Жаңалықтар
Қарттарым – асыл қазынам |
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ ол шақтың да өзінің сәні мен мәні бар. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол – ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Округімізде көптеген еліне, жеріне еңбектерін сіңірген қарт ата-әжелеріміз бар. Осы ретті өткеннен үлгі ала отырып, осындай кезеңде жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшыларының ұйымдастыруымен «Ардагерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарым-асыл қазынам» атты акциясы ұйымдастырылып және Мәмбет ауылындағы Нартбай Датқа мешітіне көмектер көрсетілді. Көмек көрсету барысында Мәмбет ауылы Нартбай батыр көшесінің тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жан Ертай Сапарғалиев және жалғыз басты ардагер ұс... |
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.07.2020 |
Ауырмайын десеңіз, емін біліңіз! |
Тарихқа үңілсек, ата-бабаларымыз жұқпалы аурулардың алдын алудың да, емдеудің де жолдарын жақсы білген екен. Өйткені, бүгінгі коронавирус індетінің симптомдары кәдімгі тұмаумен бірдей. Асқынса ушығады, дұрыс ем қолданылса жазылады, алдын алса мүлдем ауырмайды. Міне, бұл туралы тарихты зерттеуші Мұхамбеткәрім Қожырбайұлының жазбасына тоқталсақ болады. Сонымен, қауіпті дерттен құтылудың бірнеше жолдарын қаперлеріңізге ұсынамыз: 1. Еліміз індеттен түгел арылғанша ауырған адамдармен жақын қарым-қатынаста (контакт) болмай, оқшаулану. Бетперде (маска) кию. Ғимараттарда, көшелерде 1,5 — 2 метр арақашықтық ұстау. 2. «Жан алып, жан берісетіндей» аса бір қажет болмаса, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға бармау. Жақын, таныстармен қол бермей амандасу. Мұның еш сөкеттігі жоқ. Жалпы, қазақтың ата салтында алыстан амандасқан, қос қолын беріп, құшақтасып көрісу жылына бір-ақ рет Наурыз мерекесі кезінде болған. Қандай даналық десеңізші! Аталарымыздың бұл әрекеттерінің қанш... |
Толығырақ... Оқылды: 210 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2020 |
Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық жаңашылдықтарға бастама жасады |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Тұжырымдама жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4283406) және Агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/47919?lang=kk) орналастырылды. Ұсынылған түзетулерді үш блокқа бөлуге болады. Біріншісі сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін қатаң жауапкершілік пен санкциялар енгізу ұсынылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы парасаттылықты тексеру институты (Integrity Check) құқық қорғаушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тиімді тежеуші тетік болады. Егер тексерілуші ұсын... |
Толығырақ... Оқылды: 192 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2020 |
«ТӘРТІПКЕ БАС ИГЕН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ, ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ» |
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс. Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Аптаның алғашқы күндерінен бастап елімізде және ауданымызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері және СЭС - тен құралған мобильдік топтың мүшелері бірлесіп рейд жүргізді. Жалпы тексеріс барысында 8 нысан... |
Толығырақ... Оқылды: 1825 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.07.2020 |
Балабақшаға кезек нөмірін қарау |
Бүгінгі #oqy&toqy айдарын қазіргі кезде сұраныстағы қызмет түріне арнамақпыз. Маусым айынан бастап, балабақшаға жасы жеткен бүлдіршіндерге жолдама беріліп жатқаны мәлім. Нәтижесінде біраз баланың кезектегі саны алға жылжып келеді. Ондай болса, бүгін балабақша кезегін онлайн қарап үйренейік. |
Толығырақ... Оқылды: 240 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2020 |
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
2020 жылғы 12 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы келесіні xабарлайды: 1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлауы және жариялауы, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына мына мекен-жай бойынша ұсынуы тиіс: Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, электрондық мекен-жайы: v.zheksembekova@election.gov.kz, a.khusainova@election.gov.kz. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды. 3.... |
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.07.2020 |
Туылған күніңмен Нұр-Сұлтан!!! |
«Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. Ол –Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Ол –отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Астана күніне орай құттықтауларды қабыл алыңыздар! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұрғаны айдан анық. Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар. Астана дегенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, бойымызды тәтті сезім билейді. Гүлдей бер, жайнай бер, елімнің бас қаласы Астана! Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақтың өз билігі өзі... |
Толығырақ... Оқылды: 223 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.07.2020 |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды |
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы. 1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы. 1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы. 1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығ... |
Толығырақ... Оқылды: 192 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.07.2020 |
Елбасы- тарихтың ауқымды тұлғасы |
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазіргі әлемдік тарихтың ауқымды тұлғасы. Ол бүкіл елдер қоғамдастығына мемлекеттің бейбіт, ядролық қарусыз саясаты туралы мәлімдей отырып, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығара алды. Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығымен экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық ойлауы, тарих барысы мен көреген, сенімді саясаты Қазақстанның көпэтносты негізінде тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, оны әлемнің прогрессивті ойлайтын саясаткерлері қатарына көтерді. Бүгінгі таңда Қазақстанда құрылған қоғамдық бейбітшілік пен келісім үлгісінің бірегейлігі туралы бүкіл әлемде, оны "Қазақстан жолы" немесе "Назарбаев моделі" деп атайды. Бұл тәжірибе бүкіл әлемнің саясаткерлері мен ғалымдарының қызығушылығын тудырады. Қазақстан Президентінің идеялары мен бастамалары терең зерттеулердің мәніне айналуда, олар туралы жетекші бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ әлемдік державалардың көшбасшылары айта... |
Толығырақ... Оқылды: 182 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.07.2020 |
Елбасы мен Елорда егіз ұғым |
Елбасы мен Елорда егіз ұғым. Осыдан жиырма алты жыл бұрын жұдырықтай жұмылған қазақ баласы Арқа төрінде Астана атты шаңырақты төбеге көтеріп, бір-бір уық болып қадалған еді. Айналасы жиырма алты жылдың ішінде әлем таныған шаһар ерекше құлпырып, ажарлана түсті. Ал, бүгін кешегі жас, бүгінде бас қалаға айналған Астана Нұр- Сұлтанға айналып, Елбасымен бірге жасап келеді. Елбасының «Біз Астананың әр кірпішін бірге қаладық, әр талын бірге отырғыздық, отаншыл, мемлекетшіл әрбір азамат осы қаланың өркендеуіне, гүлденуіне қолынан келгенінше үлес қосты, ендеше елордамызды бүкіл Қазақстан болып тұрғыздық» дегені бар. Шындығында, Отанымыздың жүрегі Еуразияның нақ ортасында, Сарыарқаның төрінде, Есілдің жағасында орналасқан дегендеріміз құр сөз емес, шындыққа айналды. Ол тарихымызда алғаш рет тек өзіміздің ұлттық мүддемізден шыға отырып қабылданған шешім болды. «Астана батыс пен шығысты жалғаған шаһарға, тәуелсіздікпен еншілес, егіз ұғымға, әлемдік саясатта қадамы құтты қала... |
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.07.2020 |