СПОРТ

Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан балуандары екі алтынға ие болды

Санат: СПОРТ
Уақыты: 29.10.2019
Оқылды: 304 Печать страницы
Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан балуандары екі алтынға ие болды

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Бувайсар Сайтиевтің жүлдесіне арналған халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Реклама
Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының жеңімпазы және алты дүркін әлем чемпионы Бувайсар Сайтиевтің жүлдесі тігілген жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды. 

Жарыс нәтижесінде қазақстандықтар екі алтын және төрт қола медаль еншіледі. 

57 келідегі Егор Анчугн мен 75 келідегі Мүсілім Жақсылық алтын медаль иеленсе, Әди Серікұлы (41 келі), Серік Нұрасыл (57 келі), Асхаб Хаджиев (57 келі) және Әлихан Құсайыновтар (85 келі) қола жүлдегер атанды. 

Аға бапкер Еркебұлан Кешубаев жаттықтыратын Қазақстан командасы жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.   

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.