Жаңалықтар
Армрестлинг - қазақтың болмысына келетін спорт! |
Армрестлингтен ардегерлер арасында Азияның 9 дүркін чемпионы Әбдуәли Тастанов Алматы облысын аралап, шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Көксу өңірінің тумасы Панфилов ауданында болды. Білікті маманның басты мақсаты - ауыл-аймақтағы балалар арасынан қолкүрес өнерінің майталманын шығару. Әбдуәли Тастанов шалғайда орналасқан аймақ жастарынан қолкүрес шеберін шығаруды көздейді. Жаркент өңіріне келуінің себебі де осы. Бұл аудан әлемге есімі таныс атақты балуандарымен белгілі. Бейжің Олимпидасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және әлем чемпионатының күміс медаль иегері Демеу Жадыраев шықты. Осы атақты балуандардың тізіміне армрестлинг өнерінің майтанмандарын дайындап қоссам,- дейді Әбдуәли Тастанов. Жергілікті спорт әдіскерлері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қолкүрес спортын жақын таныстырды. Сонымен қатар, армрестлингтің физикалық тұрғыдан алғанда ұлтымызға жақындығы бар екендігін айтады. - Әбдуәли Тастанов, Армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Адам бал... |
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.09.2020 |
Мектептегі қол жетімді спорт түрі! |
Ежелден - ақ қылыш пен семсермен толқындатудан гөрі қолдың күшін сынау ең асыл істің бірі болып саналатын. Дегенмен қол күрес таяудан туындаған спорт түрі болып есептеледі. Ертеде ата-бабаларымыз екі буынды айқастырып, ас-тойларда сайыс өткізген. Ең алғашқы қол күресті спорт түріне еңгізген американдық журналист Билл Соберанес болды. Петалума қаласы Калифорния штатында кешке қарай ең мықты жігіттер жиналып, өзара қолдарының күшімен сынасқан. Ең алғашқы чемпионат Петалума қаласының ең үлкен залында ұйымдастырылды. Турнир өте табысты өтіп, спорт түрі ретінде дамуына өте үлкен үлес қосты. Қазақстанда қол күрес өз тарихын 1990 жылдары, қазақстандық атлеттер Мәскеу қаласында өткен , бірінші Бүкілодақтық қол күрес турнирге қатысқаннан басталды. Жеңімпазы 61 кг салмақ дәрежесінде Вячеслав Чиванин болды. Республикамызда қол күреске деген қызығушылық арта бастады. Спорттың бұл түрін елге алғаш алып келген Владимир Дреклер мен Мұқан Ағзамовтар болды. 1991 жылы тұнғыш рет ел чемпионаты өтеді. Әр... |
Толығырақ... Оқылды: 216 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.09.2020 |
«Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» |
Қылышын сүйретіп келетін қыстың қамын жаздан бастап ойлап, ерте қамданудың маңызы зор. Күн өткен сайын ауа райы салқындап, уақытынан ерте келген күз биылғы қыстың қатты болатынынан хабар беруде. Әрине, сақадай сай, отын-суыңды түсіріп, үй-жайың жылы отырғанға не жетсін. Өткен қысқа дайындықтың жоғары болуынан әрі отын қорының мол әзірленгенінен болар, біздің аймақта өзге облыстарда болған келеңсіздіктер етек алған жоқ. Тұрғын үйлерге орталықтандырылған жылу уақытылы беріліп, ыстық су үзілген жоқ. Есесіне, еліміздің өзге өңірлерінде қыс ортасында жылу жүйелері бірінен соң бірі істен шығып, халық әбден әбігерге түсті. Әрине, ондай жағдайдың бетін әрі қылсын. «Қамдансаң қапы қалмайсың» дегендей, ауданымызда қаһарлы қыста қысылмаудың қамы ерте қолға алынғаны белгілі. Басшылар тарапынан да жиі пысықталған дайындықтың салдарынан болар, ауданымызда санаулы күндерден кейін уақытымен жылу жүйесі іске қосылатын болады. Жер үйде тұрып, пеш жағатын тұрғындар да өз қам-қарекеттерін бас... |
Толығырақ... Оқылды: 319 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020 |
ДІН – БІРЛІКТІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ |
Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Адамзат тарихында бастан кешкен түрлі формациялар мен кезеңдерде діннің де формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап отырды. Адамзат баласы – ақыл-парасаттың, ғұлама ойдың және өзге де игіліктердің иесі. Ал, осы игіліктерге ие етіп тұрған – Жаратушы күштің барын адам ешқашан есінен шығарған емес. Осылайша, діннің қоғам өмірімен байланыстылығы өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына әсер ететін, наным-сенім қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды. Негізінен, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен руханият құндылықтарына жетелейді. Адамдардың бойына, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Бұл рет... |
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.09.2020 |
«Үміт» үміт сыйлауда |
Қоғамға жат адамдай өмір сүру, әсіресе жас жеткіншектерге қиын. Бүгінде сондай балалардың құқығын шектемеу үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың мүмкіндігі шектеулі болғанмен, арман-мұраттары шектеусіз. Лайықты білім алу, көшеде жүріп-тұру, өз бетінше қалаған жеріне барып - келу деген мұндай балалар үшін тек арман ғана секілді. Расында, көшеге шыға қалса, көпшіліктің назарын өзіне аудару, сондай-ақ көшедегі көздердің өзіне мүсіркей қарауы кемтар балалардың қоғамдық ортаға бейімделіп кету ынтасына бөгет жасайтыны сөзсіз. Арнайы балалар арбасымен кедергісіз қатынап, білім алып, өздері сынды жеткіншектермен қатар мектепке барып, қоғамда ешқандай алалау көрмейтін күн туар ма екен, соларға? Бұл кейбір балалар үшін мүмкін емес нәрсе болып көрінгенімен, біздің елде осындай армандарды жалғап, үміттерді оятатын орталықтар ашылуда. Мүмкіндігі шектеулі баланы аяққа тұрғызу бірінші, ата-анасының парызы болса, екіншіден, әлеуметтік жағдай жасау – мемлекет саясатының басым б... |
Толығырақ... Оқылды: 295 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
Полицейлер кәсібі аса қиын және қауіпті |
Адамдарға алаңсыз жұмыс істеуде, бейбіт өмір сүруде, тұрмыс сапасын жақсартуға қажетті қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттерден қорғауда алдымен қол ұшын беретін құрылым – полиция. Сала қызметкерлері халықтың басына қиын жағдайлар туғанда олардың қасынан табылып, көмегін көрсетеді. Полиция жұмысы сырттай салмақты, жайбарақат көрінгенімен, ішкі иірімдері шытырманға толы болады. Құқық қорғаушылардың жұмысы таңғы сағат тоғыз бен кешкі сағат алтының аралығында шектелмейді. Тәртіп сақшылары халықтың тыныштығын күні-түні күзетіп, әлеуметтік тәртіпті бақылайды. Қауіп-қатердің алдын алады, төнген қауіпті ауыздықтауда басын бәйгеге тігетін кездері де аз емес. Елдің қалай болмағы ел басқарғандардан дейтін пәлсапаға салар болсақ, ауданымыздың бүгінгі тыныштығы, полиция қызметкерлерінің іс-қимылына, шешім, қарекетіне байланысты екені анық. Жалпы, полиция туралы әңгімені бекер бастап отырғанымыз жоқ. Бүгін аудандық полиция бөлімінің ел тыныштығын сақтаудағы халыққа жаса... |
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
АКТИВ ЖИЫНЫ |
Ағымдағы жылдың 24-ші қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттерді орындау жоспарын түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Мұқатайқызы және онлайн режимде ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Талғат Молдахановтың қатысуымен актив жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Алмас Әділ, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудан басшысы Алмас Қабдулұлы төрағалық еткен жиында күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде Ләззат Мұқатайқызы мен Талғат Мұратұлы баяндама жасады. Ең алдымен кездесуге қатысушылар онлайн режимдегі Талғат Молдахановтың баяндамасын тыңдады. Содан кейін Ләззат Мұқатайқызы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында: мемлекеттік қызмет &nda... |
Толығырақ... Оқылды: 189 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020 |
ПРАЙМЕРИЗ ҮМІТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ |
Қазақстанның саяси тарихында бірінші рет көшбасшы партия тізімі ашық іріктеуден өткен адамдардан құралатын болады. Елбасының бастамасымен «Nur Otan» партиясының праймериз өткізуі – отандық партиялық жүйедегі демократияландырудың жаңа кезеңі бастау алғанын куәландырады. Аз күндерден соң, аталмыш партияның ішкі сайлауы да басталмақ. Осыған орай, сәрсенбінің сәтті күні аудандық Мәдениет үйінде праймеризге байланысты пікірсайыс өтті. Кездесуге аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Алмас Әділ, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы,аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Рғайбекұлы, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, кандидаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл праймериз нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Тұңғыш Президент, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризді әділ, әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысушылардың барлығы елдің ертеңіне сеніммен қар... |
Толығырақ... Оқылды: 202 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020 |
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі |
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 75-сессиясында өткен жалпысаяси дебаттарында бейнебайланыс форматында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығы аумалы-төкпелі әрі күрделі сын-қатерлерге толы кезеңде өтіп жатқанын атап өтті. Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі ең басты проблема – жаһандық экономикаға орасан зор зиянын тигізген COVID-19 пандемиясы. Бұл індеттің ауыртпалығынан әлем халқы зардап шегуде. – Адамзат тарихындағы осындай нәубетке қарсы тұрып, бізді ауыр індеттен қорғау үшін алғы шепте болған дәрігерлерге барша отандастарымның атынан шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті сауда протекционизмі мен саяси ұлтшылдықтың белең алуы халықаралық ынтымақтастыққа кері әсер етіп, «жаһандық тоқыраудың» күшейе түсуіне алып келді деп санайды. Бұл жағдай орнықты дамудың келешегіне нұқсан келтіріп, миллиардтаған адамның жарқын әлемге деген үмітін үзді. Қасым-Жомарт То... |
Толығырақ... Оқылды: 163 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
Улы газды анықтау үшін 1621 құрылғы қойылған |
«Қатер аяқ астынан» демекші тілсіз жаудың құрсауында қалу әп сәтте. Ал, аталған келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін Төтенше жағдайлар басқармасы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды. Жылыту кезеңінде өткізілген арнайы іс-шаралардың арқасында тұрғын үй секторындағы өрттердің санын едәуір азайтуға және улы газбен улану жағдайларына жол бермейді. Оған дәдел, өткен жылыту кезеңімен салыстырғанда өрт саны 47% - ға азайған. Биылғы жылы 21 мың 200 үй (2018-2019ж. – 20 483) көлемінде жеке тұрғын үйлер тексерілген, жұмыс барысында 36 мың 536 азаматқа нұсқамалар берілген. Бұдан басқа, қала бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі барлық үйлерде назардан тыс қалмаған. Осы ретте 15 мың 106 азаматқа нұсқаулықтар таратылған. Өрттің және улы газбен уланудың негізгі себептері халықтың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып табылады, бұған улы газбен... |
Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |