Жаңалықтар
Жетісу облысында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «АЭС - біздің болашағымыз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. |
| 2024 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 15:00-де Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының конференц-залында «АЭС - біздің болашағымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Жетісу облысының үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғамдық штаб мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын түсіндіру және жобаның экологиялық әсері мен ел болашағына ықпалын талқылау. Талқылау барысында республикалық халықтық штаб мүшесі, облыстық маслихат депутаты, «Жетісулық желтоқсаншылар» қоғамдық қорының жетекшісі Е.Жүнісхан АЭС салудың қажеттілігін нақты дәлелдермен жан-жақты түсіндірді. «Қазіргі уақытта елімізде су, көмір, газ тапшылығы сезіліп отыр. Халық саны көбейген сайын сұраныс арта береді. Қуат тапшылығы – жаһандық сипаттағы өзекті мәселе. Ал, АЭС құрылысы аталған мәселенің ең басты шешімі. Елімізді жаңғыртуға кірістік, Заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағытымыздан айнымауымыз керек. Болаш... |
| Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 01.10.2024 |
Болашақтан күтер үміт көп |
| Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы, энергия тапшылығы және бұл мәселе бойынша референдум өткізу тақырыбы соңғы жылдары ел ішінде маңызды талқыланып жатқан мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанда электр энергиясына деген сұраныс өсіп келеді. Бұл экономиканың дамуы, өндіріс көлемінің артуы және халық санының өсуіне байланысты. Қазіргі уақытта елдің энергия қажеттілігінің көп бөлігі көмір станцияларынан қамтамасыз етіледі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жан – анасы болса, адамның табиғатты “Ана” деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады. «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. «Таза Қаз... |
| Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 01.10.2024 |
АЭС – энергетикалық қауіпсіздік кепілі |
| Президент Жарлығына сәйкес елімізде АЭС салу не салмау туралы сұрақтың жауабын референдум арқылы халық шешеді. 1,211 оқылды Дегенмен АЭС-тің пайдасы қандай, зияны бар ма деген мәселеде маманның пікірі маңызды. Біз экономист Сапарбай Жобаевпен атом энергиясының экономикалық тиімділігі және энергетикалық қауіпсіздігі туралы бірқатар сұрақ төңірегінде әңгімелескен едік. – Сіз АЭС салуды қолдайсыз ба? Әлемдік тәжірибеде қай елдің АЭС-сі қауіпсіз саналады және біз кімді таңдаймыз деп ойлайсыз? – АЭС салуды қолдаймын. Бүгінде әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар болса, тағы 60-қа жуығы жаңадан салынып жатыр. Әлемдегі ең қуатты атом электр станcалары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ-та орналасқан. Ал Қытай, Үндістан, Түркия, Мысыр сынды елдер соңғы жылдары атом энергетикасына белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Егер 6 қазанда халық қолдап, елімізге АЭС салу туралы... |
| Толығырақ... Оқылды: 132 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 01.10.2024 |
АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі |
| Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті жанындағы Қазақстанныңстратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша«Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ2024 жылдың 13-26 қыркүйекаралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының респонденттері қатысты. Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. «Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа респонденттердің шамамен үштен екісі оң көзқарас білдірді. Алдында жарияланған сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, бұл қазіргі уақытта ең жоғары көрсеткіш. Бірінші сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі 19,8 пайыздық тармаққа, екіншісімен салыстырғанда 12,7 пайыздық тармаққа өсті. Ағымдағы үрдісті ескерсек, атом электр станциясын қолдаушылардың саны сайлау күніне қарай ода... |
| Толығырақ... Оқылды: 105 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
АЭС құрылысының экономикаға әсері қандай? |
| Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Жақында осыған қатысты референдум да өтеді. АЭС құрылысының егеменді еліміздің экномикасының дамуына қалай әсер ететіні жөнінде экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті Ғалымжан Есқараұлы түсіндіріп берді, деп хабарлайдыEl.kzақпарат агенттігі. Экономистің айтуынша, бүгінде Қазақстанда АЭС-тің орналасу аймағы ретінде Абай облысындағы Курчатов қаласы және Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған. 2035 жылға қарай ел экономикасы мен халықтың қосымша электро энергетикалық сұранысы 18 ГВт-тан астам жаңа буынды қажет етеді. Яғни, ол уақытқа дейін қолданыстағы электро станциялардың генерациясы тек 135 млрд.КВт сағат құрайтын болса, қазіргі таңда тұтыну мөлшері 152,4 млрд.КВт сағатты құрап отыр. Бұл – ағымдағы энергия көздері болжамдалған мөлшерден бөлек, тіпті қазіргі жүктемелерді толықтай қамтамасыз ете алмайды, &n... |
| Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
Қазақстан халқына Жолдауы |
| ⚜Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша, штаб мүшелері халыққа үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. |
| Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2024 |
Қазақстан жарқын болашақтан үмітті. |
| Бастапқыда бұл АЭС туралы айтқан кезде денем тітіркеніп шыға келеін. Қазір басқаша өкенде жиналыста "АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға дейін өсіруді мақсат еттік. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін жеткізбекпіз. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық ұғынуымыз қажет" деп сауаттылардың бірі айтқан болатын. Содан бері қолдаймын. Гулмира Курмангалиева |
| Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді |
| Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 500 өтініш түсіп, оның 205 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға жалпы соммасы 11 млннан астам теңге тұтынушыларға кайтарылған. Тұтынушылар шағымдарының басым бөлігі бөлшек сауда, тұрмыстық қызмет, электронды сауда салалары бойынша түскен. Статистикаға сәйкес, тұтынушылардан электрондық сауда саласына өтініштердің үлкен өсуі байқалады. Өткен жылы электрондық сауда саласындағы өтініштердің саны 63 болса, ал биыл сегіз ай ішінде 78-ге жетті. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістер бойынша: 1) тұтынушылардың шағымдарын қараудың көп сатылы алгоритмін жеңілдету; 2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен; 3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі базалық қағидаттар; 4) онлайн саудада тұтынушылардың құқықта... |
| Толығырақ... Оқылды: 112 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024 |
30 қыркүйек |
| ⚜ Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні " AMANAT " партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы, аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі, қоғам қайраткері Байгабулов Сейлхан Мәденұлы және Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің ұжымына, АЭС құрылысын салуды қолдау жөніндегі насихаттау жұмыстары жүргізілді. |
| Толығырақ... Оқылды: 106 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2024 |
«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр? |
| «Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының айтуынша, халықтың осал топтарын тарифтерді көтеруден қорғау үшін тұрғын үй көмегінің тетіктері қарастырылғанын атап өтті. 2024 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1 кВт үшін 31,28 теңгеге жетті. Есепті кезеңде тарифтерді өзгертуге 43 өтінім келіп түсті, оның 13-і әртүрлі себептермен бас тартылды және кемшіліктерді жою үшін қайтарылды. 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 6 өтінім қаралды. |
| Толығырақ... Оқылды: 133 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024 |
