СПОРТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР – СПАРТАКИАДА САҢЛАҚТАРЫ

Санат: СПОРТ
Уақыты: 28.06.2019
Оқылды: 342 Печать страницы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР – СПАРТАКИАДА САҢЛАҚТАРЫ

Жылдағы дәстүрге сай, маусым айының 23-ші жұлдызы мемлекеттік қызметкерлер мерекесіне орай, Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және Алматы облысының дене шынықтыру  және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Алматы облысы мемлекеттік қызметкерлерінің ХІІ жазғы Спартакиадасы  өтті.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың ұжымдарындағы спортпен шұғылдануына жоғары мән береді, себебі ол мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар атқарып жатқан жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыруға ықпал етеді.
Бұл спартакиаданың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Ең бастысы – мемлекеттік органдар арасында өзара ынтымақтастық болуы қажет. Себебі барлығы да елдің дамуы жолында аянбай тер төгуде және оларға барынша жағдай жасалуда. Қуантарлығы, уақыттың аздығына қарамастан, мемлекеттік қызметшілер уақыт тауып осындай жарыстарға белсенді қатысуында. Осынау спорттық тартысқа Көксу ауданы да жарыстан тыс қалмай, жыл сайын бар ынтасымен қатысуда. 2018 жылы                   21 команданың ішінен жүлделі ІІ орынды иеленсе, биылғы жылы 1200 мемлекеттік қызметкер қатысқан додада ІІІ орынды иелендік. Ауданымыздың құрамасы шетінен мықты, нағыз спорт саңлақтары десек те болады.
       Бастысы бірлігіміз ажырамасын. Мемлекеттің қамын ойлаған қызметкерлердің қанаттары талмасын. Аудан командасы әрдайым биіктерден көріне берсін дегім келеді...

Жамбыл БЕЙСЕНБАЙ,
Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.