Жаңалықтар
"INTEGRITY – сыбайлас жемқорлық қақарсы пікір таласалаңы |
Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және осы жағымсыз құбылысқа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі мақсатты саясатты іске асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды элементі азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл болып табылады. Себебі тек азаматтық қоғамның және барлық бей-жайқарамайтын азаматтардың белсенді қатысуымен сыбайлас жемқорлықты жоюға және оң нәтижелерге қолжеткізуге болады. Бұлбағытта Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "INTEGRITY – сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір таласалаңы " жобасын іске қосуда. Жоба аясында жастар, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық сектор, ҮЕҰ, бизнес-қоғамдастық, журналистер, құқық қорғау органдарының өкілдері, тәжірибелі психологтар, заңгерлер, адвокаттар, судьялар, оқу орындарының оқытушылары жәнет.б.түрлі фокус-топтар қамтылатын ANTIKOR ORTALYGY алаңын да сараптама алаңын ұйымдастыруды к... |
Толығырақ... Оқылды: 1594 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
«АШЫҚ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ» |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасын құру мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде. Бүгінгі күні карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңесте аталмыш ақпараттық жүйенің тиімділігі жоғары екенін атап, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы 7 триллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз етті" деген болатын. Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек. Картада нақ... |
Толығырақ... Оқылды: 1595 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
75 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында 2020 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 20-65-7.45 тапсырмасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне тексеру комиссияларымен бірлесіп, бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг жүргізілуде. Облысымызға дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 2020 жылы жалпы сомасы 158 166,9 млн. теңге қаражат қарастырылған, оның ішінде: 77 086,2 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 14 904,8 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 66... |
Толығырақ... Оқылды: 1740 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |
ҚАЗЫБЕК БИ МҰРАСЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ |
Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды. Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға. Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды. Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер. Парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол. Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды. Мысалы «Өркенім өссін десең, кекшіл болма –кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма – өскеніңді өшірерсің», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп айтып, әр қабылданар шешім мен іс... |
Толығырақ... Оқылды: 1756 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |
Алматы облысында санитарлық талапты бұзғандарға 38 млн. теңге айыппұл салынды |
Самарқанның көк тасы еріп, ел-жұрт «амал мерекесі» деп амалдап жатқанда аймақтағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Жетісу жерінде соңғы тәулікте 104 адам коронавирусқа шалдыққан. Салдарынан індетті жұқтыру деңгейі өңірде 0,8 % – ды құрады. Жыл басынан 12 666 адам кесел жұқтырған. Оның ішінде 5658 тұрғыннан коронавирустың симптомдары анықталған. 10 758 науқас емделіп шыққса, 870 емалушы әлі күнге дәрігердің бақылауында. Өкініштісі сол, індет жас, кәрі деп бөліп жармайды. Облыста 52 жүкті әйел мен 882 оқушы кесел жұқтырған. Аурудың өршуіне байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінушілердің қатары артқан. Салдарынан, арнайы топқа тәулігіне 2,5 мың шақырту келіп түсіп отыр. Бір сәтте, вирусқа шалдығушылар санының өскені, бұқараның қарапайым сақтық шараларын сақтамауынан дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов. «Аймақта карантиндік режимнің сақталуын қатаң бақылау мақсатында 268 мониторингтік топ құрылған. Мереке күндері қо... |
Толығырақ... Оқылды: 1664 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |
Улы газдың қауiпi! |
Алматы облысы ТЖД ескертеді! Пеш жағу маусымында улы газбен улану жағдайларын болдырмау үшін үш айда бір рет түтіндіктерді тазалау, пештердегі ақаулықтарды уақытымен жөндеп, жарықтарды майлау қажет. - жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз, сонымен бірге оны балалардың қараунда қалдырмаңыз; - жағу үшін дайындалған отынды пештің алдындағы темір тақтайшаға қоймаңыз; - пешті қатты қыздырмаңыз; пешті пайдалану нұсқаулықтарында қарастырылмаған жанғыш заттарды отын ретінде қолдану (қатты, сұйық, газды); - жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отынды) пештің үстінде және мұржа құбырынан 0,5 метр ара қашықтықтан жакын жерде кептіруге жол бермеңіз; - желдеткіш және газ каналдарын түтіндік ретінде пайдаланбаңыз. Пеш жағу кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін! Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі |
Толығырақ... Оқылды: 1676 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |
Тәрбие бастауы – отбасыдан |
Қазақ халқы ертеден-ақ тәрбиеге жете көңіл бөліп келеді. Оның айғағы ретінде тәрбиеге байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өсиет сөздер, тіпті данышпан бабалардың артындағы ұрпақтары үшін жазып қалдырып кеткен асыл ойлары ғасырдан-ғасырға сақталып бүгінгі жеткіншектерге жетіп келеді. Мысалы,«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген сияқты көптеген асыл сөз, салмақты ойлары бүгінгі күні де өз мәні мен қадір-қасиетін жоғалтқан емес.Бір ауыз сөзбен тобықтай түйін түйген, сөз қадірін түсініп, соған тоқтап, бас иген бабаларымыз қандай құдіретті десеңізші!.. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне келгенде «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе қара күңнен де тыйым» деген сөзінде қаншама мән жатыр!Бұл жердегі халық мақалының мәні – қыз бала тәрбиесінің күрделілігі, ертеңгі елдің тұтқасы боларлық, ел тізгінін ұстар ұрпақты дүниеге әкелер, отбасының ұйытқысы болар қыз тәрбиесінің нәзік те маңыздылығы ту... |
Толығырақ... Оқылды: 1692 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |
ЖЕР ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ТЕЗИСТЕР |
Жер комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша 2016 жылы ҚР Үкіметі шекара маңындағы ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) азаматтарға беруге тыйым салды. *** Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту үшін 2019 жылы Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалану бөлімінде жер кодексіне өзгерістер енгізілді. Осылайша, жүйелі бақылаудың, жер бетіндегі түсірілімдердің, зерттеулердің және түгендеудің нәтижелерімен қатар ауыл шаруашылығы жерлерін мониторингтеу үшін ақпарат көзі ретінде енді ғарыштық мониторинг нәтижелері де пайдаланылатын болады. *** Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық тұрғыда мәжбүрлеу үшін 2020 жылдың желтоқсан айында Салық кодексіне пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің салық ставкасын 10-нан 20 есеге дейін еселеп арттыруды көздейтін түзетулер енгізіліп, қабылданды. *** Жерді... |
Толығырақ... Оқылды: 1726 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.03.2021 |
АНТИКОР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІН КҮШЕЙТУДЕ |
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық бірқатар себептермен пайда болатын және бірнеше түрлерді қабылдайтын күрделі және көп қырлы құбылыс болып көрінеді. Ұзақ уақыт бойы сыбайлас жемқорлық мәдени, адамгершілік және тарихи мәселе болып саналды, бірақ бүгінде ол мемлекеттік органдардың да, азаматтардың да белсенді қатысуын талап ететін саяси, институционалдық мәселе ретінде қарастырылады. Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ оны іске асыру кезеңдері Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс табады. Онда ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені қамтылған, ал оның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін... |
Толығырақ... Оқылды: 2199 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021 |
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ |
Бүгін Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Жандос Жұмабаев Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге Алматы облысының ақпараттық-ағарту штабының төрағасы Серік Мұқанов қатысты. Кездесу аясында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді, сондай-ақ облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар таныстырылды. Сонымен қатар, Жандос Жұмабаев "Transparency Kazakhstan" - Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне жүргізілген мониторинг қорытындыларымен таныстырды. Кездесу барысында Департамент басшылығы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бірқатар өзекті сұрақтар мен мәселелерді атап өтті. Олардың ішінде: мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету, яғни белгілі бір құжаттарды алу кезінде бюрократиялық әуре-сарсаңға салу; түрлі іс-шараларға, қызметтер мен тауарларға бюджет қаражатын дұрыс жоспарламау және ұтымсыз пайдалану; хал... |
Толығырақ... Оқылды: 2120 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021 |