Жаңалықтар

ХҚО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады

ХҚО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады ХҚО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті. Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған. Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден...
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2020

Иманашар бағаны

Исламның иман негізі әуелі Аллаға сенумен болады. Құранда Аллаға, ақырет күніне сенуге шақыратын аяттар көп. Ақырет күніне сенімнің мәні - өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігіне сенумен байланысты. Ал сол қайта тірілу әһли сүннет сенімі бойынша, әрі тәнмен, әрі жанмен болады. Ақыретте қайта тірілудің хақ екендігі Құранда анық түрде баян етілсе де, осы мәселені жоққа шығарушылар да баршылық. Олардың пайымы бойынша, адам өлген соң іріп шіріп жоқ болады да өмір сонысымен бітіп, о дүние тіптен болмайды. Бұл әрине, тек ақырет мәселесіне емес, жалпы Жаратушының барлығы мен бірлігіне сенімсіздіктен шығатын күпірлік пікірлер. Себебі, сәл ойланып көрген кез келген парасатты сана ақырет күніне сенімсіздікпен қарай алмайды. Ғаламзаттағы сәт сайын мың өліп, қайта жанданып жатқан тіршілік тәрізді, бізді де Жаратушы Жаппар Иеміз қалай өлсек, солай тірілтіп алады. Аятта осы мәселеге қатысты Жаратқанның нақты байламы келтіріледі: «Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тоз...
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.07.2020

Мемлекеттік комиссия ҚР-дағыэпидемиологиялықжағдайдытұрақтандыружөніндегішаралардыбекітті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Елдегісанитарлық-эпидемиологиялықжағдайжәнекоронавирусинфекциясыныңтаралуынажолбермеумақсатындашектеушараларыненгізубойыншаұсынылатыншаралартуралыденсаулықсақтауминистрі А. Цой баяндады. Қазақстандаэпидемиологиялықахуалдыңөршуінжәнекоронавирусинфекциясыменсырқаттанушылықтыңөсуінескереотырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеденбастап 14 күнгекелесішектеушараларыненгізутуралышешімқабылдады: Көлікқатынасыбойынша: 1. Елдертізімінкөбейтпей, халықаралықәуеқатынасынсақтау; 2. Өңірлерарасындағыәуеқатынасын, теміржолқатынасынсақтау (шектеулермен); 3. Өңірлерарасындағыжолаушылар автобусы қатынасынуақытшатоқтату; 4. Қоғамдықкөліктіңжұмысынуақытбойыншашектеу. Азаматтардыңжүріп-тұруыбойынша: 1. Ойын-сауық, спорт жәнебасқа да бұқаралықіс-шараларды, сон...
Толығырақ... Оқылды: 172 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи тұлға тағылымы

Ел қуатты болса, қуа­ныш тұрақты болады. Ғасырларды уа­қыт ұр­шығында иір­ген мың­жылдықтар тоғы­сында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемле­кет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қа­зақ­тың зар заманда жо­ғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бү­тінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақ­ты шежіресі түзіле бас­тады. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы перзенті, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маң­дайына жазыл­ғаны – әлемде аумағы жағынан алып елдердің алғашқы ондығына енетін, ұлан-байтақ жерінің асты да, үсті де табиғи ресурстарға бай, кешегі Кеңес Одағынан ірге бөліп шыққан кезде қолында жалын атқан от қаруы бар стратегиялық маңызы зор елге уақыттың өзі сыйлаған ерекше бағы. «Ақылды басшы алдырмас» деген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары әлем кар...
Толығырақ... Оқылды: 190 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2020

БІЗ БІРГЕМІЗ

Толығырақ... Оқылды: 205 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2020

Бірінші байлық - денсаулық

Бүгін мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары және қалалар мен облыстардың әкімдерін жинап бейне байланыс режимі арқылы кеңес отырысын өткізді. Президентіміздің отырыста айтқан әрбір сөзі орынды. Бұл індеттің көбеюіне карантиннің сақталмағаны себеп болып отыр. Дегенмен, - Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіре алмады, – деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ бірнеше қаланың әкімдеріне сөгіс айтып, жауапты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысының бұлай қатаңдық танытуы елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, емдеудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте проблемаларды шешу үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне барлық қаржылық және инфрақұрылымдық ресурстарды жұмылдыру тапсырылды. Дәл осындай сә...
Толығырақ... Оқылды: 195 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2020

Біріксек жеңеміз

Мемлекет басшысы 29 маусым күні мемлекеттік қызметкерлермен және бірқатар облыс, қала әкімдерімен еліміздегі індетті алдын- алу мақсатында бейнеконференция өткізді. Өз сөзінде Президент Қасым- Жомарт Тоқаев уақытында қолданылған шаралар мен карантиндік жүйе ауыр індеттің елімізге дендеп енуіне біраз болса да сеп болғандығын айтты. Дегенмен, карантин жүйесін алып тастау арқылы дерттің 7 есеге өскендігін байқаймыз. Кейір облыстарда ауырған адамдардың қарасы көбейіп, ауруханаларды тіпті орындар мен дәріханаларда арнаулы дәрілердің тапшылығы байқалады. Дерттің өсімі әсіресе, Атырау облысында байқалады, және Алматы қаласында да аурудың ошақтары көбейіп тұр. Осы тұрғыда мемлекет басшысы бірқатар қала әкімдеріне сөгіс жариялап, қайтадан карантиндік жүйені енгізуді ұсынды. Жиындар мен жиналыстарға пайдаланатын қаражатты дәрі- дәрмек пен қажетті құралдарға жұмсауды тапсырды. Отандық телеарналардан арнайы бағдарламалар ұйымдастырып, дәрігерлермен тікелей байланыс орнатып, халықтың сұрақтарына...
Толығырақ... Оқылды: 200 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

IMD БАҒАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ

Осы айда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығы «IMD-2020» жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті бизнес қалыптасатын ортаны жасау және қолдау қабілетімен қабылданады. Қазақстан сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша екінші жыл қатарынан өз орнын жақсартты. Биыл бағалауға қатысқан 63 мемлекеттің арасында еліміз 29-дан 27-ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 баллдың 5,01 баллын алып, орташа әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты. Бұл еліміздің осы рейтингке қатысқан кезеңдегі ең жоғары нәтижесі (2018 жылы – 39 орын және 3,43 б.; 2019 жылы – 29 орын және 4,28 б.). Қазақстан бұл талап бойынша Польшадан (28 орын), Израильден (30), Оңтүстік Кореядан (31), Литв...
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

Талдықорғанда карантин кезінде 10 000 маска әлеуметтік кәсіпорында тігілді

2020 жылдың көктемі бәріміз үшін оңай болған жоқ, ол көптеген адамдар үшін нағыз сынақ болды, әсіресе шағын кәсіпорындарға әсер етті. Бірақ уақыт «толқынға ілесіп», ағымдағы жағдайға тез бейімделе алатын адам ғана аман қалатынын көрсетті. «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты бағыты - жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру. Бірлестік базасында тоқыма қайта өңдеу бойынша тігін цехы жұмыс істейді. 2019 жылы қоғамдық бірлестік әлеуметтік кәсіпкерлік жолымен жүруді шешті, «Ескі заттардың жаңа өмірі» жобасын әзірледі және «Әрекет» жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан грант ұтып алды. Грант қаражатына өнеркәсіптік тігін жабдығы сатып алынды, ол жұмыс орындарының санын кеңейтуге мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 12 әйел жұмысқа орналастырылды....
Толығырақ... Оқылды: 183 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын уақыт емес екенін айтты.

«Қазір «тойың тойға ұлассын» дейтін уақыт емес. Технологиядамыған замандасіз қандай да бір себептермен және мақтаныш істермен айналысуды доғару керек.Осындай қауіпті пандемия кезінде тіпті біздің кейбір азаматтар маған хат жазып, тойды өткізуге мүмкіндік беруімді сұрайды. Біз қиын күрес кезеңінде тұрмыз. Сондықтан еңбек өмір салты мен басты міндетімізге айналуы керек. Біз енді саналы түрде ойлауымыз керек, той туралы ойламауымыз керек. Бұл ақыл, ғылым, білім және еңбек дәуірі», - деді ол. Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздің мақалада көтерген мәселелер өте маңызды тақырыптардың бірі екені сөзсіз. Әсіресе ана тілі туралы ойыңыз. Халқымыз «Ана тілін білмеген ақылы жоқ желікбас» деп бекер айтпаса керек. Ана тілінің қадір-қасиеті кез келген қоғамда өзектілікті жоғалтқан емес. Ұлт болып қалыптасумыздың ең қажет аспектісінің бірі тіл болса, сол тілімізді дамыту, орынды қолдану, атадан балаға қалған аманат ретінде қабылдауды санасына сіңірсек ешқашан...
Толығырақ... Оқылды: 193 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.06.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.