Жаңалықтар

Жетісуда бәсекелестік пен тұтынушылар құқықтарын қорғауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті өңірдегі бәсекелестік ортаны дамыту және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Маржан Кальменова баяндады. Департаменттің араласуымен: «Домофон Сервис» және «Куликова» жеке кәсіпкерлері тұтынушыларды таңдау құқығынан айырған біріңғай тарифтерді жоюға міндеттелді. «Қорғас-Коммерц» ЖШС жолаушылар тасымалы бойынша әділетсіз келісімдерді тоқтатты. Монополияға қарсы заңнаманы сақтау мақсатында 33 нұсқама шығарылды, олардың ішінде маңыздысы – «Жетісу газ сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметі заң талаптарына сәйкестендірілді. Сонымен қатар, департамент тауар нарықтарын зерттеп, 21 талдау жүргізді. Бұл жұмыстар нарықтағы әділ...
Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024

Жетісуда қар басатын жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жетісу облысында ұзындығы 197 шақырым болатын 12 қар басатын учаске бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда – 2, облыстық жолдарда – 10 учаске орналасқан. Жол желісінің бір бөлігі Архарлы және Алтынемел асуы арқылы өтеді. Қыс мезгілінде жыл сайын 100-ден астам көлік қар құрсауында қалып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сол себепті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға ден қою мақсатында 2 трассалық медициналық-құтқару пункті дайындалған. Олар Сарқан» – Алматы-Өскемен трассасының 400-шақырымы, Үшарал – Алматы-Өскемен трассасының 555-шақырымы. Сонымен бірге, 21 стационарлық жылыту пункті дайындалды. Жолдарды тазалау үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалы 55 техника бірлігін, ал Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 141 техника дайындаған. Қосымша, ТЖ департаментінің жедел әрекет етуге арналған 44 жоғары өтімді техникасы дайындалды. Айта кетейік, өткен қыс мезгілінде жедел-құтқару...
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024

БАҚ үшін әлеуметтік жоба: Жетісу журналистері үшін жаңа перспективалар

Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебін құру бойынша әлеуметтік жоба іске асырылды. Жоба журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға, сондай-ақ БАҚ, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған. Жоба аясында: * Б. Құранбек атындағы журналистер мектебі құрылды; * журналистердің өңірлік пулы қалыптасты; * медиа сауаттылық, дата журналистика, мультимедиялық журналистика, фактчекинг, SMM және басқа да бағыттар бойынша курстар ұйымдастырылды. * «Үздік медиа зерттеу» байқауы ұйымдастырылып, 10 адам қаржылай сыйлық, сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар, жоба аясында Бейсен Құранбек атаулы стипендиясын тағайындау және газет, теледидар немесе радио редакциясында «Өңірлік медиа мамандарына арналған тағылымдама» байқауы ұйымдастырылды. Тағылымдама бойынша Ұлттық арна Қазақстан телеарнасы, Астана телеарнасы, Егемен Қазақстан г...
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024

Жетісу облысында іске асқан әлеуметтік жобалардың қорытындысы жарияланды

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде төрт әлеуметтік жобаны іске асырды. Бірлестік өкілдері Бақыт Қалиева мен Дархан Асқанбаевтың жұмыс қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болды. Атап айтсақ, «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету» басым бағыты бойынша «QOLDAU» әлеуметтік бейімдеу орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асты. Жоба аясында бейімдеу орталығы ашылып, облыс көлемінде пробация есебінде тұрған барлығы 120 адамға заңгерлік және психологиялық кеңес беріліп, 50 пробация есебінде тұрған азаматтар Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде оқыту курсынан өтіп, сертификат иеленді. Қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу бағыты бойынша «Jetisu.NET» қаржылық сауаттылық орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Облыс аумағында тәжірибелі мамандарды шақыра отырып лудома...
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024

Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы оң қарқынмен жүріп жатыр

Көксу ауданында ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және құрылыс салаларында жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. 15 қыркүйектен бастап Көксу қант зауыты 2186 гектар алқаптан жиналған 210,7 мың тонна қант қызылшасын қабылдады. 2025 жылы егіс алқаптарының көлемі 2900 гектарға дейін ұлғаяды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жарлыөзек және Мұқыры ауылдарында көше шамдары орнатылды, төрт ауылда фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы жүргізілуде. Қаратал ауылында 120 орындық мектеп пен шағын орталықтың құрылысы жүріп жатыр, сондай-ақ балабақша қайта жөнделуде. Балпық би ауылында құны 807 миллион теңге болатын 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. 2025 жылға қарай ауданның 26 елді мекені толық газдандырылады деп жоспарлануда. Жеке инвесторлар есебінен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға арналған 50 жеке тұрғын үй салынып жатыр. Мемлекет тарапынан Балпық би ауылында 13 үй және Жарлыөзекте 4 үй сатып алынды, ал Мұқырыда 10 жаңа үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақ...
Толығырақ... Оқылды: 101 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.11.2024

Инфрақұрылым маңызды құрал

Инфрақұрылым кез келген елдің немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық мәселелердің өзектілігі күн санап артып келеді. Бұл мәселені шешу тек экономикалық дамуды жеделдетіп қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді. Мәселен, Жолдар және көлік инфрақұрылымы: Жолдардың сапасыздығы – өңірлер арасындағы логистикалық байланыстардың нашарлауына, ауылдық жерлердің оқшаулануына және көлік қозғалысының қауіпсіздігінің төмендеуіне алып келеді. Осы мәселені шешу үшін жолдарды жөндеу және жаңа жолдар салу басымдыққа ие болуы тиіс. Ауызсу мәселесі: Кейбір аудандарда таза ауызсуға қолжетімділіктің шектеулі болуы халық денсаулығына кері әсерін тигізуде. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде су құбыры желілерін жаңарту және ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерін құру – инфрақұрылымдық дамудың ажырамас бөлігі. Энергетикалық инфрақұрылым: Қазіргі заманғы энергия көздеріне қолжетімділіксіз өңірлердің дамуы б...
Толығырақ... Оқылды: 144 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 27.11.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігі

Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын. ???? Глава государства Касым-Жомарт Токаев дал поручение Премьер-министру, Руководителю Администрации Президента, руководителям всех силовых ведомств и акимам принять срочные меры по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов в связи с эскалацией ситуации вокруг Украины. Председатели палат Парламента Казахстана поставлены в известность о принимаемых мерах. Положение дел в стране находится на личном контроле у Президента. Для нашего государства главная стратегическая цель – сохранение стабильности, спокойствия, законности и порядка. Казахстан неоднократно выступал за р...
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2024

Жетісу облысындағы жастар арасында нашақорлыққа қарсы іс-шаралар кешені ұйымдастырылуда

Жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі - нашақорлық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізіп, жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Осы мақсатта 2024 жылдың 11-18 қараша күндері аралығында «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен облыстың 8 аудан 2 қаласында мектептерде оқитын жоғары сынып оқушыларыменақпараттық кездесулер ұйымдастырылды. Онда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік пен ескірткі қолданудың жастардың...
Толығырақ... Оқылды: 119 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2024

ЖЕТІСУДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ КЕЛІСІМІНСІЗ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттің кәсіпкерлік ортада болуының орындылығын анықтау мақсатында талдау жүргізді. Осы талдауды жүргізу барысында «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы «Балдәурен» балалар шығармашылық орталығы» МКҚК (бұдан әрі - Кәсіпорын) монополияға қарсы органнан Кәсіпорынды құруға келісім алмағандығы анықталды. Осыған байланысты Департамент Кәсіпорынға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта Департаменттің нұсқамасы орындалды. Анықтама* ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 192 - бабының 4-тармағына сәйкес, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыз...
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2024

Алаяқтық құрбаны болмаңыз – қырағы болыңыз!

Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда алаяқтық мүлікке бағытталған ең көп таралған қылмыстардың бірі болып табылады. Спикер атап өткендей, интернет-алаяқтық, мобильді төлемдерді бұзу және жалған банктік карталарды қолдану арқылы ақша ұрлау – кең тараған қылмыс түрлеріне айналды. Қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттердің деректеріне қол жеткізу және ақшалай қаражатты басқа шоттарға аударту мақсатында әртүрлі айла-тәсілдер қолдануда. «Мысал ретінде алаяқтар күдікті операциялар туралы хабарлап, қаражатты «сақтандыру шотына» аударуды ұсынады. Сонымен қатар, олар инвестициялық жобалар, спорттық ойындар және қайырымдылық бастамалары арқылы азаматтарды адастыруда. Мұндай әрекеттерден көптеген адамдар за...
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.