Жаңалықтар
Жаңа үлгідегі банкноттар айналымға шығарылды |
| Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа үлгі «сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын көрсетеді. Шығарылым теңгені қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге бағытталған. Мамандар ескі үлгідегі ақшалар біртіндеп айналымнан алынатынын айтып отыр. Осылайша, 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда болады. 2012 жылғы үлгідегі 10000 теңгені 2026 жылдың 28 маусымына дейін қолдануға мүмкіндік бар. Қатар айналым кезеңінде ескі үлгідегі ақшаны жаңаға айырбастаудың еш қажеттілігі жоқ. Қатар айналымның кезеңі аяқталған соң екінші деңгейлі барлық банк үш жыл ішінде, ал Ұлттық банктің филиалдары банкноттарды мерзімсіз мезгілде айырбастайды. Жалған ақша жасаудың алдын алу үшін әр 7-8 жыл сайын ақшаның дизайны өзгеріп отырады. Ескі үлгідегі банкноттар біртіндеп айналымнан алынады: 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқ... |
| Толығырақ... Оқылды: 105 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024 |
Жетісуда «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр |
| Жетісу облысында 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ол жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесуге және басқа да заңсыз әрекеттерді анықтауға бағытталған. Учаскелік полиция инспекторлары өздері қызмет көрсететін объектінің криминогендік жағдайын зерделеу үшін аула және пәтерлерді аралайды. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 28 мыңға жуық үй жайларды аралап шықты. Жалпы шара басталғаннан бері 2306 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР аумағында тіркеусіз тұрғаны үшін 619 адам, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекетпен 30 азамат, өзге де бұзақылық жасағаны үшін 1353 азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 116 азамат жауапқа тартылды. |
| Толығырақ... Оқылды: 117 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
Болашаққа бір қадам |
| КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. Бүгін мектеп ұжымымен АЭС салудың маңызы мен артықшылығы талқыланды. Іс-шараға аудандық халықтық штабтың мүшелері қатысты. Мектеп ұжымы АЭС салу бойынша өз пікірлерін ортаға салып, сауалдарын қойды. Халықтық штаб мүшелеріне түсіндіру жұмыс жүргізгендері үшін өз алғыстарын білдірді. Айта кетсек, атом энергетикасы әлемдегі ең тәртіпті сала болып табылады, себебі қателік құны өте жоғары. Атом электр станцияларын жобалау және салу кезінде техникалық МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) секілді беделді халықаралық ұйым бақылайды, бұл қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Бұл ұйым 67 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық жанжалдарында байқалмаған. Атом электр станцияларын салу көп миллиард долларлық және ұзақ мерзімді бизнес екенін ескеру қажет, сондықтан нарық субъектілерінің беделі өте құнды. Ұжым АЭС салу мемлекетіміздің болашағы үшін қарышты қадам екенін атап өтіп, қолд... |
| Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 29.09.2024 |
Халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдайды – БАҚ мониторингінің нәтижелері. |
| ҚазақстанинтернетқауымдастығыныңбасшысыШавкатСабиров«Facebook»желісіндегіпарақшасында«mediametrics.kz»сервисініңиндикаторларыбойыншажелілікБАҚ пенәлеуметтікжелілердібақылаунәтижелерінжариялады. «Әр5 секундсайынбіз1500-денастамонлайн БАҚ-танмәліметтераламыз. АтомэлектрстансасынсалужөніндегіреферендумтақырыбыбойыншаҚазақстанныңақпараттықөрісінталдадық», –басылымдаатапөтілді. Атапайтқанда, Ш.Сабиров16-22қыркүйекаралығындағыапталықмониторингмәліметтерінұсынды.Талдауүшініздеукілтсөздерітаңдалды: «атомдықэлектрстанциясы», «энергиятапшылығы», «атомдықэлектрстанциясы», «атомдықэнергия», «бейбітатом», «ядролықреактор», «референдум», «Үлкенауылы»жәнет.б. СервистіңқызметкөрсетунәтижесіндежелілікБАҚ-та 3мыңнанастамжарияланымтіркелді,оның80%-ғажуығыбейтарап, 18%-ыоң,қалғаны(2%)теріс. Әлеуметтікжелілерде, авторатапөткендей,цифрларәлдеқайдажоғары: 80мың... |
| Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 28.09.2024 |
Жауапкершілік жүктеген Жолдау |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі Жолдауы халықтың әл-ауқатын арттырудағы мемлекеттің маңызды міндеттерін белгілеп берді. Жолдау халық үшін биліктің ашық екенін тағы да айқындап берді. Жолдау бүгінімізге шынайы сындарлық, ертеңгіге сенім қалатты. Қазақстан үшін АЭС салу – стратегиялық шешім. Ол энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Бірақ бұл шешім көптеген аспектілерді, оның ішінде қауіпсіздік, экономика, экология және технологияны мұқият талдауды талап етеді. Атом электр станциясының құрылысы тек энергетикалық қауіпсіздік қана емес, Қазақстанның болашағына арналған ұзақ мерзімді инвестиция. Атом энергиясы әлемдегі ең таза және сенімді энергия көзінің бірі болып табылады. Бұл қазба ресурстарына тәуелділіктен арылу және көміртегі шығарындысын айтарлықтай азайту мүмкіндігі болып табылады. Азаматтардың ел болашағы туралы шешім қабылдауға белсенді қатысуы аса маңызды. Сондықтан бұл мәселе бойынша алдағы... |
| Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 27.09.2024 |
АЭС: пайдасы неде, зияны қандай? |
| Жалпы АЭС-тің артықшылықтары мен маңыздылығы туралы сөз қозғағанда мен мына бір жағдайларды басым айтқым келеді. АЭС үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады, әсіресе халық саны көп аймақтар үшін маңызды. Сондай-ақ, атом электр станциялары парниктік газдарды аз шығарады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Тұрақты түрде энергия өндіре алады, бұл жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда маңызды артықшылық. Ал, кемшіліктеріне келер болсақ, АЭС апат жағдайында үлкен қауіп тудырады. Чернобыль мен Фукусима апаттары оның ауыр зардаптарын көрсетеді. Сонымен қатар ядролық қалдықтарды қауіпсіз сақтау үлкен проблема болып табылады. Олар жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы радиациялық қауіп төндіруі мүмкін. Меніңше, АЭС салу және оны іске қосу өте қымбат, сонымен қатар оны дұрыс басқару үшін жоғары білікті мамандар қажет. Өз басым АЭС-тің артықшылықтары мен кемшіліктерін осылай қарастырдым, бұл энергия көзі кейбір жағдайларда тиімді б... |
| Толығырақ... Оқылды: 125 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 26.09.2024 |
БІР ЕЛ -БІР КІТАП |
| Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары насихаттау мақсатында, Көксу аудандық кітапханасында «Менің атым Қожа» тақырыбында әдеби сағат өтті. Шара барысында Б.Соқпақбаевтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы видео, «Менің атым Қожа» фильмінің қызықты сәттерінен үзінді көрсетіліп, «Кейіпкерді тап!» видео сұрағы, «Кездейсоқ түскен сұрақ» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, «Бір ел – бір кітап» акциясына ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, шара соңында мәдениет үйінің қызметкері Нұрболат Есілдің орындауында «Туған жер» әні орындалды. |
| Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.09.2024 |
Болашағымыз жарқын болмақ |
| 2 қыркүйекте халыққа жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум 6 қазанда өтетінін мәлімдеді. Қазақстанға үлкен жауапкершілік жүктейтін АЭС сияқты ірі жоба бойынша шешім қабылдайтын кезеңге таяды. Билік "ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалады" Сонымен қатар Мемлекет басшысы да энергетика мәселесін шешудің маңыздылығын айрықшалап айтып кетті. «Бүгінде энергетиканың Қазақстан экономикасындағы рөлі зор. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар» деп атап өтті. Елімізде энергияны тұтыну қарқыны жылдан-жылға артып келеді. АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрыл... |
| Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 26.09.2024 |
Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ |
| ◾️Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда. ◾️Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. ◾️Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. ◾️Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған. ◾️Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. ◾️Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзд... |
| Толығырақ... Оқылды: 104 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.09.2024 |
Әділетті қоғамды бірге құрамыз |
| ⚜Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша Көксу ауданының орталық емханасының қызметкерлеріне, Көксу ауданы Балпық ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Дуйсенбинов Жұмахан Скақұлы, Көксу ауданы мәслихатының депутаты және Көксу ауданының кітапханасының директоры Түстікбаева Айгерім Айдарқызы үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. @koksu_akimdigi @d_khalelov |
| Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 25.09.2024 |
