
Бүгін әлем жұрты халықаралық ақпарат күнін атап өтіп жатыр. Қолында ақпарат бар адам әлемді басқарады! Бұл дана сөздерді танымал магнат Натан Ротшильд айтқан-ды. Оның астарында үлкен мән жатыр, мұнымен ешкім таласпайтыны сөзсіз. Расымен де, тиімді ақпараттың арқасында соғысты тоқтатып, табиғи апатқа дайындалып, ірі жол апатының алдын алуға болады. Бұл күн күнтізбеге алғаш 1994 жылы енгізілді.
Сондай-ақ, бүгін халықаралық етікшілер күні. Аяқ киім таңдау — өте маңызды әрі қызықты іс. Себебі, аяқ киім иесі туралы көп ақпарат береді. Әр кез әдемі, ыңғайлы және сапалы аяқ киім сәнде болған. Етікші болу — екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Бірнеше ғасырдан бері етікшілік шеберлерге тұрақты табыс әкеліп тұрды. Тіпті, әлемдегі ең керекті мамандықтардың бірі болды десек болады.
Мұнымен қатар, бүгін — төңкеретін күн. Яғни бүгін миыңызды шекарадан асырып, бір күн болсын шын қалауыңызды жүзеге асыратын күн! Бастапқыда жастықтармен соғысып, әдеттегі таңғы асқа балмұздақ немесе торт жеуге болатын еді. Бүгін сіздің күніңіз!