Жаңалықтар
Жетісу облысында бұрын орталық су жүйесі болмаған ауылға ауыз су құбыры тартылуда |
| Жетісу облысында орталық ауыз су жүйесі жоқ ауылдарға су құбырын тарту жұмыстары жалғасуда. Соның бірі – Алакөл ауданындағы Лепсі ауылы. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды су құдықтардан тасып немесе өз аулаларында ұңғыма қазу арқылы пайдаланып келген. Енді көп жылдан бері қордаланған бұл мәселе өз шешімін табуға таяу. Қазіргі таңда ауылда орталық су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, Лепсі ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және жаңадан салу жобасы 2025 жылдан жүзеге асырылуда. Жоба аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Мердігер ұйым директорының орынбасары Дәурен Жүнісовтің айтуынша, жобаға 50-ге жуық маман, 8 арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталды. Жоба бойынша қарастырылған 708 су құбыры құдығының 628-і орна... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.07.2026 |
Көксу ауданында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде |
| 17–19 шілде аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында Көксу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың жолын кесу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді тексеріп, есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылау жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жеке және мүліктік қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық жадынамалар таратылуда. Көксу ауданы полиция бөлімі азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға, сақтық шараларын күшейтуге және күдікті жағдайлар немесе құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда 102 арнасына дереу хабарлауға шақырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полиция мен тұрғындардың бірлескен жауапкершілігі. Көкск аудан... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.07.2026 |
Жетісу IT-әлеуетін күшейтуде: жаңа мектептер, ЖИ және аудандардағы оқу |
| Жыл басынан бері «Jetisu Digital» 1 380-нен астам қатысушының басын қосқан 57 іс-шара өткізді. Олардың жартысынан астамы жасанды интеллект пен оны практикада қолдану мәселелеріне арналды. «Digital Keruen» жобасы облыстың барлық 10 ауданы мен екі қаласын қамтыды: сарапшылар өңірлерге арнайы барып, жергілікті тұрғындарды заманауи цифрлық дағдыларға баулыды. Хаб IT-білім беру бағытындағы жұмысын жалғастыруда. Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебінде кезекті оқу легі аяқталды. Сонымен қатар, «Жетісу жастары» орталығының базасында Tomorrow School мектебін іске қосуға толық дайындық жүргізілді - 50 заманауи жұмыс орны құрылды. Мектептің ашылуы 2026 жылғы шілдеге жоспарланған. «Jetisu Digital» алдағы уақытта «Tomorrow School» мектебін ашуды, бағдарламалау, веб-дизайн және генеративті ЖИ бойынша тегін курстарды кеңейтуді, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беруді дамытуды, сондай-ақ аудандарда жаңа көшпелі интен... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.07.2026 |
Жетісуда тұрғындарға көмірді жаз мезгілінде сатып алу ұсынылуда |
| Жетісу облысының көмір қоймаларына қатты отын тиісті көлемде тұрақты жеткізілуде. Қазір өңірге тәулігіне орта есеппен 9 вагон көмір әкелінеді. Жалпы биылғы жылыту маусымына облыста халықтың көмірге деген қажеттілігі 375 мың тоннаны құрайды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде 46 көмір тұйығы мен қойма болса, оларда қазіргі кезде 32 мың тонна бар көмір бар. - Мамыр айынан бастап темір жол қатынастарымен 24 мың тонна көмір жеткізілді, Күніне ора есеппен 9 вагон «Шұбаркөл», «Қаражыра» көмірі әкелінеді, көмір жетіспеушілігі жоқ. Күз-қыс айларында сұраныс күрт өсетіндіктен, көмірге кезек, тасымалдау кідірістері, тапшылық сияқты қиындықтарды болдырмау мақсатында қолайлы ауа райында көмір сатып алу керектігін халықтың есіне саламыз, - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Әділет Хасенов. Атап өтсек, 2026–2027 жы... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.07.2026 |
«Алакөл толқыны» фестивалі өтеді |
| Жетісу облысының көрікті мекендерінің бірі – ғажайып табиғатымен танымал Алакөл көлінің жағалауында жазғы маусымның ең ауқымды мәдениойын-сауық шараларының бірі – «Алакөл толқыны» фестивалі өтеді. Фестивальдің басты мақсаты – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кеңінен таныту, Алакөлдің қайталанбас табиғи сұлулығын насихаттау, ішкі туризмді дамыту және тұрғындар мен қонақтарға жоғары деңгейдегі демалыс мәдениетін ұсыну. Көгілдір көл жағасында ұйымдастырылатын мерекелік шара музыка, өнер, заманауи ойын-сауық бағдарламалары мен көтеріңкі көңіл-күйді біріктіретін ерекше форматта өтеді. Табиғаттың әсем көрінісі мен мерекелік атмосфера үйлесім тауып, қонақтарға ұмытылмас әсер сыйлайды. Фестиваль қонақтарын мазмұнды әрі әсерлі бағдарлама күтеді: Интерактивті ойын-сауық бағдарламасы – танымал жүргізушілердің қатысуымен флешмобтар, қызықты ойындар, түрлі байқаулар және көрермендермен белсенді байланыс; Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін гал... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2026 |
ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ӘНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ШӘМШІ ӘНДЕРІ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ |
| 2026 жылғы 18 шілде күні сағат 19:00-де Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән әлемінің дара тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтеді. Фестивальдің басты мақсаты – композитордың мол музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және көрермен қауымға Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік құндылығын паш ету. Фестиваль аясында еліміздің танымал эстрада жұлдыздары мен жас орындаушылар қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, Мөлдір Әуелбекова, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, «Melomen» тобы, Алтынай Жорабаева, «Сарын» тобы, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эль... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.07.2026 |
Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді |
| Алакөлдің көркі мен тазалығын сақтау мақсатында полиция қызметкерлері арнайы дрон арқылы әуеден рейд жүргізді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шара қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Алакөл жағалауында Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы заманауи ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы тың бақылау жүргізді. Әуеден жүргізілген мониторинг жағалау бойындағы жағдайды нақты уақыт режимінде қадағалауға мүмкіндік берді. Дронның көмегімен қоршаған ортаны ластау фактілері дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Мұндай цифрлық тәсіл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кең-байтақ табиғи аумақтарды тиімді бақылауға өте ыңғайлы. Дрон арқылы алынған деректер тәртіп сақшыларына жағажайдың шалғай бөліктерін де назардан тыс қалдырмауға жағдай жасап отыр. Бұл ретте полиция қызметкерлері заң бұзғандарға айыппұл салуды ғана емес, ең алдымен ха... |
| Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 14.07.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: республикалық жолдар 100% жөнделді, 38 елді мекенде және облыстық маңызы 150 км жолда жөндеу жүргізілуде |
| Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 100% жөндеуден өтті. Сонымен қатар қазіргі уақытта облыстық маңызы бар 150 шақырым жолға және облыстың 38 елді мекеніндегі 230 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 30 шақырымды құрайтын «Жансүгіров – Ақсу» облыстық маңызы бар автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған жол учаскесіне соңғы 30 жыл бойы күрделі жөндеу, құрылыс немесе қайта жаңғырту жұмыстары мүлде жүргізілмеген. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл жолдағы орташа жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталған. Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. – Ең алдымен су бұру мәселесі шешілді. Жоспарланған 13 су өткізу құбырының барлығы бүгінгі күнге дейін толық орнатылып, пайдалануға дайын. Қазіргі уақытта жолғ... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.07.2026 |
Жетісуда 43 инвестициялық жоба іске асырылуда |
| Жетісу облысында 2026 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,7%-ды құрады. Экономикалық өсімде негізгі үлес өнеркәсіп, көлік және қоймалау, байланыс қызметтері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, бұл динамика 2025 жылы аяқталған республикалық ірі инфрақұрылымдық жобалардың, яғни «Достық-Мойынты» теміржолының, «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры мен Достық өткізу пунктінің құрылысы, сондай-ақ «Талдықорған-Үшарал» және «Сарыөзек-Қорғас» жолдарын жөндеу жұмыстарының аяқталуы әсерінен, яғни жоғары базаның арқасында қалыптасты. Нақтыланған жоспарға сәйкес жыл соңына дейін бұл индикаторларды орындауға толық мүмкіндік бар. Бүгінде облыста жалпы сомасы 129 млрд теңгеге 43 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың ішінде ірілерін атап өтсек, Ақсу, К... |
| Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.07.2026 |
Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғыртуға 27 миллиард теңге бөлінді |
| Биыл аймақтағы республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғырту мен қауіпсіздігін арттыруға жалпы саны 27 миллиард теңге қаржы бағытталды. Қазіргі таңда 1050,2 шақырым жолдың 193 шақырымы тікелей жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Басты жобалар мен өзгерістер: Сарыөзек станциясының айналма жолы: Ұзындығы 7 шақырымдық күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, биыл толық пайдалануға беріледі. «Алматы – Өскемен» автожолы: Ауқымды күрделі жөндеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда жолдың төменгі қабаты салынып, екі қабат асфальт төселді. Нысан басында жеке асфальт зауыты жұмыс істеп тұр. Жүргізушілер назарына: Құрылыс кезінде қозғалыс қауіпсіздігі үшін «Алматы – Талдықорған» бағытында реверстік қозғалыс ұйымдастырылса, кері бағыт ескі Мұқыры жолы арқылы жүзеге асырылуда. Орташа жөндеу: «Талдықорған айналма жолы» мен «Қонаев - Талдықорған» бағыттарында жол төсемі жаңартылып, жарықтандыру тіректері орнатылуда. |
| Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.07.2026 |
