Жаңалықтар
ӘМСҚ денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қиындықтардан қалай қорғайды |
«ӘМСҚ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы барысында ауруханалар мен емханалардың қаржылық көрсеткіштеріне валюта бағамының өзгеруі, іскерлік белсенділіктің құлдырауы, халық пен бизнестің кейбір санаттары үшін медициналық сақтандыру жарна/төлемдері бойынша шегерілулер қарастырылғандықтан және карантин тәртібінде медициналық көмектің кейбір түрлерінің қысқаруы әсер тигізгендігін мәлімдеді. Қор басшысы «Аталған себептердің барлығы Қор қызметіне айтарлықтай салмақ түсірді. Осыған қарамастан, Қор медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және азаматтардың медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады. МӘМС жүйесіне түскен қосымша жүктеме жалпы 134 млрд-тан астам теңгені құрайды», – деп атап өтті. Қор медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, барлық медициналық қызмет жеткізушілерін шартты түрде төрт топқа жіктеді: I - топ &nd... |
Толығырақ... Оқылды: 207 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.06.2020 |
ОҢ ЖОЛҒА БАСТАЙТЫН ЖОБА |
Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру басталды. Жол картасы келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді: елді мекендерді яғни, аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз нысандарды бұзу, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңдарын жайластыру, абаттандыру және тағы сол сияқты көптеген жұмыстар атқарылады. Осы орайда ҚР Премьер-Министрінің 26 наурыздағы 55 өкіміне сәйкес дағдарысқа қарсы шаралар аясында Көксу ауданы бойынша 3037487 мың теңгеге 26 жоба ұсынылды. Атап айтсақ, Жамбыл орта мектебінің стадионын аббаттандыру, Ақтекше ауылындағы Қабанжырау орта мектебінің спорттық алаңының ағымдағы жөндеу, 20 адамға арналған медициналық пункттің құрылысы, Көксу өзеніндегі Көксу платинасын қайта жаңарту, Алғабас ауылындағы дәрігерлік амбулато... |
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2020 |
ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙДЫРАДЫ |
Биыл әлем үшін ауыр жыл болды. Пандемия жарияланып, коронавируспен алысып, жұмыр жер әбігерге түсіп жатыр. Соған қарамастан, халықтың денсаулығын сақтау, әлеуеті мен тұрмыс жағдайын жолға қою мақсатында қыруар жұмыс атқарылуда. Елбасы мен Президентіміз көптеген іс-шараны іске асырып келеді. Күнделікті ақпараттардан көріп отырғанымыздай, халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек, 1 миллиондай адамға азық-түлік пен тұрмыстық заттар таратылған. Коммуналдық төлемдердің тарифтері төмендетіліп, аса мұқтаж адамдарға 15 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілуде. Несие төлеу мерзімі де кейінге шегерілді. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Зейнеткерлердің де зейнетақысы өсті. Оның сыртында атымтай жомарт азаматтар тонналап азық-түлік таратып жатыр. Тіпті, ыңғайы келген жерде баспана мәселесін де шешіп беріп жатқандар бар. Талай адам осындай қиын қыстау кезеңде көмек қолын созып жатқан Елбасына, Президентімізге, ел азаматт... |
Толығырақ... Оқылды: 346 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.06.2020 |
«Н.Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті |
29 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысының әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе ұйымдастырған, «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференцияның негізгі бағыттары: - Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамалары; - Қазақстан және мега аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тәуекелдер; - Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары; - «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр»: жаһандық ынтымақтастық жаңа дәуірінің манифесі; - Қазақстанның бітімгершілік миссиясы. Іс-шараны конференция модераторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов ашты. Сонымен қатар, конференция жұмысына Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше жә... |
Толығырақ... Оқылды: 235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020 |
Халыққа қызмет көрсетудегі жаңа формат – жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ |
Алматы облысында төтенше жағдай режимі жеңілдеп, әлеуметтік және басқа да қызмет көрсету нысандары кезең-кезеңімен ашыла бастады. Солардың қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтары да 14 мамырдан бастап өз жұмысын жалғастырды. Алайда, енді мемлекеттік қызметтер жаңа форматта ұсынылмақ. Бұл жайында, «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша директоры Ермек Құралбекұлы Бекжүнісов сұхбат берді. – Ермек Құралбекұлы, алдымен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа форматтағы жұмысы туралы айтып берсеңіз? Әлемдік пандемия COVID-19 қоғамның барлық салаларына өз әсерін тигізді. Карантин азаматтарға шектеу қойды, бірақ жаңа мүмкіндіктер берді. Елдегі вирустың таралу қауіпі әлі де сақталуына байланысты қоғамдық және жеке ұйымдар жұмыс тәсілдерін өзгертті. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі де жаңа форматқа көшті. Жаңа формат азаматтардың кезекке тұрып, шоғырла... |
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі |
Құрметті отандастар! ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты к... |
Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020 |
Алматы облысында ҰБТ сынағын тапсыру шарттары белгіленді |
Биылғы оқу жылы аяқталды. Ал, түлектер үшін енді алда көптен күткен кезең аттестат алу салтанаты қалды. Елдегі пандемия жағдайына байланысты дәстүрлі шара биыл өзгеше өткізілмек. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» алаңында Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева баяндап берді. "3-4 Маусымда түлектерге аттестат салтанатты түрде табысталады. Аталмыш шара аясында соңғы қоңырау соғылады. Бұл әр мектеп аумағында, ашық алаңда санитарлық нормалар сақтала отырып жүзеге асатын болады. Түлектер мектеп формасында, бетперде киіп, арақашықтықты сақтай отырып осы салтанатты өткереді және шара ұзақтығы 20 минуттан аспайды. Ата-аналардан басқа бөгде адамдарға қатысуға рұқсат етілмейді", – деді Сәуле Нұрханқызы. Сондай-ақ, алдағы тесттілеу сынағында да қауіпсіздік шаралары жіті бақылауда. ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында өтеді. Биыл Жетісулық 15 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, соның 11 мыңнан астамы ұлттық бірың... |
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.06.2020 |
Алматы облысында медұйымдарды қолдауға бағытталған ӘМСҚ-ның дағдарысқа қарсы шаралары қаралды |
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында (ӘМСҚ) Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Іс-шараның өтуіне себепкер болған белгілі қазақстандық журналистер мен блогерлер – Қоғамдық кеңес мүшелері болды. Отырыс барысында Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов қазіргі таңда халықты толғандыратын келесідей сұрақтарға жауап берді: ӘМСҚ қаражатының жұмсалуы; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлерінің үстеме ақысы; КВИ-ға ПТР-тестілеуден сақтандырылған адамдардың өту мүмкіндігі жайлы тақырыптар қозғалды. «Біз халықты ақпараттандыру және пациенттерден кері байланыс алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізудеміз. Осы мақсатта Қорымызда сапалы медициналық қызмет көрсетуді дамыту үшін, өзекті мәселелерді талқылауға арналған Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамында жұмысты әділ бағалайтын түрлі салалардың тәуелсіз сарапшылары бар. Бүгінгі отырыс осыны растайды», – деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов. Сонымен қатар, отырыста коронавирус індеті жағдайында... |
Толығырақ... Оқылды: 221 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2020 |
Салафилікті ұстанушылардың мемлекет,мәдениет және салт – дәстүрге қатысты ұстанымдары |
Салафилер зайырлы немесе кез – келген исламдық емес заңдар аясында өмір сүріп жатқан қоғамнан оқшаулануға үндейді. Яғни, ислам шариғатына қайшы келмесе де шариғат үкімдерін қайтарушы деп зайырлы мемлекет пен оның заңдарын жоққа шығарады. Осылайша, олар қоғамның этно – мәдени және конфессиялық үйлесімін бұза отырып, өздерін ғана шынайы ислам дінінің ұстанушылары деп жариялайды. Сол арқылы зайырлы үкіметке қарсы шығуға, мемлекетті құлатуға бағытталған көзқарастарды қалыптастырады. Салафилердің басты идеологы Мұхаммед ибн Абд әл – Уаһһаб исламға жатпайтын кез – келген заңдар мен құқықтық жүйелерге жүгінуді күпірлік деп, ондай заңдар арқылы үкім ететіндерді «кәпір» деп санаған. Салафилердің түсінігінше шариғат заңдарымен үкім шығармайтын басшылар да, олар басқарып отырған ел де кәпір болып саналады. Мұндай мемлекетті «тағұт» мемлекеті деп атап, оған қарсы жиһад (қарулы соғыс) жариялайды. «Тағут» туралы түсінік уаһабшылдық &ndash... |
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2020 |
Ақсу қант зауытында жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр |
Ақсу қант зауытында жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың барысын Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров көріп қайтты, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» zhetysu.gov.kz -ке сілтеме жасап. Зауыттағы қалпына келтіру жұмыстары 18 мамырдан басталды. Қазіргі кезде цехтар тазаланып, тозған бөлшектер жаңасына ауыстырылуда. Бұған дейін «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ арқылы жалпы саны 288 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтар сатып алынып, «Ақсу Қант» ЖШС-ға лизингіге берілген болатын. Серіктестікке кадр тарту мақсатында «Ақсу Қант» ЖШС мен жергілікті политехникалық колледж арасында 50 қажетті арнайы маман дайындау туралы келісімшарт жасалған. С.Бескемпіровтің айтуынша, қазір кәсіпорында 120 адам жұмыс істейді, жазғы маусымда тағы 100 адам еңбекке тартылады, ал іске қосылғанда зауытқа 600-дей адам еңбек етеді: «Көріп тұрғанымыздай, жалпы жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатыр. Биылғы... |
Толығырақ... Оқылды: 223 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2020 |