
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қай жерде жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жердің экологиясын жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруге іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өткен болатын. Аталған игі бастаманы жүзеге асыру мақсатында Лабасы ауылдық округіне қарасты мекемелерде «Таза сенбілік» іс - шарасы өтті. Халқымыздың ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтаған, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанған қасиеттерді дарыту мақсатында сенбілікке округке қарасты 4 орта мектептен, 3 бала-бақшадан, 2 мәдениет үйінен, 4 медициналық мекемелерден және әкімшілік ұжымынан белсене қатысты. Әр мекемелер өздеріне қарасты ауласын күл қоқыстан сыпырып, көктемгі санитарлық жұмыстары жүргізілді.
Лабасы ауылдық округі әкімінің аппараты