Жаңалықтар

Білім алу – әрбір мұсылманға парыз

Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз – қараңғы түн сияқты. Ислам дінінде адамзат баласына қоятын ең басты талап – білім алу, оқу және іздену. Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Білім жүректерді тірілтеді, көздерді ашады, ақылды оятады, жанды рахаттандырады. Білім жалғыздықта серік, адасқанда жол көрсетуші. Қасиетті Құранның адамзат баласына түсуінің басты мақсаттарының бірі де – тура діндегі жандарды білім суынан сусындауға шақыру. Құран кәрімде Алла есімі 2800 жерде және Раббы сөзі 950 рет ең көп кездеседі, олардан кейін үшінші Ілім сөзі, ол Құранда 750 рет айтылған. Құран Кәрімнің алғашқы аяты да: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді,» -деп, Құранның ең алғашқы аяты «оқы» деп түскен. («Алақ» сүресі,1-5 аяттар)Пайғамбарым...
Толығырақ... Оқылды: 1044 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.09.2021

БРИФИНГ

2021 жылдың 23 тамызында Департамент басшысы С.Қабимолдаева облыстың мемлекеттік мектептеріне кешенді мониторинг жүргізу қорытындысы және жаңа оқу жылына дайындық бойынша брифинг өткізді. Мектептердің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, тамақтану объектілерінің болуы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік мектептерді санитариялық-гигиеналық жағдайлармен жарақтандыру, мемлекеттік мектептерде бейнебақылаудың болуы және бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері зерделенді. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл ең өзекті мәселе болып табылады. Кешенді мониторинг қорытындысы осы бағыттардағы проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетеді. Департамент мониторинг нәтижелері туралы жергілікті атқарушы органдарды уақтылы хабардар етеді. 2021 жылғы шілде-тамыз аралығында ЖАО-ға проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдау үшін мектептер бойынша ахуал толық бая...
Толығырақ... Оқылды: 1411 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2021

Конституция– мемлекеттің басты тұғыры

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ел Конституциясы – Қазақстан халқының баға жетпес байлығы, ұлт бірлігінің ұйтқысы. Бұл күн – жалпыұлттық мереке. Кемел келешектің кепілі болған Ата Заң халқымыздың қорғаны, бейбіт өмірдің береке бастауы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің Тәуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. Байлық та, бақыт та – бірлікте»,- деп атап көрсеткен болатын. Конституция қолданысқа енген 26 жыл ішінде мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалап, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар ел экономикасың еселеп артуына сара жол ашып, өндіріс орындарының заман ағымына сай өсіп-өркендеуіне тың серпін берді. Шын мәнінде, халқымыздың бүгінде қол жеткізген жетістігі – Ата Заң аясында атқарылған ауқымды істердің жемісі. Мемлекет басшысы Қа...
Толығырақ... Оқылды: 1148 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2021

ЖЕТІСУДЫҢ ЖАУҚАЗЫНЫ ЗЫЛИХА ТАМШЫБАЕВА ТІРІ БОЛСА, БИЫЛ 85-КЕ ТОЛАР ЕДІ

Биыл қазан айында тірі болса хан қызындай Жетісудың Зылихасы 85 жасқа толатын еді. Көңілі көгілдір көктемдей, жаны жадыраған жаздай, өмірі өнегелі, еңбегі берекелі болып, ел тарихында есімі мәңгі жазылып қалған Зылиха Жанболатқызының асыл бейнесі – халықтың жүрегінде, жадында. Жетісу өңірінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналған Зылиха Тамшыбаеваның өмірден көшкеніне де он шақты жылдың жүзі болды. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген рас екен. Күн өткен сайын есімі аңызға айналған Зылиха Жанболатқызының бейнесі бізден алыстап биікке көтеріліп, халқына сіңірген еңбегі ел тарихының парақтарында алтын әріптермен жазылып қалды. Кемеңгер ана есімін кейінгі ұрпақ жадында сақтау үшін өңірде біраз шаруалар жасалды. Қазіргі кезде туған ауылында еңселі ескерткіші жарқырап тұр. Амангелді ауылының орта мектебіне есімі берілсе, Талдықорған қаласының бір даңғылы Зылиха атымен аталады. Бұдан бес жыл бұрын ел анасының 80 жылдық тойы Жетісу жерінде аталып, та...
Толығырақ... Оқылды: 952 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 26.08.2021

АЛАШТАРДЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН КҮН

Әр мемлекеттің тәу етіп, тұғыр тұтатын темірқазығы-ата заңы. Ата заң- алты алаштың арманын орындаған, алдағы күнге деген сенімін бекіткен құжат. Ендеше, 30 тамыз-азат халықтың ақ арманы орындалған күн. Ширек ғасыр ел өмірінің нақты өлшеміне, татулықтың тірегіне, тұрақтылықтың негізіне айналған конституцияның құқықтық мемлекет орнықтырудағы маңызы зор. Тәуелсіздіктің мызғымас мұрасы, бағалы құндылығы саналған Ата Заңымыз ел еңсесін тіктеуге, ел іргесін бекітуге айрықша ықпалын тигізді. Сондықтан да, біз бүгінгі күнге дейін қол жеткізген жетістіктеріміз бен бағындырған биіктерімізді тек Конституциямен байланыстырамыз. Конституцияның тарихы тереңде. Дала заңынан бастау алған бұл құжат мемлекеттегі ең қымбат қазына адам және оның құқығы мен бостандығы деуімен де жанымызға жақын. Ата Занда адамның өмірі мемлекеттің негізгі байлығы саналған соң, елдегі заңнамалардың да еңалдымен азаматтардың мүддесіне бағытталып, халықтың игілгі үшін жасалатыны түсінікті. Жаңа заңдардың дайындалып, бұрынғы...
Толығырақ... Оқылды: 912 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.08.2021

Нар тұлға

Мен 1957-1960 жылдары Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов атындағы Шұбар орта мектебінде оқып, онжылдықты бітірдім. Сол жылдары Нұрмолданы жүзбе-жүз көріп, ол кісі туралы халықтың айтқан мақтау сөзін, ол кісіге берген бағасын жиі еститінмін. ...1957 жылдың қоңыр күзі еді. Мен жездем Социалистік Еңбек Ері, егіс бригадирі Аппақ Мүсәпіровтің үйінде тұрып оқып жатқанмын. Ол кезде Алғабас ауылында жетіжылдық мектеп қана болатын. Ауылға екі ай қатынамаған мен 2-тоқсан аяқталған соң бір-екі күнге үйге барып қайтпақ болдым. Жездем Алматыға кетіп бара жатқан Нұрмолдаға Қызылтоғанға дейін ала кетуіне келісіп, мен ол кісінің Волга жеңіл көлігіне отырғызып жіберді. Нұрмолда аға жолда менен қалай оқып жатқанымды сұрады.Мен орыс тілі мен алгебрадан қинала үлгеріп жүргенімді, бақа ауылдардағы жеті жылдық мектепті бітіріп келгендердің ішінен бес-алты пәннен үлгермеген 7-8 оқушыны мектептен шығарғанын айттым. Ол кісі жас кезде жақсылап оқып, терең білім алу керектігін, білімді мыңды жығатынын, келеш...
Толығырақ... Оқылды: 985 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.08.2021

Көз көрген ауыл ағасы

Ауыл әрбір қазақ баласы үшін киелі мекен, қастерлі ұғым. Мөлдіреген бұлағының суына шөлің қанып, керемет саф ауасы мен көкжиектің шегі жетпес даласында қанша ойнасаң да құмарың қанбайды. Елге қызмет етіп, егде тартып есейген сайын өткеніңе көз жүгіртіп, айналаңа қарайлай түседі екенсің. Өзім осы Қызылтоған ауылында өсіп ер жеттім. Ауылда үлгі тұтар азаматтардың бірі марқұм Иемберген Рысбеков еді. Өзі қарапайым, сұңғақ бойлы, тұлғалық келбеті келісті жігіт ағасы еді. Алғабас колхозында көлік жүргізуші болып қызмет атқарды. Өз ісіне тиянақты болатын. Тіпті облыстан келген адамдар жоғары лауазымды кісі ме деп жататын. Бірде сондай оқиға болды. Зоотехникті іздеп келген облыс атқамінерлері амандасқан күйі шаруасын айтып бастайды. Өздері шофермен сөйлесіп тұрғандарын Иемберген ағамыз өзін таныстырғанда ғана ұғынады. Сондай талай қызықты оқиғаларды бастан кешкен. Біз үшін Иемберген ағаның киген киімі тап таза үтіктелген жейдесі мен шалбарының қырына деиін санамызда әлі күнге дейін жатталып қа...
Толығырақ... Оқылды: 955 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.08.2021

ХҚО-лар мен автоХҚО-лар клиенттерді міндетті брондаусыз, Ashyq жүйесі арқылы қабылдай бастайды

Достар, 23 тамыздан бастап ХҚО-лар мен автоХҚО-лар клиенттерді міндетті брондаусыз, Ashyq жүйесі арқылы қабылдай бастайды. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз – бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз және санитайзерлерді қолданыңыз. Біз талон беру жүйесін Ashyq-пен біріктірдік. Сондықтан, егер сіз Ashyq жүйесінде қандай да бір себептермен сәйкестендірілмеген болсаңыз және одан әрі талондар беру аймағына өтсеңіз, сіздің ЖСН нөмірі теріліп, қауіпті мәртебе анықталған жағдайда, бағдарлама талонды басып шығармайды. ХҚО-ға өзіне ыңғайлы уақытта баруды жоспарлайтындар үшін электронды брондау мүмкіндігі сақталады.
Толығырақ... Оқылды: 1409 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.08.2021

Балабақшада заттық дамытушы ортаны қалыптастыру

Біздің дана халқымыз қашан да бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы халықтан ештеңе күтуге болмас» деп, профессор Б.Кенжебаев айтқандай, біздің, яғни тәрбиешілердің алдында бір-бір еліміздің болашақ елеулі азаматтары отыр, сол себепті біз бала тәрбиесіне, берілетін білім сапасына бей-жай қарауға еш құқығымыз жоқ. Қазіргі таңда заман өте қарқынды дамуда. Осыған орай тәрбиешілер де үнемі ізденіс үстінде болу керек деп ойлаймын. Алдымызда отырған әр баланың қай-қайсысын болмасын бар жүрегіңмен, мейіріміңмен тәрбиелеп, дамытып, білім нәрін сусындатар болсақ, әрине де жұмысымыз нәтижелі болмақ. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – баланы жан-жақты дамыту. Балаға жеткілікті деңгейде сапалы білім беріп, оның дене дамуына ықпал ету мақсатында біздің балабақшамыздың әр тобында заттық дамытушы орта құрылған. Заттық дамытушы орта өзі үш бөлімнен тұрады: танымдық орта, эмоционалдық орта және еркін орта. Бұл ортан...
Толығырақ... Оқылды: 2108 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021

Жылыту маусымына дайындық басталды

Төтенше жағдайлар департаментің қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бағытында өрт қауіпсіздік шараларын ұдайы өткізіп келеді. Оның ішінде тұрғын үйлердегі тұрмыстық жағдайдағы от жағу пешінің қауіпсіздігі және көмірқышқыл газына уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Осы орайда, 17-і тамыз күні аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудандық әкімдік және «Нұрлы Көксу» газетінің тілшісінің қатысуымен «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті. Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Елжас Қуанышұлы сөз алып, аудан аумағында өрттердің жағдайы туралы және жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша ағымдағы жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйек аралығында жылыту маус...
Толығырақ... Оқылды: 1478 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.08.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.