Жаңалықтар

Қолда бардың қадірін біл

Адам баласы болғаннан кейін пендешілік қанымызды қоса жүреді. Тек оны жүре түзейміз, тәртіпке саламыз. Қанағатшылдық – пенденің ең жақсы қасиеті. Оның аясына сабыр мен жомарттық қоса кіреді. Ал бұл үшеуі біріксе, алынбас қамал болмас. Ақиқатында біз бардың қадірін біле бермейміз. Қай жағынан алсақ та аталған олқылықтың алдын алу қиынға түседі. Тірі екеніңді сезін, қадірін біл Әр күн сайын өмірге қанша адам келіп, қанша адам кетеді. Ал сен келуші және келіп қана қоймай өмірде тұрақтаушы адам ретінде өзіңнің қадіріңді біл. Жалғанның жалғандығын сезген күннің өзінде тірліктің мәнін білу керек. Өмірді сүру басқа және сүре білу мүлде басқа. Отбасың қасыңда ма, қуан Отбасы – әрбір адамның жылы ұясы. Бәрінен жалғызсырап қалған кезде сізді күтетін отбасыңыз. Достарыңыз, айналаңыздағы адамдарыңыз теріс айналған кезде жаныңызда болатын отбасыңыз. Қиын кезде сүйеу, жақсы күнде қолдау болатын да отбасыңыз. Махаббатың қадірі – тұрақтылық Сергелдең сезімнің қадірі &ndas...
Толығырақ... Оқылды: 366 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2019

«Жетісу - адалдық алаңы»

Мемлекеттік органдар басшыларының ашықтығы мен қолжетімділігі – азаматтардың сенімділігінің кепілі. Және бұл қағиданы барлығы ұстануға тиіс. Осыған байланысты, жобаның жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуалиев «Жетісу –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды. Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс тұрғындарымен кезекті кездесу өтті. Онда болған қабылдауда: кітаптар шығару, мүгедектерге арналған инклюзивтік телевидениені іске қосу, қазақ эпосының батырлары (Алпамыс батыр, Қорқыт ата, Ертарғын) туралы анимациялық жобаларды іске қосу туралы және тарихи қайраткерлерге ескерткіш орнату, әкім гранттары және қуыршақ театрын ашу мәселелері қозғалды. Әрбір мәселе бойынша тиісті шаралар атқарылуы жоспарда бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта кесте бойынша облыстық басқармаларының басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдері облыс тұрғындарына қабылдау жүргізеді. Құрметті Алматы облысының тұрғындары Сіздер «Жеті...
Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.07.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 шілде

Бүгін Бүкіләлемдік ми күні аталып өтеді. Бұл датаны Дүниежүзілік неврология федерациясы бекіткен болатын. Неврология – орталық және периферикалық нерв жүйесінің, соның ішінде адамның жүйке жүйесінің басты органы – ми ауруларын анықтап, алдын алумен айналысатын медицинаның бөлімі. Соңғы жылдары бас миын зерттеуде елеулі прогресс байқалғанымен, ғалымдар үшін мидың жұмысы әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Бүкіләлемдік ми күні, ең алдымен, халықты ми мен жүйке жүйесінің кең таралған ауруларынан хабардар етуге арналған. 2017 жылы спортқа арналған халықаралық даталардың қатары тағы бір мерекемен толықты. 2018 жылдан бастап жыл сайын 22 шілдеде Халықаралық бокс күні аталып өтеді. Бокс (ағылшынның Boxing сөзінен шыққан) – екі спортшының былғары қолғап киіп, жұдырықтасатын спорт түрі. Жекпе-жек 12 раундқа созылады, ал рингтегі қарсыластардың айқасын төреші бақылайды. Жеңімпаз нокаут немесе техникалық нокаут кезінде анықталады. Егер белгіленген раундтан кейін жекпе-жек аяқта...
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.07.2019

Мемлекттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту он есеге қысқарды

Биылғы жыл басынан бері Жетісу өңіріндегі облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерімен 332 алдын алу және түсіндіру іс-шаралары өткізілген. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 623 жеке консультативті көмек көрсетіліп, заңдық кеңес алуға келген 513 азамат арнайы жеке қабылдауда болған. Бұл туралы Талдықорған қаласында «Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі уәкіл институты» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. БАҚ өкілдері алдында сөз алған Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Өмірәлиев: «Әдеп жөніндегі уәкілдің институты Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 – қадамында анық атап көрсетілген. Бағдарламаны жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әдеп кодексі бойынша заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекетті...
Толығырақ... Оқылды: 323 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.07.2019

«Лидер.кз» еріктілер тобы үлкен істер атқаруда

Алматы облысында «Лидер.кз» еріктілер тобы құрылған болатын. Екі жыл уақыт ішінде өздерінің ерліктерін еш жерде жария қылмай, көмекке мұқтаж жандарға кез келген уақытта қол ұшын созып жатады. Атқарылған жұмыстары елеусіз қалмай, халыққа үлгі ету мақсатында белгілі журналист Алия Ахмедиева мен блогер әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың идеясымен еріктілер тобын марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Қазіргі таңда біздің еріктілер үлкен жұмыс атқаруда. «Лидер.кз» бірлестігінде 160-тан астам еріктілер бар. Алайда бірлестікте екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарды ақылдаса отырып іріктеп алдық. Бұл шараның бастамасы. Жұмысын жандандырып, белсенділік танытатын әр ерікті елеусіз қалмайды. Және осы бірлестікке мүшелік еткісі келетін азаматтарды қатарға қосылуға шақырамыз»,-деді марапаттау рәсімінің ұйымдастырушысы Сандуғаш Дүйсенова. Айта кету керек, марапа...
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.07.2019

КЕЛІНДІ «КЕЛСАП» ҚЫЛАТЫН ЕНЕ МЕ НЕМЕСЕ ЕНЕ МЕН КЕЛІН АРАСЫ

«Келін» мен «ене» тақырыбы қай уақытта да өте өзекті болып келеді. Неліктен бұл тақырып күн тәртібінен түспей келеді? Ықылым замандардағы ене мен келіннің арасы қандай болған? Енені неге «кенеге» теңейміз? Бүгінгі таңда жас бойжеткендер неге ата-енесімен тұрғысы келмейді? Жаза берсек, көкейде жүрген сұрақ көп. Шынымен де, келінді «келсап» қылатын ене ме? Алдымен «келсап» сөзінің мағынасын ашып алсақ. Негізінен, келі-келсап - ол дәнді қауызынан арылту және ұнтақтауға арналып қатты ағаштан (кейде тастан қашалып) жасалған аспап. Қазақ халқы келі-келсаппен тарыны, бидайды, т.б. дәнді дақылдарды түйіп, жент, жарма, талқан дайындаған. Сонда келсап болып тұрған келіннің өзі ме әлде сөзі ме? Әрбір қыз баласы өмірде өз сыңарын тауып, тұрмысқа шығары айдан анық. Әйел бақытын сезіну - ол баға жетпес байлық. Одан әрмен, ана атанып, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырғанға не жетсін, шіркін! Бірақ, қазіргі заманның қыздары осы бір жауа...
Толығырақ... Оқылды: 1253 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 18.07.2019

Жылы жүрек – жомарт қол

Ағымдағы жылы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Балпық ауылдық округінде маусымдық «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарында жүрген жасақшылармен ерікті жастар «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Акция Теректі ауылы, Исамберліұлы Есімбай көшесі № 6/3 үй тұрғыны, жалғыз басты қарт Тамаровский Валерий Сергеевичтің үйінде бастау алды. Ол кісі РТС-та және қант зауытында токарь болып жұмыс атқарған. Қазіргі уақытта В.С. Тамаровский ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде жалғыз басты қарт ретінде тіркеуде тұр. Жастар ауланың шөбін орып, отын жарып, өсіп кеткен ағаштарды шауып, ауланы ретке келтірді. Алдағы уақытта аталмыш акция аудан көлемінде жалғасын табады А.АРТОМОНОВА, Көксу ауданының жастар ресурстық орталығының маманы
Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 18.07.2019

Бақытты отбасы – ұлттық жоба

Партиялық жобаның басты мақсаты – Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Жобаның негізгі міндеттері - отбасы мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шараларды нығайту, отбасы мен балалардың құқықтарының қорғалуын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту, балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталов жол картасын бекіткен болатын. Осы орайда ағымдағы жылдың 15 шілде күні «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру мақсатында ауданда құрылған жұмысшы топ мүшелері бекітілген жол картасындағы 2 бөлім, 2.3 тармақ, 4 тармақшасындағы «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфраструктура» акциясы аясында Көксу ауданы бойынша бірқатар мектепке дейінгі мекемелерге мониторинг...
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.07.2019

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы елді мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. Еліміз еркіндік алғалы бері, елді дамыту үшін түрлі бағдарламалар орын алып, ғарыштап дамуына қарқынды қадамдар жасалуда. Соның бірі – «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық жердегі кадр тапшылығын бір жолға қоюға бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс іздеген жастарға да қолайлы болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл. Қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын шағын шаруа қожалықтарын, қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» – деп ашық та, анық айтқан болатын. Ауылға келген жас мамандарға ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақ...
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.07.2019

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ

Жүздеген мамандық, кәсіп түрі бар. Бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Сөйте тұра, күзетшіден бастап министрге дейін барлық кәсіп иелерін алмастыруға болады. Орнын толтыруға болмайтын бір ғана мамандық бар. Ол – ұлға әке болу. «Әке көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер», «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деген нақылдар «әке» мамандығының қадір-қасиетін артық ауыз сөзсіз-ақ ұғындырып тұр. Айтпағымыз басқа арна. Мақаламыздың жүрегі – «Әкенің балаға беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» деген хадис мәтіні болмақ. Әу баста өзінің белінде су болып, ертең ұрпағын жалғастырушы, мұрагер атанатын ұл бала әрбір әке үшін қымбат. Және ол баласына бойындағы барын да, нәрін де бергісі келеді. Ендеше, «ең жақсы сыйымыз» қаншалықты мәнді әрі көркем болып жүр? ӘКЕ БЕРЕТІН ДӘРУМЕН! «Бірде баласының мазас...
Толығырақ... Оқылды: 527 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.