Жаңалықтар

«Таза сенбілік» іс – шарасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қай жерде жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жердің экологиясын жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруге іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өткен болатын. Аталған игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында Лабасы ауылдық округіне қарасты мекемелерде «Таза сенбілік» іс - шарасы өтті. Халқымыздың ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтаған, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанған қасиеттерді дарыту мақсатында сенбілікке округке қарасты 4 орта мектептен, 3 бала-бақшадан, 2 мәдениет үйінен, 4 медициналық мекемелерден және әкімшілі...
Толығырақ... Оқылды: 1653 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.04.2021

Жүкті әйелдер не білуі керек: бірінші емделуден бастап босануға дейін

Жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде азаматтардың жеңілдікке ие санаты ретінде сақтандырылғандықтан, қымбат диагностикалық зерттеулер мен тегін медициналық көмектің толық пакетін алуға құқылы. Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет алу үшін жүктіліктің он екі аптасына дейін өзі тіркелген емханаға медициналық есепке тұруға міндетті. Аяғы ауыр әйел жүктілігін сақтағысы келіп, емханаға бірінші рет жүгінген кезде акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігер (бұдан әрі - ЖТД) немесе алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының учаскелік терапевті: анамнезді жинайды, жүкті әйелде және туыстарында аурулардың болуын, туа біткен даму кемістіктері және тұқым қуалайтын аурулары бар анықтайды; алғаш келген кезде әйел анализдерін зерттеулерге жіберіледі. Екінші рет қаралу, әдетте, жүктіліктің 16-20 аптасында тағайындалады. Акушерлік тексеру, ақуызға зәр анализі және екінш...
Толығырақ... Оқылды: 1878 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.04.2021

ХАЛЫҚ САНАҒЫ

2021 жылғы қыркүйек-қазан айларында ҚР Ұлттық халық санағы өткізіледі. Соған орай жұмыста пайдалану үшін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы әзірлеген брендбук жолданды.
Толығырақ... Оқылды: 1958 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.04.2021

Өрт қауіпті кезең

Көктем келді, жүздеген демалушылар табиғатқа шығады. Алайда адамдардың абайсыздығы мен немқұрайлылығы кейде жойқын өртке айналады. ▫️ Өрттердің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес:- ғимараттар, құрылыстар мен ашық қоймалар арасындағы өртке қарсы қашықтық шегінде елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, сондай - ақ тұрғын үйлерге, саяжай және өзге де құрылыстарға іргелес учаскелер жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, түскен жапырақтардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазартылады; - қызметі дала, орман және Тоғай алқаптарында жүзеге асырылатын ұйымдардың басшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақта өрттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; - автомобиль және темір жолдар бойындағы орман екпелерін жыртуды периметрі бойынша-дала массивтері ведомстволық тиістілігіне және меншік нысанына қарамастан, жер телімдерінің шекаралары бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылады. ▪️Өрттерді болдырмау мақсатында табиғатта болған кезде жанып жатқан сі...
Толығырақ... Оқылды: 2084 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.04.2021

Көксу ауданының ХҚО-ғы алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді.

Аталған шараға түсіністікпен қарауыңызды және шұғыл қажеттіліксіз ХҚО-ға бармауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан және eGov mobile мобильдік қосымшасында алуға болатынын еске саламыз! Алдын ала брондау жасау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке деректерді, өңірді, ХҚО бөлімін, баратын күні мен уақытты көрсету қажет. Біз дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейміз ( сенбі күні қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді) Отбасыңызға және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз!
Толығырақ... Оқылды: 2144 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

"Сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы" анықтаманы үйден шықпай-ақ алуға болады

1. Телеграм-бот @kenes1414bot Көрсетілетін қызметтер > сот жұмысы > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > смс-тен растау кодын енгізу > анықтама телеграмға хабарламамен келеді 2. EGov mobile мобильді қосымшасы Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > қызметке тапсырыс беру > қол қою > анықтама хабарламаларға түседі 3. Портал арқылы eGov.kz Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру > қызметке онлайн тапсырыс беру > қол қою > анықтаманы алу үшін 5-10 минуттан кейін жаңарту
Толығырақ... Оқылды: 1854 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

АУЫЛДЫҚ СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕРДІ АШУ – ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Бүгін Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылдық округінде кезекті ауылдық сервистік әкімдік ашылды. Орталықтың ашылуына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Мақажанов және Қапшағай қаласының әкімі Н. Құматаев қатысты. Еске сала кетсек, өткен жылы Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялаған болатын. Осы тұжырымдамаға сәйкес, азаматтар билік өкілдеріне тікелей жолдап, толғандыратын сұрақтарға уақтылы жауап алуы үшін мемлекеттік органдарда бюрократиялық кедергілер болмауы тиіс. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігі «Jetisy-adaldyq alańy» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба шеңберінде мемлекеттік органдарды трансформациялауды ілгерілетіп, оларды жұмыстың сервистік моделіне көшіруде. «Сервистік әкімдік» мемлекеттік органдар жұмысының Open space форматындағы тиімді үйлесімі болып табылады,...
Толығырақ... Оқылды: 1863 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер сервистік қызмет алды

2021 жылдың басынан бастап Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер бизнесті ашу және жүргізу бойынша сервистік қызметтер мен кеңестер алды. Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлеріге қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз негізде қаржылай емес қолдау көрсетілді. Осы жылдың І тоқсанында өңірдің 635 кәсіпкеріне 637 сервистік қызмет көрсетілген, сондай-ақ 4249 кәсіпкер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғынға 4320 консультациялық қызмет берілген. «Негізінен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер ЖК, ЖШС тіркеу немесе қайта тіркеу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік-салықтық есептерді тапсыру сияқты қызметтерге жүгінеді. Аталған кезеңде Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге 188 бизнес-жоспар әзірледі. Оның ішінде 1,5 млрд теңгенің 32 жобасы жүзеге асырылды», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов. Кәсіпкерлер үшін барлық қажетті қызметтер өтеусіз болып та...
Толығырақ... Оқылды: 1824 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

«Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану»

Аудандық білім бөлімі әдіскері Мұратқызы Малтаева Анаржәне педагог-логопедтер ассоциация жетекшісі Балғынбаева Айжан Сәулебайқызының ұйымдастыруымен «Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану» атты тақырыбында педагог-логопед жас мамандармен вебинар өтті.Вебинар инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбектенуге көз қарастарын қалыптастыру және көмектесу арқылы тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Тәжірибелі мамандардың жас мамандарға берері мол.Педагогикалық санада адамның дамуы, әлеуметтенуінің оның білім алу процесі ретінде тұрақты жүйеге түскен. Сондықтан, әртүрлі жағдайда, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру керек болған жағдайда және әртүрлі жас кезеңдерінде педагогикалық әрекеттерді оңтайландыру жолдарын іздеу ешқашан тоқталмайды.Түзету – педагогикалық процестегі арнайы білім беру принциптеріне сәйкес әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ерек...
Толығырақ... Оқылды: 2011 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.04.2021

Амалдарымыз бір Алла үшін болсын!

Кез-келген құлшылық қабыл болуы үшін ол Алла үшін жасалуы тиіс. Алла тағала Құранда: «Алайда шынымен тәубеге келіп, Аллаға бет бұрып, толық түзеліп, Алланың дінін шынайы ықласпен ұстағандардың жөні бөлек. Міне, солар мүміндермен бірге. Алла күндердің күнінде мүміндерді үлкен сый-сияпатқа бөлейді». Имам Ибн Кәсир жоғарыдағы аяттағы: «Аз болса да көзбояушылықтан сақтана отырып, бірақ шын ықыласпен Алланың дініне берілетін болса, жасаған ізгі амалдары пайда береді», – деп түсіндіреді. Демек, әрбір істеп жатқан іс-әрекетіміз, құлшылық-ғибадатымыз жалғыз Алланың разылығын қалап жасағанда ғана қабыл болады деген сөз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: Қиямет күнінде алғаш шақырылатындар: Құранды жаттаған қари, дін жолында өлген адам және көп дүние-мүлікке ие болған кісі. Алла тағала әуелі Құран жаттағаннан: - Мен саған пайғамбарыма түсірілген Құранды үйретпедім бе? - деп сұрайды. Ол: - Иә, Раббым, - деп жауап береді. Алл...
Толығырақ... Оқылды: 1692 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 20.04.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.