СПОРТ

Облыс чемпионы атанды

Санат: СПОРТ
Уақыты: 01.03.2019
Оқылды: 452 Печать страницы
Облыс чемпионы атанды

Жуырда Талдықорған қаласында облыс оқушыларының IX қысқы спартакиадалық бағдарламасы бойынша қыздар арасында футзалдан жарыс өткізілді. Осындай дәстүрлі жарысқа  біздің ауданның құрама командасы қатысты. Ауданымыздың құрама командасының сапында, аудандық спартакиадалық жарыста ең үздік деп танылған Жетіжал, Н.Алдабергенов, Еңбекшіқазақ, Ж.Егінбаев атындағы орта мектептерінің және Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушылары өнер көрсетті. Біздің команда топтық ойындарында өз қарсыластарын 12:0, 9:1, 7:0, 2:0  есебінде жеңіп, финалдық ойында Талғар қаласының командасын 8:2 есебімен ұтып, чемпион атанды. Осылайша біздің ауданның құрама командасы наурыз айының 1-7 аралығында Көкшетау қаласында өтетін оқушылардың республикалық жарысында Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

Қанат ӘБДІЛДАНОВ,

білім бөлімінің әдіскері

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.