Жаңалықтар
Алматы облысында кесел жұқтырған науқас анықталды |
Соңғы деректерге сәйкес елімізде індетке шалдыққандар саны 53 –ке жетті. Нұр- Сұлтан қаласында 28, Алматы шаһарында 22, Қарағанды қаласында 2 адам тіркелген. Ал, кешегі күні түскі он екілер шамасында Алматы облысынан 1 азамат инфекцияның қақпанына түскені анықталып отыр. Науқас Қарасай ауданының тұрғыны. Ол 18 ақпан мен 17 наурыз аралығында Меккеде, Сауд Арабиясында болған . Азамат Стамбул арқылы Бішкекке тұрақтап, кейін жеңіл көлікпен оңтүстік Астанаға қайтқан. Алматы облысының тумасы 20 наурызыда сағат 10.45-те дене қызуының көтерілуі, суық тию белгілерімен Қырғауыл кентіндегі дәрігерлік амбулаторияға шағымын айтып келген. Негізгі жұмыс жасау тәртібіне сәйкес, сағат 11.30- да арнайы сыртқы киім киген жедел жәрдем тобы науқасты Қарасай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің боксына жеткізген. Қазіргі таңда клиникалық-диагностикалық қажетті зерттеулер жүргізіліп, симптоматикалық емдеу шаралары басталған. Арызын айтқан тұлғадан вирусологиялық талдаумен , бастап... |
Толығырақ... Оқылды: 256 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.03.2020 |
Отырыс өтті |
Отырыста аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, партия филиалының жанындағы жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Ғалым Байжұманов және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дәлелхан Жәніш , аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Айгүл Шаяхметова , аудандық филиал қызметкерлері және жастар қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Таңшолпан Түліпбаева хабарлама жасап, мәселенің жағдайын айтты. Ол өз сөзінде «Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.Өткен жылы кешенді жоспарға сәйкес 1850 адамды бағдарламаға қатыстыру жоспарланған болатын. 3061 адам қамтылды ,оның 947–сі ж... |
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.03.2020 |
БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ІСТЕР |
Қазіргі таңда аудан халқының мәдени және рухани өмірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алар орны ерекше. Жыл өткен сайын жақсарып, өзінің өміршең бағдарлама екенін дәлелдеп келеді. Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 13 жоба, атап айтқанда:«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша – 10; «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 1; «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 2 жоба ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауды жоспарға сәйкес (48 шара) және жоспардан тыс (16 шара) барлық жерде (орта және арнаулы білім беру мекемелері, балабақша, кітапхана, мұражай, мәдениет үйлері және т.б) 2019 жылдың 5 айы бойынша барлық кіші бағдарламаларды қоса есептегенде 5 мыңға жуық адамның қатысуымен 64 әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Үстіміздегі жылы да ауданымыздағы жарқын істердің басында білім саласы басқаларға үлгі өнеге көрсетіп келеді.Осындай келелі істердің бірі Б.Құндақбаева аты... |
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2020 |
Жұмыс берушілер ТЖ кезінде еңбек ақыны қалай өтейді? |
Қазақстан Республикасының Пезидентінің жолдауымен 16 наурыздан бастап эпидемияға байланысты 1 ай төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған байланысты жұмыскерлердің режимі және де жалақы мөлшері өзгеруі ықтимал.Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Жұмыс берушілер өз жұмыскерлері алдында әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, еңбек заңнамасы талаптарын сақтауға шақырады. Жұмыс берушілер жұмыскерлерді қашықтықтан жұмыс істеу процесіне көшіруге құқылы. Бұл жағдай да еңбек қатынасы еңбек кодексінің 138 бабымен реттеледі.Қашықтықта жұмыс істеу режиміне көшкен уақытта жұмыс беруші жұмыскерлерге барлық қажетті жағдай жасауға міндетті.Осыған орай жұмыскерлердің айлық жалақылары өзгертілмеу керек. Төтенше жағдайға байланысты кәсіпорындар мен мекемелерде шатат көлемі шектелген жағдайда жұмыс берушілер өзінің АКК пен яғни өзінің бұйрығыменен жұмыскерлерге қысқартылған жұмыс уақытының режимін қолдануға құқылы.Толық емес жұмыс... |
Толығырақ... Оқылды: 222 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2020 |
Коронавирус инфекциясы: Қытайдан келген жолаушылар жіті тексерілуде |
Қытайда тіркелген коронавирус инфекциясына байланысты Қазақстанның шекаралық және кедендік қызметі бақылауды күшейтті, деп хабарлайды «Jetisy Media» ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бас санитар дәрігердің тапсырмасымен жолаушыларға арнайы жадынамалар таратылып, аурудың алдын алу шаралары жүргізілуде. Әлемде бұрын-соңды болмаған бұл дерттің белгілері қандай? А типті пневмония ауруы Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың соңында тіркелген. Ал біздің елдегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің сөзінше, бұрын-соңды болмаған вирустың белгілері қарапайым тұмауға ұқсайды. «Бұл ауру бұрын адамдарда тіркелмеген коронавирус. Бұны бөліп алып, лабораторияларда зерттеп жатыр. Бұл аурудың клиникалық көрінісі жалпы респираторлық синдром ауруларымен бірдей. Жеңіл ғана түшкіру жөтелуден басталады. Әрмен қарай дене қызуының көтерілуі, ауыр демалу, пневмония өте ауыр жағдайларда өлімге әкеледі», - дейді ҚР ҚДСО жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры... |
Толығырақ... Оқылды: 292 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2020 |
Коронавирусқа қарсы іс-шаралар қабылданды |
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Қытайда коронавирус індетінің таралуына байланысты дер кезінде алдын алу шараларын қабылдады. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі: №103/104 «Үрімші – Алматы-2» және №13-54/14-53 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Үрімші» жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды «Jetisy Media» Егемен Қазақстан газетінің сайтына сілтеме жасап. Ел аумағы бойынша вирустың таралуына жол бермеу мақсатында Достық және Алтынкөл стансаларына келген пойыз жолаушылары мен бригадалары қызметкерлерін қазақстандық санитарлық қызметі тексерістен өткізеді. Олар тепловизор арқылы жол жүрушілердің жағдайын тексереді және қалін сұрап-біледі. Содан кейін жолаушылар мен пойыз бригадасы қызметкерлеріне шекаралық және кедендік тексерістер жүргізіледі. Ұлттық тасымалдаушы жолсеріктермен тұрақты негізде нұсқаулықтар өткізіліп, ауырып қалған жолаушыны анықтау кезінде пойыз бастығының іс-әрекетін рег-ламенттейтін, жолаушыл... |
Толығырақ... Оқылды: 214 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2020 |
Алматы облысында 139 адам оқшауланды |
Алматы облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бірақ өңір аталған індеттің таралуы ықтимал қауіпті аумаққа жатады. Себебі, бір жағында Қытай Халық Республикасымен екінші жақта алып шаһар Алматы қаласымен шектесіп жатыр. Елге шет мемлекеттен әуе көлігі және отарбалармен келген азаматтар бар. Олардың басым бөлігі кесел тараған мекеннен оралғандар. Жеке тұлғалардың қатарында індеттің ілмегіне іліккендер кездеседі. Коронавирус пандемиясын жұқтырған адамдармен араласқан жандардың аты-жөнінің тізімі басшылық қолына түссе кез келген жерде оларды тауып алып, карантинге жабады. Бүгінгі күні 139 адам оқшауланды. Олардың 123 стационарлық карантинде, 16-сы медицина қызметкерлерінің бақылауымен үйде жатыр. Егерде, үйде 5 жасқа дейінгі бөбектер болса, 65 жастан асқан қариялар мен аяғы ауыр әйелдер болған жағдай да ол адамды медициналық ұйымға жатқызады. Карантиндік жағдай да тәртіпті бұзса, алғашқы да ескертпе беріледі, екінші рет қайталанса 10 АЕК айыппұл салынады. Үшінші мәрте тәртіп... |
Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2020 |
Облыста жұмыссыздықпен күрес қарқынды |
Елдегі соңғы жаңалықтарға байланысты 16 наурыздан бастап карантин қабылданған болатын. Алайда, мемлекеттік органдарда жаппай жұмыстан босату орын алып жатқан жоқ. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз -мәслихатында белгілі болды. Алматы облысында жыл басынан 103 азаматты жұмыстан қысқартқан. Бүгінгі таңда 103 адамның 23 і тұрақты жұмысқа орналасқан, қалған 71 адам жұмыссыздар қатарына қосылып, құзырлы мекемеде тіркелген. Бірақ та қызметтен қол үзген жандарға арнайы жәрдемақы тағайындалған. Қысқартуға ұшыраған адамдарға барынша көмек көрсетілуде. Жұмыссыздардың санын арттырмау үшін Алматы облысында жұмыс орындары біртіндеп ашылуда. Ағымдағы жылы жұмыссыз жүрген адамдарға 46 000 тұрақты және уақытша жұмыспен қамту қарастырылуда. «Жұмыссыздардың санын кемітуге бағытталған шараларды іске асыруда әлеуметтік серіктестік жөніндегі аймақтық комиссия, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің қолға алған іс- шара маңызды рөл атқарады. Осы комиссиялрд... |
Толығырақ... Оқылды: 230 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.03.2020 |
"Демеу " психологиялық орталығы сын сағатта сынбауға шақырады |
Талдықорган қаласында халықтың психологиялық денсаулығын жақсартуға арналған "Демеу " психологиялық түзету дамыту орталығы ашылған. Орталықта өз өміріне бейжәй қарамайтын әрбір жеке тұлға үшін психологиялық денсаулықты нығайту бойынша консультациялық және психотерапиялық көмек көрсетіледі. Онда жеке және топтық консультация, ата-аналарға консультация, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, тренингтер, семинарлар өткізіледі. Еріктілер жылына орай ауылды жерде тұратын көп балалы аналарға мамыр айында еліміздегі карантин аяқталғанда тегін консультация және диагностика жүргізетін боламыз,-деп атап өтті «Демеу » орталығының басшысы Мөлдір Болатқызы. Бүгінде жеке бастың мәселесіне қатысты психологтардың көмегіне жүгінетіндер жетерлік. Десе де, жаһанды жаулаған індет көпшіліктің көңіл – күйіне әсер етпей қоймайды. Осы орайда кәсіби мамандардың кеңесі керек. Елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтарға байланысты психологиялық тұрғыдан айта к... |
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020 |
Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқартуға кеңес берілді |
Нұр-Сұлтанда жұмыс аптасын қысқарту ұсынылды. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік инспекторы Ерлан Ысмағұлов айтты, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі. "Коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында әкімдіктегілер барлық жұмыс берушіге қызметкерлерін үй жағдайында жұмыс істеу тәртібіне көшіруге кеңес береді. Ал қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмайтын жағдайда жұмыс күнін қысқартып немесе жұмыс аптасын қысқартуға кеңес беріледі", - деді Ысмағұлов онлайн-брифингте. Оның айтуынша, бұл жағдайда жалақы атқарылған жұмыс уақытына байланысты төленеді. |
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.03.2020 |