Жаңалықтар

"Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі көмір отынмен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көмір кен орындарының қоры бойынша АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Украина елдерімен қатар әлемдік көшбасшылардың 10 елінің қатарына кіреді, ал ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдері арасында 3-ші орынды алады. Алайда, осындай көрсеткіштерге қарамастан, жыл сайын Қазақстанда жылыту маусымы басталғанда еліміздің барлық өңірлерінде дүрлікпе мен көмір жетіспеушілігі мәселесі орын алуда. Тұтынушылар тек қара отынның жетіспеушілігімен ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тарапынан ұсынылатын көмірдің сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Осы бағытта, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселені зерделеп, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментімен, Алматы облысы бойынша арнайы мониторингтік тобының мүшелерімен Алматы облысында көмір отынымен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы м...
Толығырақ... Оқылды: 385 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2019

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 26 қараша

Бүгін әлем жұрты халықаралық ақпарат күнін атап өтіп жатыр. Қолында ақпарат бар адам әлемді басқарады! Бұл дана сөздерді танымал магнат Натан Ротшильд айтқан-ды. Оның астарында үлкен мән жатыр, мұнымен ешкім таласпайтыны сөзсіз. Расымен де, тиімді ақпараттың арқасында соғысты тоқтатып, табиғи апатқа дайындалып, ірі жол апатының алдын алуға болады. Бұл күн күнтізбеге алғаш 1994 жылы енгізілді. Сондай-ақ, бүгін халықаралық етікшілер күні. Аяқ киім таңдау— өте маңызды әрі қызықты іс. Себебі, аяқ киім иесі туралы көп ақпарат береді. Әр кез әдемі, ыңғайлы және сапалы аяқ киім сәнде болған. Етікші болу— екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Бірнеше ғасырдан бері етікшілік шеберлерге тұрақты табыс әкеліп тұрды. Тіпті, әлемдегі ең керекті мамандықтардың бірі болды десек болады. Мұнымен қатар, бүгін— төңкеретін күн. Яғни бүгін миыңызды шекарадан асырып, бір күн болсын шын қалауыңызды жүзеге асыратын күн! Бастапқыда жастықтармен соғысып, әдеттегі таңғы асқа балмұзда...
Толығырақ... Оқылды: 412 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 26.11.2019

Алматы облысында гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы жиын өтті

«Jetisy media» алаңында «Әйелдер мен қыздарға жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы» республика бойынша бірінші рет халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Біріккен ұлттар ұйымының Гендірлік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция өткізуге білек сыбана кірісті. Іс-шараның алғашқы 3 күні Талдықорған қаласында өтеді. Яғни, облыс орталығында 25,26,27 қараша аралығында жаңа форматтағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі деп жоспарлануда дейді ұйымдастырушылар. Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар қыз-келіншектердің құқығын қорғауды нысанаға алған. «Немолчи.кз» сайтының жетекшісі, Дина Смаилованың айтуынша, өткен жылғы статистикаға көз жүгіртсек 36 адам тұрмыстық зорлық – зомбылық көрсеткені үшін темір торға қамалған. Темірдей тәртіп орнатылып, құрбандарды құтқару жалғасын тапсада, балалардың құқықтарын бұзу жағдайы азайма...
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.11.2019

Бүгін Қазақстанда және әлемде қандай мереке: 25 қараша

Бүгін әлемде қандай мереке атап өтіліп жатқанын көптеген әйел біледі. Бұл мерекені нәзік жандылар 1981 жылдан бастап атап өтіп келеді. 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтату күнін әлемдік күнтізбеге енгізді. Күнтізбеде бұл ерекше күннің пайда болуына 1961 жылы Доминикана Республикасында болған жағдай тікелей әсер етті. Диктатор Рафаэль Трухильоның бұйрығымен үш саяси белсенді апалы-сіңілі өлім жазасына кесілді. Сол уақыттан бері ақ мата ана болудың, әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсылықтың символына айналды. Күздің бұл күнінде тағы бір қызықты мереке бар. Ол— жан-жаққа қарау күні. Назар аударыңыздар, құрметті қауым! Бәлкім қызықты немесе маңызды бір нәрсені жіберіп алып жатқан шығарсыз?! Жаныңызда болашақ жарыңыз жүрген болса ше? Қалай болғанда да, айналаңызға зер салған кезде тағдырдың белгілерін жіберіп алмаңыз.
Толығырақ... Оқылды: 444 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.11.2019

24 сағатта тұмаудан қалай құтылуға болады?

Біздің әрқайсымыз таңертең оянғанда ауырып тұрған болсақ, өзімізді жайсыз сезінудің қалай болатынын бастан кешірдік. The Sunбасылымы британдық сарапшылармен жұмыста сергек, ауырмай жүру үшін не істеу керектігі туралы сөйлесіп, керемет күн тәртібін жариялады. Таң Күніңізді жылы душпен бастаңыз. Кардифф университетінің профессоры және тұмауды емдеу маманы Рон Эклздың айтуынша, бу мұрынның бітелуін жояды және ыстық су дененің ауырсынуын жеңілдетеді. Содан кейін нутрициолог Аманда Арселл ұсынған С витаминінің күнделікті мөлшерімен толықтырыңыз. Таңғы асқа апельсин мен киви бар жеміс салатын қосуға болады немесе сүйікті ботқаңызды ұнатқан жидектеріңізбен “безендіре” аласыз. Таңғы кофе мен шайдан бас тартқан дұрыс: олардың құрамында кофеин бар және олар басқа сұйықтықтарға қарағанда дене сіңбейді. Жаңа сығылған апельсин шырыны күнді сергек қалыпта өткізуге көмектеседі. Күндізгі уақыт Тұмаудың алғашқы белгілері пайда бола салысымен сыртқа шықпай, жыллы бөлмеде болған дұрыс....
Толығырақ... Оқылды: 413 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.11.2019

ҚЫЗДЫ НЕГЕ ТӨРГЕ ШЫҒАРАДЫ?

Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас деген үш ұлы және Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, оған мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі. Нұх дастархан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен жоғары отыруы керек. Әкеміз бізді алалайды-ау» деп ойлайды. Бір күні дастарханда отырғанда: – Әке, Уәсила кіші болса да, неге бізден жоғары отыруы керек? Ұлдың мәртебесі әрқашан биік емес пе? – дейді. Нұх: – Біздің ырзық-несібеміздің көп болуы Уәсилаға байланысты. Құт қызды жағалап жүреді. Оны босағаға отырғызсаң, шамданады. Төрге шығарсаң, қуанады. Орны жайлы болса, дастарханнан ас-тағамды үзбейді. Тұрмысыңды түзейді, – депті. Содан бастап Нұхтың үш ұлы қарындасын төрге шығарып, құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны...
Толығырақ... Оқылды: 422 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 25.11.2019

«Әлеуметтік желілердегі әкімдер»: Mатрица.kz порталы 2019 жылдың үздіктерін марапаттады

«Матрица.kz» ақпараттық интернет-порталы әрдайым Қазақстан аймақтарында болып жатқан оқиғаларды мұқият қадағалап отырады. Соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдардың және әкімдердің халықпен қарым-қатынасын, жұмысын түсіндіріп, көрсету үшін аймақтардың ақпараттық белсенділігін талдауды жүйелеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бір жыл сараптама жүргізіп, үздік нәтиже көрсеткендерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласында марапаттады. Қорытындылай келе, 2019 жылдың «Үздік әкімі» болып Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов болса, үшінші орыннан - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Уразалин көрінді. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Дағдарысқа қарсы әкім» номинациясымен марапатталса, «Белсенді әкім» - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа бұйырды, ал «Тұрақты әкім» номинациясын - Қараға...
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.11.2019

Алматы облысының спортшылары Әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

Самбо күресінен Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінен жүлдемен қайтты. Бұл туралы «Jetisu Media» алаңында өткен баспасөз-мәслихаты барысында белгілі болды. Оңтүстік Корея мемлекеті, Чхонжу қаласында өткен жарыста ел қоржынына 4 күміс, 5 қола медаль түсті. Жалпы жарысқа 81-мемлекеттен, 516-спортшы қатысқан. Бұл тізімде Алматы облысының балуандары да бар. Олар: Ерболова Гүлнұр, Жұмабаева Динара, Құрышбаева Ділдаш, Қуатай Арнур, Жумагереев Болатбек. Мәселен Ділдаш Құрышбаева финалға дейін қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, шешуші сында Ресей спортшысына ғана жол берді. Осылайша жерлесіміз күміс жүлделі болды. Ділдаш үшін жаhандық жарыстан алған 5-ші жүлдесі. Динара Жұмабаева да ел намысын лайықты қорғай білді. Ол үшінші орыннан көрінді. Жергілікті журналистермен кездескен ел құрамасының мүшелері жарыстан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жоспарларын айтты. Спортшылардың ендігі мақсаты желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем кубогының кезеңінде топ жар...
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.11.2019

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІ

Өткен апта Көксу ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Олай дейтін себебіміз, ауданға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет мүшелерінен құралған жұмысшы топ келіп, жаңалықтарымен бөлісіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Ең алдымен, жұма күні ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов арнайы іссапармен келді. Ол аудандық Б.Оңғаров атындағы орталық стадионның жұмысымен танысты. Айта кететін жәйт, орталық спорт алаңы былтырғы жылы ғана күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі заманға сай құрылғылармен жабдықталған. Нәтижелі өзгерістерге оң бағасын берген Елдос Мұратұлы әрмен қарай, стадион базасында орналасқан «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне» де аяқ басты. Бұл мектеп спорттың 12 түрінен оқушыларды шынықтырады. Спортшылармен 35 жаттықтырушы жұмыс істейді. Жалпы спортпен айналысатын 1241 бала 90 топқа бөлінген, оның ішінде: - 63 алғашқы дайындық топтарында 632 оқушы, - 27 оқу жаттығу тобында 309 оқушы. Спорт түрл...
Толығырақ... Оқылды: 406 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2019

2020 жылы «Ерекше адамдар» жобасы басталады

Келесі жылы «Рухани жаңғыру» Қазақстан қоғамдық даму институты бастамасымен «Ерекше адамдар» жобасы басталмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нүрия Кубенова жерлестерін жобаға белсенді қатысуға шақырады. «Жобаға өзінің қызмет саласына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Біз ұлттық мәдениетті, әдебиетті, өнерді, қолөнерді, халықтың салт-дәстүрін насихаттайтын адамдар туралы оқиғалармен таныс болуға қуаныштымыз, - дейді Нүрия Кубенова. Қатысушылардың жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ. Ruh.kz республикалық порталында, өмірі қызықтырған, кішкентай, тіпті, үлкен сенсация жасаған кейіпкерлер туралы материалдар жарияланатын болады. «Ерекше адамдар» айдарына қойылатын талаптар жоғарыда айтылған құндылықтарды дәріптейтін, Отаны үшін қызмет етіп жүрген адам болуы қажет. Сондай-ақ, өзінің ерекшелігін толық сипаттайтын нақты материалдар жіберілуі керек....
Толығырақ... Оқылды: 341 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.11.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.