Жаңалықтар

Еліміздің өркендеуіне қажетті реформалар

Парламент Мәжілісінің 1-ші сессиясына қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өркендеуіне қажетті көптеген міндеттер мен реформалар жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ел мен жердің тұрақты дамуын қалыптастыру үшін ең алдымен саяси реформаларды дұрыс жүргізіп, әлем жұртшылығының назарында тұрған мәселелерді тиімді шешу керек. Әсіресе, атқарушы органдардың дербестігін арттырудың маңыздылығын, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар күре жолдардың 100 пайыз жөнделетінін, жастардың даму индексін енгізудің және сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етудің қажеттігін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы: – Алтыншы – азаматтық қоғам өкілдерінің белсенділігін арттыру, жастар саясатын жетілдіру және қайырымдылық қызметін қолдау, – деп азаматтық белсенділікті арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасалатындығына тоқталды. – Өздеріңіз білесіздер, жыл басында мен кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырула...
Толығырақ... Оқылды: 1747 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.01.2021

2020 жылдың желтоқсан айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,78 млрд. теңгені құрады

2020 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,78 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша желтоқсан айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31желтоқсан аралығында) 30,2 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, желтоқсан айында Алматы облысы бойынша 1,06 млрд.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 725,2 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 1841 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.01.2021

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СОҢҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ

ANTIKOR ORTALYGY алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Әбсейітұлы Мақажановтың қатысуымен "Пара бергені, парақорлыққа делдал болғаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту" тақырыбында онлайн-брифинг өткізілді. Брифингте Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша соңғы заңнамалық өзгерістерді жеткізді. Брифинг аясында Ернар Мақажанов пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында қабылданған нормаларға назар аударды. Ернар Мақажанов өз сөзінде, соңғы 2 жыл ішінде Алматы облысы аумағында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, пара берудің - 135, парақорлықта делдал болудың - 4, әр түрлі құқыққа қайшы бизнес жұмысына араласудың - 37 дерегі анықталғанын атап өтті. Өткен жылдың...
Толығырақ... Оқылды: 1900 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.01.2021

2021 жылы МӘМС-ке кім және қанша төлейді?

:mag_right: Сақтандырылғаныңыз туралы өзіңізге қолайлы әдіспен тексеріңіз: • Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайты fms.kz (оң жақ төмен бұрыштағы терезе) • Электронды үкіметтің egov.kz сайты (Жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімі) • Saqtandyru-bot Telegram боты (Басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі) • Qoldau 24/7 ұялы қосымшасы (Басты мәзірдегі «Сақтандырылғаныңыз туралы анықтау» бөлімі) МӘМС-ке қанша төлейміз? Егер сіз сақтандырылмаған болсаңыз, ай сайынғы МӘМС төлемін төлеушілер санатына қарап, анықтаңыз: • 15 жеңілдік санатындағы азаматтарға жарна мемлекет тарапынан төленеді; • Жалдамалы жұмысшы – жұмыс берушінің бухгалтерия бөлімі жарна аудару объектісінің 2% (2019 жылы – 1%) және еңбекақы төлеу қорының 2% көлемінде аударады; • ЖК, ШҚ иелері, жеке іспен айналысатындар – 2975 теңге (ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы); • Республика...
Толығырақ... Оқылды: 1813 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.01.2021

“КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА”

Сайлаушылар назарына елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарда өтетінін қайталап сала кетсек, биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі-бұрынғы өткен сайлауларда қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуында. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алды. Канвассинг – бұл- тұрғындармен бейресми кездесу, партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Кандидат – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Үгіт-насихат жұмыстарының басты мақсаты да «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. “Кандидат қонақта” кездесуінің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныс...
Толығырақ... Оқылды: 2297 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағытталған сайлауалды бағдарламасын Көксу ауданы тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында «Есіктен-есікке», «Кандидат қонақта» және экспромт-кездесу секілді үгіт-насихат жұмыстары жүзеге асырылуда. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарлама аса ауқымды әрі нақты мақсаттарға бағытталғандықтан, халықтың оң көзқарасын қалыптастырып, жүйелі жұмыстарға негіз болып отыр. Осы негізде үміткерлер 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап Көксу ауданы және оған қарасты елді мекендердің тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы халықтың сапалы өмір сүруіне бағытталған 7 басым бағытымен таныстырып, тұрғындар тарапынан ұсыным тілектерді тыңдауда. Үгіт-насихат шаралары ауданға қарасты елді мекендерді толық қамтумен қатар түсіндірме парақтары таратылып, 8 қаңтарға дейін үгіт жұмыстары жалғасын табатыны жоспарланған. Қаңтардың бесінші жұлдызында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер...
Толығырақ... Оқылды: 2153 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Бағдар мен белес Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздіктің отыз жылы...
Толығырақ... Оқылды: 1981 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021

Сайлау барысын бақылаушылардың міндеттері түсіндірілді

Алдағы сайлау науқанына дайындық қызу. Тіпті бұл жұмыстар қарашаның 4 жұлдызында бастау алған. Бұл жолғы сайлауды Қазақстан Азаматтық Альянсы жанындағы партиялық емес, дербес байқау орталығы бақылайтын болады. Жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысының аудан, қалаларындағы 20 үйлестіруші арнайы оқудан өтті. Сайлау барысын бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау тұрғысынан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен танысуды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының экс-мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы жүргізді. Сондай-ақ, 10 желтоқсанда аймақтық штаб өкілдері Алматы облысының Азаматтық Альянсының басшысы Жанар Нұрмұхановамен, кәсіподақтардың облыстық аумақтық кәсіподағының басшысы М.Төлепбергеновпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бақылаушыларды даярлау мәселелері қарастырылып, бақылаушылардың толық ынтымақтастықта жұмыс жасайтындығына сенім білдірілді. Сонымен қатар, «НұрОтан» партия филиалы...
Толығырақ... Оқылды: 1910 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұқыры ауылына арнайы барып қайтты. «Қайнар» шаруа қожалығындағы басқосуға Алматы облысының «Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы, «Қыдырәлі» шаруа қожалығының басшысы Секенбай Шеңгелбаев, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы, жекпе-жек өнерінен Азия ойындарының чемпионы және алтын жүлдегері, ҚР спорт шебері Күрішбаева Ділдаш Нариханқызы қатысты. Олар аталған қожалықтағы ұжымның еңбеккерлерімен және ауыл тұрғындарымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жолыққан болатын. Облыстық депутаттыққа үміткер ретінде олар өздерінің де алдағы уақытқа дайындаған жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар кездесуге қатысқандар өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін де білдірді. Атап айтар болсақ, тұрғындар Мұқыры ауылдық округіне қарасты елді-мекен 10 жылдық Қазақстан ауылының ескірген білім ордасын қайта жаңартып н...
Толығырақ... Оқылды: 2457 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.12.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты. 2006 жылғы ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТА Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады. Аймақ бойынша банкноталар Талдықорған қаласы Төлебаева 58/64 адресі бойынша Ұлттық Банктің Алматы облыстық филиалы кассасында айырбасталады. Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады. Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады: +7 (728) 2 55-95-09 e-mail: www. tald_80@nationalbank.kz
Толығырақ... Оқылды: 2381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.12.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.