Жаңалықтар

ПРЕСС-АНОНС!

Құрметті әріптестер! 5 маусым күні, сағат 11:00-де «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында «Дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік сатып алу тәртібі» тақырыбында баспасөз - мәслихаты өтеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі дағдарыстық жағдайлар (төтенше жағдай) кезеңінде әрекет етеді және өзге де тәртіпті көздейді. Спикер: Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит басшысының орынбасары-Мұсабек Азамат Мұсабекұлы;
Толығырақ... Оқылды: 304 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020

Алматы облысында 720 карантиндік тәртіп бұзушылық анықталды

Эпидемия басталғаннан бері Алматы облысында да 413 КВИ жағдайы тіркелген. Соңғы аптада аурудың өсімі 4,5% - ды құрап отыр. Карантиндік шаралар босағанға дейін бұл көрсеткіш 2,5% - дан аспағанын еске салған жөн. Облыста карантиннің босаңсуына байланысты санэпид қызмет мамандары әкімдіктермен бірлесіп, сауда нысандарына карантиндік режимдердің сақталуын бақылау бойынша жұмысты күшейтті. Облыс бойынша мониторинг тобымен 3690 нысан тексеріліп, 720 карантиндік тәртіп бұзушылық анықталды. «Қазіргі уақытта біз облыстық Прокуратурамен бірлесе отырып, карантин режимін бақылауды күшейту, және аудандық мониторингтік топтарының жұмыстары тиімділігін тексеру үшін облыстық мониторингтік топ құрдық»,-деді Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов. Егер, карантин режимін бұзу жалғаса берсе, облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік режимді қайта күшейтуге мәжбүр боламын деуде. Аудандар мен қала арасындағы бекеттердің жұмысын...
Толығырақ... Оқылды: 221 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 08.06.2020

Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті

Саясаттанушы, публицист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы ауылды жерлерге 250 дана кітапты тегін таратты. Ауылды аймақтарға берілген «Күміс кітап» кітабы былтыр бестселлерге айналған. «Жастарымыздың мықты оқырманға айналып, жылына жүз кітап оқығанын қалаймын»,- дейді автор. Бақытжан Бұқарбай «Күміс кітап», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», «Prezident» кітаптарының авторы. Баспагер жастар арасында кітап оқуды насихаттаумен белсенді айнлысуда. Былтыр бұл мақсатта 150 кітап орта білім ордаларына тегін таратылған болатын. Бақытжан Бұқарбайдың қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жолындағы осы бастамасы бұдан әрі де жалғасын таппақ.
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

Бақытты болуға жетелейтің кеңестер

Адам баласы әртүрлі болғанмен бәрімізге ортақ бір нәрсе бар: бәріміздің де бақытты болғымыз келеді. Бірақ бақыт туралы түсінік әркімде әрқалай. Ал даналар бақытты болу адамның түсінік-пайымына байланысты дейді. Сөйтіп бақытты болуға жетелейтін мынадай кеңестер қалдырыпты: 1. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – ерік-жігерінің әлсіздігі мен тәуекелсіздік. Адам өзіне сенімді болуы, тәуекел ете білуі керек. 2. Қолға алған істі тоқтатпаңыз. Бүгін бітіруге болатын шаруаны ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды. 3. Кез-келген істі сабырмен, өзіңе деген нық сеніммен істеуге тырысу керек. Жылдам қимылдауды асығыс-үсігіс, атүсті істеу деп түсінуге болмайды. Есіңізде болсын, өз ісіне шынайы берілген, шаруаға салқынқандылықпен қарайтын, әр істі нық сеніммен бастап, шыдамдылықпен аяғына дейін жеткізе алатын адам ғана бақытты бола алады. 4. Бойыңыздан жаманшылыққа орын бермеңіз. Жан мен тән тазалығын сақтаңыз. Өзің ешкімді қорлама, өзіңді ешкімге қорлатпа. Мақтаншақтық пен көпірме көпсөзділік адамн...
Толығырақ... Оқылды: 275 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.06.2020

Соттағы татуластыру

Сіздердің назарларыңызға Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың үндеуін жариялаймын. «Жау мен дау – егіз», - дейді халқымыз. Дауласу кез-келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ, сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез-келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен, мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол аяқталғанша, бір емес, біраз сот отырысы өтеді. Аппеляция, тіпті кассация шешімі де көңілден шықпауы мүмкін. Екіншіден, бұл үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз. Жолға, қонақ үйге шашыласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысып, тартысуға мәжбүрсіз. Отбасы, достар, жұмыс, бизнес – бәрі шетте қалады. Бұл бер жағы. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер де айтып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңырақтан береке қашады. Ал, дос,...
Толығырақ... Оқылды: 218 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Ауданымыз құрылыс қарқыны бойынша облыста алдыңғы қатарларда тұр. Аудан орталығын айтпағанда, барлық ауылдарда жаңа нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. «Жас келсе, іске» деп бекер айтылмаса керек. Жас болса да өте талапшыл басшы, жан-жақты, алдына мақсат қоя білген аудан әкімі Алмас Әділ келгелі ауданда бірталай істің басы қайырылды. Оқтаудай түзу көшелер, жарқыраған шамдар, жайнаған орталық, әсем ғимараттар, көпқабатты үйлер, жақсы істерді тізбелеп жалғастыра берсек қуаныштан басың айналып, кеудеңді қуаныш сезімі билейді. Бір сөзбен айтқанда аудан тамырына қан жүгірді. Биыл да Көксу ауданында жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Аптаның басын аудан әкімі бірнеше ауылдардағы нысандардағы жұмыс қарқынын тексеруден бастады. Аудан әкімі мұқият тексеруін шағын ауыл Айнабұлақтан бастады. Биыл теміржолшылар бекетіндегі «Түрксіб-Сібір» теміржолының алтын қазығы қағылып, түйіскеніне 90 жыл. Мер...
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 05.06.2020

Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы мектептерге 250 дана кітапты тарту етті

Саясаттанушы, публицист, баспагер Бақытжан Бұқарбай Алматы облысындағы ауылды жерлерге 250 дана кітапты тегін таратты. Ауылды аймақтарға берілген «Күміс кітап» кітабы былтыр бестселлерге айналған. «Жастарымыздың мықты оқырманға айналып, жылына жүз кітап оқығанын қалаймын»,- дейді автор. Бақытжан Бұқарбай «Күміс кітап», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», «Prezident» кітаптарының авторы. Баспагер жастар арасында кітап оқуды насихаттаумен белсенді айнлысуда. Былтыр бұл мақсатта 150 кітап орта білім ордаларына тегін таратылған болатын. Бақытжан Бұқарбайдың қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілік жолындағы осы бастамасы бұдан әрі де жалғасын таппақ.
Толығырақ... Оқылды: 205 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

Қыс шанаңды жаз сайла, немесе қаржы мәселесінде тәртіпті қалай ретке келтіруге болады?

Тәртіп барлық жерде, әсіресе қаржы мәселесінде маңызды. Сондықтан қаржылық жоспарлау сияқты құралды елемеуге болмайды. Бюджет жүргізудің артықшылықтары туралы Fingramota.kz үнемі еске салып отырады. Есеп жүргізудің артықшылықтары даусыз нәрсе. Ең бастысы – өзіңнің қаржылық жағдайыңа уақытылы «диагностика» жүргізу. Сіз қанша табыс табасыз, қайда және неге жұмсайсыз, кредитті өтеуге қанша ақша жұмсайсыз, жинайсыз ба, инвестициялайсыз ба және т.б. – осы сұрақтарға берілетін жауаптарды талдау және сіз қазіргі уақытта немен айналысатыныңызды түсіну керек. Шартты түрде адамдарды белгілі бір қаржылық бағдарламамен төрт түрге бөлуге болады: Ақшаны жұмсағаннан гөрі көп табыс табады, ал қалған ақшаны кейінге қалдырады. Тапқан табысынан артық ақша жұмсайды. Қарызбен өмір сүру – бұл дәл осы кісі жайлы. Қаншалықты табыс тапса, оны соншалықты жұмсайды. Айлықтан айлыққа дейін күн көреді. Ақшаны жұмсағаннан гөрі көп табыс табады, ақшаны жинауға тырыса...
Толығырақ... Оқылды: 237 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

20 ЖЫЛ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРУДА Жұмыспен қамту бағдарламасының шапағатын көргендердің қатарында Ескелді жұршылығы да бар.

Биыл дәл осы ауданға қазынадан 3 млрд 22 млн 685 мың теңге бөлінген. Аталған қаражатқа аудан бойынша жоспарланған 59 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы жобалардың ішінде ең ауқымдысы Бақтыбай ауылдық округінде орналасқан мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтуі. Өнер ошағының 20 жылдан кейін екінші тынсы ашылғалы тұр. Сән-салтанаты жарасқан ән мен күйдің ордасына көрерменнің келмегеніне біраз жылдың жүзі болған. «Ал, енді Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 864,6 млн.теңге бөлінген»,- дейді Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асхат Ғалымжанұлы. Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. Алдағы уақытта ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жаңарған мәдениет үйінде көптеген үйірмелер ұйымдастырылмақ.
Толығырақ... Оқылды: 205 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020

Алматы облысының әкімдігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен меморандумға қол қойды

«Білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен ҚазҰУ жаңа білім беру технологиялары институты арасында қол қойылған келісім аясында жүзеге аспақ»,- деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA». Жыл басында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры әл-Фараби Ғалымқайыр Мұтановпен іскерлік кездесу өткізіп, білім беру және қазіргі заманғы ғылыми технологиялардың өзара әрекеттестігі мәселелерін қарастырған. Ал осы күнгі келісім Қазақстандағы белді ЖОО жетекшілігімен қолға алынып отыр. «Бұл келісімшарт екі тараптың да мамандарына алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға, қызметкерлердің біліктілік деңгейін арттыруға, сондай-ақ, адами капиталға үлес қосуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті жаңа білім беру технологиялары институтының директоры Әсел Мусинова. ҚазҰУ келісімде айтылған бағдарламалардың бірі – «Coursera» ауқымды онлайн білім беру платформасы....
Толығырақ... Оқылды: 222 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.