Жаңалықтар

Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 млн. басқа жетті

Жетісуда төрт түліктің саны 2,5 млн. басқа жетті. Сол сияқты ет пен сүт өндірісі артты. Бұл туралы бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен өткен брифинг барысында белгілі болды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшының айтуынша, 2024-2026 жылдары жалпы құны 33,2 млрд. теңге болатын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, соның 13-і осы жылы іске қосылды. Атап айтқанда, олар – 4 тауарлы сүт фермасы, 1 бордақылау алаңы, 1 сүт цехы, 7 суару жобасы. - Облыста жаңа суармалы жерлерді көбейту үшін ирригациялық желілерді қайта жаңарту мақсатында биыл 35,6 млрд. теңгеге су шаруашылығының 11 объектісінің құрылысы жүргізілуде, оның 4-уі аяқталды, қалған объектілер 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде 5,3 мың гектар суармалы жер қосылып, 37,1 мың га жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады, - деді баяндамасында Бейбіт Исабаев.
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылды

Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 9 өндіріс кеңейтілді. Соның нәтижесінде бір мыңнан астам адам жаңа жұмыспен қамтылды. Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс басшысының мәліметінше, күнбағыс майын өңдейтін, кейінгі кезде тоқтап тұрған «Агрокомплекс Жетісу Мажико» зауыты жұмысын қайта бастады, оның жылдық қуаты - 500 тонна. Талдықорғанда өнеркәсіп аккумуляторларын өндіретін «Asma Industrial» заманауи зауыты іске қосылды. Сол сияқты тау-кен секторын дамыту аясында құны 1,3 трлн. теңге болатын, 2 мыңнан астам жұмыс орнын құратын, қуаттылығы жылына 860 мың тонналық мыс концентратын құрайтын металлургия комбинатын салу бойынша ірі жобаны іске асыру басталды. - Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілгендей, біз еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдауымыз қаже...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Қорғас желісі мен «Достық» станциясы – Жетісудың экономикалық өсу нүктелері

Бүгінгі күнге дейін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында және «Қорғас» ШЫХО-да құны 63,3 млрд. теңге болатын, екі мың жұмыс орны бар 27 жоба іске асырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Облыстағы экономикалық өсу, әрі инвестиция тарту нүктелері - Қорғас желісі мен «Достық» станциясы. Қытаймен шекаралас бұл аймақтардың көлік-логистикалық әлеуеті зор. Осы орайда инвестиция тарту, жүк легі мен транзитті ұлғайту, өткізу пункттерін жаңғырту бағытында тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді, - деді Б. Исабаев. 2027 жылдың соңына дейін 1,1 трлн-ға 79 жобаны іске асыру жоспарлануда, оларда 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, соның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да жүк және жолаушылар әуежайын салу бойынша Қазақстан-Германия бірлескен жобасы іске асырылуда. Өңір басшысының айтуынша, «Достық&...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісуға биыл 2 миллионнан астам турист келді

Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған белсенді жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал еткен. Соның нәтижесінде биыл өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Өздеріңізге белгілі, жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы қайта жаңартылып, «Тальго» жүрдек пойызы іске қосылды. Жыл сайын туристер санының артуына байланысты Үшарал әуежайының өткізу қабілетін сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін ұлғайту үшін қосымша терминал салудың жобалық-сметалық...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Биыл Жетісуда 2708 пәтер салынды және сатып алынды

Жетісу облысында биыл тұрғын үй құрылысына 7,6 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаржы 56 көп қабатты мен 214 жеке тұрғын үй салуға бағытталды. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 866 пәтер сатып алынды, оған 15,9 млрд. теңге көзделген. Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы апатты тұрғын үй мәселелерін шешуге ерекше назар аударылатынын атап өтті. Оның айтуынша, 2023 жылдың басында облыста 348 пәтер апатты деп танылып, өткен жылы 1,3 млрд. теңгеге 137 пәтер сатып алынған. Ал биыл жергілікті бюджеттен бөлінген 2,4 млрд. теңгеге 155 жаңа пәтер, атап айтқанда, Кербұлақ ауданында, Текелі және Талдықорған қалаларында сатып алынды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ демеушілерінің есебінен 560 пәтерлік 9 үй салынуда. - Жалпы биыл 2 708 пәтер салынды және сатып алынды, оның 1113 пәтерлік 129 үйі бюджет есебінен, 469 пәте...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісу облысында газдандыру деңгейі биыл 56,5%-ға жетті

В области Жетісу из 192 населенных пунктов, подлежащих газификации, в настоящее время газифицировано 63, в том числе из них с начала года доступ к газу получили 30 населенных пунктов. Благодаря чему уровень газификации достиг 56,5%, доступ к голубому топливу получили 394,9 тыс. жителей. Об этом стало известно в ходе брифинга акима области Бейбита Исабаева, состоявшегося сегодня на площадке СЦК при Президенте РК, -сообщает пресс-служба акима области Жетісу. По словам главы региона, в следующем году продолжится строительство 21 объекта и начнется строительство еще 42. Так, к концу 2025 года газифицируются все 126 населенных пунктов от Кербулакского района до Талдыкоргана. В результате доступ к газу получат свыше 500 тыс. жителей или 71,4% всего населения. Как было отмечено, 19 августа было начато строительство магистрального газопровода «Талдыкорган-Ушарал». Ожидается, что проект будет завершен в следующем году. Параллельно начата разработка проекта газораспределительны...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті

Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бейбіт Исабаев өз баяндамасында әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартудың жай-күйіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 2023 жылы басталған 1800 орынды 2 мектептің біреуі биыл қолданысқа берілсе, екіншісінің құрылысы келесі жылы да жалғасады. Жалпы 2025 жылы 7 мектеп салу жоспарланған. Соның нәтижесінде жөндеуге жататын 95 мектептің 38-і немесе 40%-ы жаңартылады. Ал денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылда 98 нысан пайдалануға берілсе, соның 31-і жаңадан салынған,61...
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісу облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,3 % жетті

Биыл Жетісу облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 91,3% жетті, бұл халық санына шаққанда – 99,7 %. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Биыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне Алакөл ауданындағы Тоқжайлау, Бибақан ауылдары қосылды, 298 км желі жөнделіп, облыстың 17 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарды, - деді облыс басшысы. Жалпы 2023-2024 жылдары 125,3 км сумен жабдықтау желілері салынып, 306,8 км желілер қайта жаңғыртылды. Атап өтсек, 2025 жылға 13 жобаны іске асыру үшін 4,3 млрд. теңге бөлінді. 2025 жылдың қорытындысында орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 92,5% жетеді немесе 331 елді мекен қамтылады.
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде

Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Облыс бойынша 542 мыңнан астам ірі қара мал, 1,8 миллион қой-ешкі, 204 мың жылқы және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары тіркеліп, бірыңғай компьютерлік дерекқорға енгізілген. 2023 жылы аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары 100% орындалды, оның ішінде сібір жарасы, аусыл, құтыру және басқа да ауруларға қарсы екпелер жүргізілді. Ветеринариялық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өңірде заманауи технологиялар белсенді енгізілуде. 2023 жылдың басында Қазақстанда «Tort-Tulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша арқылы мал иелері өз малын тіркеп, ветеринариялық паспорт рәсімдей алады, сондай-ақ жануарларға қатысты деректерді жаңарта алады. Қазіргі уақытт...
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024

Жетісу облысында адам папиломма вирусына қарсы екпе жалғасуда

Жатыр мойны обырынан әйел адамдардың қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейгеніне байланысты биыл адам папиломма вирусына қарсы екпе ұлттық күнтізбеге енгізілді. Қыркүйек айынан басталған вакцинация әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова және онкогинеколог дәрігер Қуаныш Ергембеков айтып берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жатыр мойны обырларының 95%-ы АПВ-дан туындайды. Бұл аурудың алдын алудың тиімді әдісі - вакцинация. Вирусқа қарсы «Гардасил» вакцинасы 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Ол Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса есептегенде 135 елдің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. Бүгінде Жетісу облысына вакцинаның 12 мың дозасы әкелінген. Ол қыз балаларға екі кезең арқылы салынады. Қазіргі уақытта екпемен 3880 қыз бала қамтылды. Вакцинациядан кейін жағымс...
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.