
Ақпан айының 14-17 аралығында оңтүстік астанамыз Алматы қаласында грек-рим күресінен 2002-2003жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Осы жарысқа Алматы облысы атынан Көксу ауданы БЖСМ-нің спортшысы Ерасыл Әбілқайыр қатысты.
Жарысқа республикамыздың барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының спортшылары қатысты. Жарысқа қатысушылар саны 280-нен асты. Тепсе темір үзетін жас жігіттер боз кілемнің шаңын қақты. Екі күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, жарыс нәтижесі де анықталды. Осы жарыста 71кг салмақ дәрежесі бойынша белдескен дарынды палуанымыз Ерасыл Әбілқайыр ақтық сынға жолдама алар кезде жеңіліс тапты. Қалған Жуаныш белдесулерінің барлығын жеңіп, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды.
Еркін күрестен Алматы облысының чемпионаты
Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында ақпан айының 12-15 аралығында еркін күрестен 2002-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Осы дүбірлі жарысқа облысымыздың барлық аудандарынан және Алматы, Қапшағай, Текелі қалаларынан 220-дан астам спортшы қатысты.
Чемпионатқа Көксу ауданы БЖСМ-нің командасын аға жаттықтырушы Асқар Арыстамбаев бастап барды. Жарыс өте тартысты өтті, себебі чемпион болған ұл-қыздарға наурыз айында Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама беріледі. Жарыс соңында чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Ауданымыздың намысын қорғаған ұл-қыздарымыз жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ, қыздар арасында 46 кг салмақта Мадина Бәйдіш және 69 кг салмақта Адия Искакова чемпион атанып, алтыннан алқа тақты, ал 46 кг салмақта Альбина Бәйдіш ІІІ орын алса, Тыныс Дубек 57кг салмақта күміс жүлдегер атанды. Ұлдар арасында 65 кг салмақ бойынша белдескен Санжар Таңатаров ІІІ орынды иеленіп, қола жүлдеге ие болды. Ауданымыздың намысын қорғаған ұл-қыздарымызды мақтанышпен айта аламыз.
Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шыққанына
30 жыл толуына арналған аудан чемпионаты
Балпық би ауылында Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының спорт залында тоғызқұмалақ пен шахматтан өткен Көксу ауданының чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа 7-10 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Ауданымыздың 15 мектебінен 32 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс жеңімпаздары облыс чемпионатына жолдамалар алды. Қыздар арасында Қаратал бастауыш мектебінен І орынды Әмина Құсайын, ІІ орынды Аяулым Оразбек иеленді. Мұсабек орта мектебінен Ақерке Қошығұлқызы, Қызыларық орта мектебінен Ақмаржан Нұрболқызы ІІІ орынды жеңіп алды. Ұлдар арасында чемпион атанған Қаратал бастауыш мектебінің оқушысы Әлішер Абылжан, Қызыларық орта мектебінен Әли Абдығали ІІ орын, ІІІ орынды Қаратал бастауыш мектебінен Бейбарыс Кемелбай және М.Құрманов атындағы орта мектебінен Еркебұлан Саятұлы өзара бөлісті.
Бұл жарыстың ерекшелігі – ұлттық тоғызқұмалақ ойынымызға басқа ұлт өкілдерінің қызығушылығы. Атап айтқанда Т.Исабаев атындағы орта мектебінен В.Прокин, А.Ельцев, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің оқушылары Юлия Гросс пен Ульяновалардың белсенді қатысқандары қуанарлық жағдай. Жарыс жоғары деңгейде өтуіне көмектескен бас төреші Құсайын Күренов, төрешілер Әсет Ибраев, Шақарбек Қамиғат және Мәди Күренов. Жарыс жеңімпаздары медальдар мен грамоталармен марапатталды.
Шахматтан аудан чемпионаты
2019 жылдың 15 ақпан күні Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының спорт залында аудан жасөспірімдерінің арасында шахматтан ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен бірге БЖСМ ашық чемпионаты аяқталды. Жарысқа 10 мектептен 20 спортшы қатысты, жастары небәрі 7-10 жасар ұл-қыздар жарыс көрігін қыздыра түсті. Жарыстың жоғарғы деңгейде өтуіне аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арын Алпысбаев қолдау көрсетіп отырды. 5 турден өткен жарыс өте тартысты өтті. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, қыздар арасында Дәмежан Сейсеқұлова чемпион атанып, алтыннан алқа тақса, Аяулым Смаил күміс, ал Айғаным Мұқатай мен Інжу Орынбасар қола жүлдегер атанды. Ұлдар арасынан Қуаныш Мәжен чемпион болса, ІІ орын Ансар Алдаберген, ІІІ орын Бекзат Қазбек пен Дамиан Қайратқа бұйырды. Жарысқа дайындаған жаттықтырушылар Мәди Күренов және Айдар Әліпбаев.
Чемпион және жүлдегер болған спортшылар алда болатын облыс чемпионатына қатысады.
Жұмағали ДӘУІТӘЛІ,
спорт мектебінің әдіскері