Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай – ел бірлігі мен дамуының маңызды алаңы

Ұлттық құрылтай – мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтатын маңызды қоғамдық институт. Құрылтайда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім, мәдениет, жастар саясаты, заң үстемдігі, ұлттық құндылықтарды сақтау және өңірлердің өркендеуі сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырыстарында қоғамның пікірін тыңдап, халықтың ұсыныстарына негізделген нақты бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын үнемі атап келеді. Бұл – еліміздің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Құрылтай аясында көтерілген бастамалар азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлттық бірлікті нығайтуға және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік құндылықтарды сіңіруге бағытталған. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраны сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, білім мен ғылымды дамыту мәселелері де ерекше назарда. Бүгінде Ұлттық құрылтай – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың үн...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.07.2026

Жетісудағы шекаралық аймақта өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасымен өңірдегі сегізінші өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Бұл бастама азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін едәуір арттыруға бағытталған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен аудандық бюджет қаражаты есебінен салынған жаңа өртке қарсы қызмет нысаны Панфилов ауданының Айдарлы ауылында пайдалануға берілді. Өрт сөндіру бекеті Айдарлы, Дарбазақұм және Сарпылдақ ауылдарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аталған үш елді мекенде шамамен 2500 адам тұрады. «Өрт сөндіру бекетінің ғимаратында қажетті қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар қарастырылған. Яғни диспетчерлік бөлме, жеке құрамның демалу және тұру бөлмелері, сондай-ақ өрт сөндіру техникасына арналған бокс бар. Бөлімше штаттық қызметкерлермен толық қамтылған, арнайы киім-кешекпен, заманауи байланыс құралдарымен және қажетті техникамен жабдықталған....
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.07.2026

Жетісуда апатты үйлер мәселесін шешу жалғасуда

Жетісу облысында апатты тұрғын үйлер мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. 2022–2024 жылдар аралығында Талдықорған қаласында 119 пәтері бар 18 апатты тұрғын үй анықталды. Бүгінге дейін сол үйлердің тұрғындарына 118 пәтер берілді. Солардың қатарында бүгін жаңа баспананың кілтін алған 17 отбасы да бар, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа баспанаға ие болған отбасылар «Береке» коттедж қалашығынан, сондай-ақ «Жастар-1/1» және «Жастар-3» шағын аудандарынан жаңа баспанаға ие болды. Қоныс тойымен тұрғындарды Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл құттықтады. Қала әкімі өз сөзінде тұрғындарды жайлы әрі қауіпсіз баспанамен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін және бұл мәселе облыс басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Қоныс иелерінің қатарында 81 жастағы Жанатай Сүгірбаева да бар. Ол 20 жылдан астам уақыт апатты үйде тұрған. Жаңа пәтердің кілтін алған...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.07.2026

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға дайындалуда

Астана, 2026 жылғы 21 шілде - 2026 жылдың 29 шілдесі мен 9 тамызы аралығында Астана бірегей клубтық форматта «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық мультиспорттық турнирін қабылдайды: әлемнің үздік киберспортшылары халықаралық клубтарға бірігіп, алдымен виртуалды ареналарда, ал содан кейін, нақты паркетте, татами мен футбол алаңында бақ сынайды. Турнир қатысушыларының қатарында әлемдік спорт пен киберспорттың аңызына айналған командалар бар: Team Spirit, T1, Team Falcons, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu, NOVAQ. Турнирде Қазақстанның атынан 8 бағыт бойынша 11 команда өнер көрсетеді: • Phygital Football UFL Presented by Samruk-Kazyna - ACF x Allur, UEL Team; • Phygital Basketball Presented by Halyk Fund - GTB KZ, PBC Astana; • Phygital Fighting Presented by Kazzinc - Future Nomads; • MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM - Rune Eaters; • MOBA PC Dota 2 Presented by CenterCredit - Rune Eaters; &bu...
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.07.2026

109 әкімшілік хаттама: Жетісудағы Алакөл жағалауында су көліктерін пайдалану қағидаларын бұзған тұлғаларға қатаң шара қолданылуда

Жетісудағы Алакөл жағалауында жазғы маусым басталғаны бері шағын көлемді кемелерді пайдалану ережесі талаптарын бұзған азаматтарға қатысты 109 әкімшілік жаза қолданылды. Бұл қабылданған шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Биылғы жылдың 15 мамырынан бері ТЖД қызметкерлері басқа да жауапты органдармен бірлесіп 90 күндізгі және 62 түнгі рейд ұйымдастырылды. Су көліктерін тексеру өкілеттігі берілген сәттен бастап шағын кемелерді пайдалану талаптарын бұзу фактісі қатысты 109 хаттама толтырылып, 1 млн 654 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Атап айтқанда, кеменің борт нөмірлерінің болмауы, белгіленген шамадан тыс артық жолаушы алып жүру, өзінің құжаты жоқ немесе кеме билеті жоқ болған жағдайлар, навигациялық белгілер талаптарын сақтамау, құтқару жилетінің болмауы сияқты заңбұзушылықтарға шара қолданылды. Шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік талаптарын бұзған тұлғаларға заңнама...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.07.2026

Адам саудасының құрбаны болған 171 жанға көмек көрсетілді

Қазақстанда өткен 2025 жылы адам саудасының құрбаны болған 171 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Курсив сайтына сілтеме жасап. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында мәлім болғандай, көмек алғандардың қатарында 94 ер адам, 52 әйел және 25 бала бар. Айта кетерлігі, мемлекет тарапынан берілетін қолдау тек отандастарымызға ғана емес, шетелдіктерге де бағытталған. Мәселен, өткен жылы 93 шетел азаматына тиісті жәрдем берілді. Оларға уақытша баспана, медициналық және психологиялық көмек ұсынылып, құжаттарын қалпына келтіру мен жұмысқа орналасу мәселелері шешілді. 2024 жылғы шілдеде қабылданған «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заң бұл бағыттағы жұмыстың сапасын түбегейлі өзгертті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев атап өткендей, қазіргі жүйе әрбір зардап шеккен жанды жеке қорғауға және оны оңалту процесінде толық сүйемелдеуг...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.07.2026

Жетісу облысында жалпы сыйымдылығы 714 мың тонна болатын 486 астық қоймасы бар

Облыста жалпы бір мезгілде 714 мың тонна астық сақтауға арналған 486 астық қоймасы бар. Олар өңірдің 10 ауданы мен қаласында негізгі астық өндірушілерге жақын жерде орналасқан. Бұл нысандар егін өнімін қабылдауға, сақтауға және кейіннен өңдеуге арналған. Сақтау барысында астық тазартылып, сұрыпталып және кептіріледі, бұл оның ұзақ мерзім бойы сапалы сақталуына мүмкіндік береді. Облыстағы астық кептіргіш құрылғылардың жалпы өнімділігі тәулігіне 500 тонна шамасында, —деп хабарлайдыЖетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңірде масақты дәнді дақылдарды жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінге дейін 39,3 мың гектар алқаптан өнім жиналып, 73,8 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 18,8 центнерден айналды. Бұл ретте егін орағы Көксу ауданында да қарқынды жүргізілуде. Соның бірі – Алғабас ауылындағы «Ұлан» шаруа қожалығының егіс алқаптары. – Биыл 390 гектарға жаздық арпа, 150 гектарға бидай ектік. Сонымен қатар біржылдық және көпжылдық ш...
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.07.2026

Мемлекеттік қызметтегі меритократия қағидаты

Мемлекеттік қызметтегі меритократия – мемлекеттік қызметке қабылдау және қызметтік өсу кезінде азаматтардың кәсіби біліктілігіне, білім деңгейіне, еңбек нәтижесіне және құзыреттілігіне негізделетін қағидат. Бұл қағидат кәсіби, тиімді әрі халыққа қызмет ететін мемлекеттік аппарат қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Меритократия қағидатына сәйкес мемлекеттік қызметке іріктеу, бағалау және мансаптық ілгерілету үдерістері ашықтық, әділдік және тең мүмкіндік негізінде сай жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік органдардағы кадрлық саясаттың тиімділігін арттырып, кәсіби мамандарды ынталандыруға мүмкіндік береді. Меритократия қағидатының іс жүзінде іске асырылуы мемлекеттік аппаратқа деген сенімділікті нығайтып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің жай-күйі туралы есептілігінің нәтижесіне сәйкес, меритократия қағидаты бойынша оларды тағайынд...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.07.2026

Жетісуда өтетін ауқымды жазғы фестивальдерге 10 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде

Жетісу облысында ішкі туризмді дамыту мақсатында 2026 жылға арналған туристік іс-шаралардың жоспар-күнтізбесі бекітіліп, оның аясында бүгінгі күнге дейін 11 іс-шара сәтті өткізілді. Сонымен қатар өңірдің үш ірі фестивалі - «Сиверс алмасының гүлденуі», «Алакөл толқыны» және «Алтын-Емел - құландар мекені» республикалық туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілді. Жазғы маусымда өңірдің басты туристік аймақтары - Алакөл мен Балқаш көлдерінің жағалауында екі ірі фестиваль ұйымдастырылып, оған 10 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Алғашқысы 25 шілде күні Ақши ауылында өтетін дәстүрлі «Алакөл толқыны» фестивалі. Іс-шара Алакөл курорттық аймағының туристік әлеуетін насихаттауға бағытталған. Бағдарламада жағалаудағы ойын-сауық шаралары, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт, DJ-сеттер, ерекше жанрдағы өнерпаздардың қойылымдары, интерактивті алаңдар, байқаулар мен мерекелік отшашу жоспарланған. Жаздың тағы бір басты...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.07.2026

Азаматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді – әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді. Іс-шараға сарапшы-академиялық қауымдастық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау ұйымдарының басшылары, жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жағдайында Құрылтай сайлауы алдындағы қоғамдық үміт, партиялық құрылымдар рөлінің күшеюі және азаматтардың сайлау үдерістеріне қатысу белсенділігінің артуын талқылады. Отырыс барысында ҚҚДИ-дің екі зерттеуінің нәтижелері таныстырылды: «2026 жылдың II тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал» (2 400 респондент) және «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» (1 200 респондент). Бір-біріне тәуелсіз жүргізілген екі зерттеудің көрсеткіштері өзара сәйкес нәтижелерді көрсетіп, электоралдық кезеңнің жоғары қоғамдық консолидация, оптимизм және...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.07.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.