Жаңалықтар

ТАҒАЙЫНДАУ

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың және партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша және партия Жарғысының 9.3 тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен Аслан Нұрахметұлы Кубентаев партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталовтың атынан филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева жаңа қызметке тағайындылған Аслан Нұрахметұлын филиал ұжымына таныстырып, сәттілігін тіледі. Аслан Кубентаев бұл лауазымға дейін, 2019 жылдан бері аталған саяси ұйымның Сарқан аудандық филиалында төрағаның бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2013 жылы Сарқан ауданының жастар орталығында бөлім кеңесшісі қызметінен бастап, 2014 жылдан Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісін қызметін атқарып келді. 2015 жылдан «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық...
Толығырақ... Оқылды: 1673 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021

Жетісулық 112 спортшы ұлттық құрамада өнер көрсетеді

"Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық спорт клубы" МКҚК облыс әкімдігінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Қаулысы негізінде ашылды. 2017 жылғы 5 маусымда Алматы облысы әкімдігінің № 238 қаулысымен "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Содан бері кіл мықтыларды аламандарға қосып келеді. 23 спорт түріне баулыйтын мекеменің жетістіктері жетерлік. Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебінде жалпы саны 753 кембағалы спортшы бар. Олар, жеңіл атлетика, жүзу, үстел тенисі, садақ ату, шаңғы жарысы, арбамен билеу, футбо, шахмат, дойбы, еркін күрес, армрестлинг, каратэ сынды түрлі спорт түрлерімен шұғылданады. Өмірге деген құштарлықтары басым, ерік-жігері тасып тұрған сайып қыран қыз-жігіттерді 48 жаттықтырушы баптайды. Төгілген тер мен есіл еңбектің зая кеткен тұсы болмаса кер...
Толығырақ... Оқылды: 1503 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.01.2021

ТЖБ

Өрттің жиі кездесетін себептерінің бірі электр желісіндегі қысқа тұйықталу болып табылады. Бұл желіге ақаулы электр құралының қосылуына немесе сымның оқшаулануына байланысты болуы мүмкін, бұл екі өткізгіштің қосылуына және олардың температурасының күрт өсуіне және одан әрі жануына әкеледі. Сонымен қатар, қысқа тұйықталу нәтижесінде ұшқын жиі пайда болады, олар жақын орналасқан жанғыш материалдарды тұтатуы мүмкін. Электр қондырғыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, мұндай жағдайды толығымен болдырмауға болады. Мұндай жағдай туындаған жағдайда кәсіпорында бекітілген Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрекет ету қажет. Үйде болса өртке қарсы қарапайым ережелерін басшылыққа алу ұсынылады: желіге ақаулы құрылғыны қоспаңыз және элетроқондырғыларын жөндеу үшін маманға жүгініңіз.
Толығырақ... Оқылды: 1586 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.01.2021

Алматы облысында індеттің қарқыны 1,1% құрайды

ҚР эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "сары" аймақта. 2021 жылдың 20 қантарына сәйкес коронавирустық инфекцияның 8376 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 3325 белгілері бар. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Бүгінгі күні, Облыстық көрсеткіштің артуы Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Көксу, Қаратал, Ескелді, Ақсу аудандарында байқалады. «Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада салыстыру кезінде 0,8% - дан 1,0% - ға дейін ұлғайды. Коронавирустық инфекцияның R саны 1,19, ал Республика бойынша 1,14 құрады, облыстар арасындағы сегізінші орында тұр. Соңғы тәулікте КВИ-дің 92 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны - 1,1%»,- дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшының орынбасары Асхат Чарапиев. 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу жоспарлануда: 1. Елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік...
Толығырақ... Оқылды: 1562 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.01.2021

Алматы облысында 2020 жылы 277 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді

2020 жылы Департаментпен 277 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 84% - дан астамы, яғни 232-сі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы залал 4,9 млрд.теңгені құрады, 4,4 млрд. теңге өтелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов «JETISÝ MEDIA»алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Спикердің айтуынша, департамент жұмысы 52% немесе 142 құқық бұзушылық орын алатын ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтауға бағытталған. Ең көп таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар – бұл парақорлық – 196 қылмыс (пара алу – 75, пара беру – 117, парақорлыққа делдал болу – 4), лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану – 10, қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық – 7, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан – таражға салу-6, билікті асыра пайдалану-10. «Сыбайлас...
Толығырақ... Оқылды: 1622 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.01.2021

COVID-19 індетіне шалдыққан 93 жағдай анықталды

Алматы облысы бойынша осы уақытқа дейін коронавирустың 8284 жағдайы тіркеліп, оның ішінде 6215 адам емделіп шығарылды. Коронавирус инфекциясының белгілері 3268 адамнан анықталған. Қазіргі таңда облыстағы 617 пациенттің 177-сі инфекциялық бөлімшелерде, 440-ы үйде оқшаулау жағдайында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Соңғы деректер, 18 қаңтар күні облыста 93 жағдай анықталып, тәулігіне өсім – 1,1% құрап отыр деп көрсетуде. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің бақылауында 2472 адам бар. Инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек саны 1138 - ден 1300-ге дейін артты. Облыстағы медициналық мекемелерде 1300 инфекциялық төсек бар. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 124-тен 135-ке ұлғайтылды»,- дейді Алматы облысының бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков. Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен...
Толығырақ... Оқылды: 1561 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.01.2021

Мобильді азаматтар базасы

Құрметті достар! Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база. Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіруге болады. Мобильді азаматтар базасына Қазақстанның жеке куәлік алған (16 жастан асқан) азаматтары тіркеледі.
Толығырақ... Оқылды: 1554 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021

Мүгедектігі бар азаматтардың санаторлық-курорттық емі

Қайырлы күн, оқырман! Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз.
Толығырақ... Оқылды: 1571 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021

Асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы

Баршаңызға сәлем! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы айтатын боламыз.
Толығырақ... Оқылды: 1532 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

Ол үшін: * Қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс; * SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар телефон; * Компьютеріңізде веб-камера болуы керек; * Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
Толығырақ... Оқылды: 1501 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.01.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.