымызда спортпен үнемі шұғылданатын жандардың үлесі жылдан жылға өсіп келеді. Спорт саласы бойынша айқындалған міндеттерін жүйелі орындау, қоғам назарын салауатты өмір сүруге аудару, сонымен қатар, спорттың әр түрімен айналысуға жағдай жасап, мүмкіндіктер туғызу шаралары ауданда кешенді орындалып келеді.

Ардақ ТҰРСЫНОВА.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.