Жаңалықтар
Алматы облысында жалпыға бірдей декларациялау басталады |
| Салық заңнамасына сәйкес, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау міндетті. Аталған бағыттағы жұмыс 4 кезеңге жоспарланған. Жалпы алғанда бұл жұмыстар 2021 жылдың 1 қаңтарынан, 2025 жылдың басына дейін жалғасын табатын болады. Бұл туралы «Jetisy Media»ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшасы Руслан Ахметжанов баяндады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілгендер мен олардың жұбайлары сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»,... |
| Толығырақ... Оқылды: 1999 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.01.2021 |
Жаңа жылдан бастап ротациялау енгізілді! |
| Жалпы ротация дегеніміз не? Ротация қандай мақсатта жүргізіледі. Ротация жайлы толық ақпарат алғыңыз келсе, мына мақалаға назар аударыңыз. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, облыстарды, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалаларды, облыстық маңызы бар қалаларды, облыстардың аудандары мен қалалардағы аудандарды дамыту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін және басқару тәжірибесін тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру болып табылады. Ротацияға саяси мемлекеттік қызметшілермен, «А» және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жатады. 2020 жылы 13 қарашада ҚР Президенттінің Жарлығымен жаңа Ротация қағидалары бекітілді. Ротация қағидалары 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қағидалармен саяси қызметшілердің ротациясы енгізілді. Бұл ретте, р... |
| Толығырақ... Оқылды: 1981 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |
Алматы облысының 16 мыңнан астам кәсіпкеріне мемлекеттің қаржылай емес қолдауы көрсетілді |
| 2020 жылы Алматы облысында 16 мыңнан астам кәсіпкер сервистік қызметтер мен кеңестер алды. Қаржылай емес қолдау өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. "Бизнестің жол картасы–2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз қаржылай емес қолдау көрсетіледі. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, 2020 жылы өңірдің 16 мыңнан астам кәсіпкеріне 17,5 мың сервистік және консультациялық қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлер негізінен жеке кәсіпкерлік ашу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік есепті тапсыру сияқты қызметтерге жүгінген. Кәсіпкерлер палатасы менеджерлерінің қолдауының арқасында 1,3 мың жоба мемлекеттік қолдау құралдары аясында қаржыландырылды. «Кәсіпкерлер үшін барлық қажетті қызметтер ақысыз болып табылады. Қызмет түрлері облыстың барлық қалалары мен аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қолжетімд... |
| Толығырақ... Оқылды: 1858 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |
Алматы облысында кәсіпкерлердің құқықтары 1,2 млрд теңгеге қорғалды |
| Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өткен жылы жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Бұл туралы Өңірлік палатаның директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді. Оның айтуынша, бизнестің түйткілді мәселелерінің қатарында мемлекеттік сатып алулар мен жер қатынастары саласы, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымдар, салық, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мәселелер бар. «2020 жылы палатаға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау желісі бойынша заңды тұлғалардан 233 өтініш келіп түсті, оның 88-і оң шешімін тапты. Жалпы, біздің қолдауымыздың арқасында бизнес құқығы 1,2 млрд теңгеге қорғалды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе жоғары», - деп атап өтті Әсет Шаяхметов. Мәселен, 2020 жылы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері сотта "АЛСАД Қазақстан" ЖШС құқығын қорғап, сотқа үшінші тұлға ретінде қатысты. Компания соттан мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тануды және 2020 жылғы наурыздан мамырға дейін тағамдық тауық жұмыртқасы өндірісінің құны... |
| Толығырақ... Оқылды: 1879 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |
Пәтердегі жөндеу жұмыстары мен құлаққа жасалатын операциялардың арасында қандай ұқсастық бар? |
| Пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп көрген адамның, қабырғаға жасырылған сымдарды абайсызда зақымдап алған кездері болған шығар. Елестетіп көріңізші, сөрені қабырғаға ілуіңіз керек. Әрине, сөрені бекіту үшін қабырға шеге ілетін тесік жасайсыз. Сіз бұрғылап жатқан кезде, кенеттен жарық сөніп қалды: демек сіз сымды үзіп алдыңыз! Кез-келген операция кезінде де дәл осындай жағдайлар орын алуы мүмкін, өйткені барлық жерде жасырын нервтер орналасады, олар оңай зақымдалады. Алайда, құлаққа жасалатын операциялар кезінде бұл аса қауіпті, өйткені беттегі нервтердің зақымдануы – операциядан кейінгі жиі кездесетін асқынулардың бірі: әр адамның нервтері әртүрлі жерлерде орналасады, сондықтан нервті алдын-ала болжау және табу қиын. Өкінішке орай, егер үзілген сымды жалғауға немесе ауыстыруға болатын болса, нервтер зақымдалған кезде, жағдай қиынырақ болады. «Ортаңғы құлақта тез зақымданатын бет нервтері орналасады. Есту қабілетін жақсартуға арналған операцияла... |
| Толығырақ... Оқылды: 1769 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |
ТАҒАЙЫНДАУ |
| «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың және партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының ұсынысы бойынша және партия Жарғысының 9.3 тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен Аслан Нұрахметұлы Кубентаев партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталовтың атынан филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева жаңа қызметке тағайындылған Аслан Нұрахметұлын филиал ұжымына таныстырып, сәттілігін тіледі. Аслан Кубентаев бұл лауазымға дейін, 2019 жылдан бері аталған саяси ұйымның Сарқан аудандық филиалында төрағаның бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 2013 жылы Сарқан ауданының жастар орталығында бөлім кеңесшісі қызметінен бастап, 2014 жылдан Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының бас кеңесшісін қызметін атқарып келді. 2015 жылдан «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық... |
| Толығырақ... Оқылды: 1741 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.01.2021 |
Н. Отарғалиев Алматы облысында МӘМС іске асырудың алғашқы жылының қорытындысы туралы айтып берді |
| Бүгін өнірдегі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысының филиалының директоры Н№Отарғалиев журналистерге 2020 жылдың қорытындылары мен 2021 жылға арналған ӘМСҚ алдында тұрған міндеттер туралы айтып берді. 2020 жылға анықталған бюджет сомасы – 136,4 млрд. теңге. Оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) аясында – 94,0 млрд. теңгені, МӘМС аясында – 42,4 млрд. теңгені құрады. Қазіргі таңда облыс аясында 76 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі - 44 (58%), жеке меншіктегі - 32 (42%) мекеме. COVID-19 таралуын алдын-алу мақсатында іс-шараларды қаржыландыруға 2020 жылы Алматы облысы бойынша 16,8 млрд. теңге төленді. Соның ішінде: - Медициналық қызметкерлерді ынталандыруға - 7,8 млрд. теңге; - Стационарлық көмекке - 5,3 млрд. теңге; - ПТР зерттеуге - 2,7 млрд. теңге; – Мобильді бригадалар жұмысына - 981 млн... |
| Толығырақ... Оқылды: 1329 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.01.2021 |
Жетісулық 112 спортшы ұлттық құрамада өнер көрсетеді |
| "Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық спорт клубы" МКҚК облыс әкімдігінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 2 Қаулысы негізінде ашылды. 2017 жылғы 5 маусымда Алматы облысы әкімдігінің № 238 қаулысымен "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Содан бері кіл мықтыларды аламандарға қосып келеді. 23 спорт түріне баулыйтын мекеменің жетістіктері жетерлік. Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебінде жалпы саны 753 кембағалы спортшы бар. Олар, жеңіл атлетика, жүзу, үстел тенисі, садақ ату, шаңғы жарысы, арбамен билеу, футбо, шахмат, дойбы, еркін күрес, армрестлинг, каратэ сынды түрлі спорт түрлерімен шұғылданады. Өмірге деген құштарлықтары басым, ерік-жігері тасып тұрған сайып қыран қыз-жігіттерді 48 жаттықтырушы баптайды. Төгілген тер мен есіл еңбектің зая кеткен тұсы болмаса кер... |
| Толығырақ... Оқылды: 1555 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.01.2021 |
Облыс бойынша 447 650 азамат сақтандырылмаған |
| Жаңа тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске қосылған еді. Бұқараның пайдасына тиген бұл жобаның елге берері мол болғаны ақиқат. Әуелі, тұрғындар МӘМС арқылы Қазақстан аумағында өзі таңдаған таңдаған кез келген емханадан медициналық көмек алуға қол жеткізді. Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатылған болатын. Қош, жаңа енгізілген жүйе сыннан сүрінбеді. Олай болса алғашқы жылдағы қорытындыға көз жүгіртсек. Алматы облысы бойынша 2020 жылға анықталған бюджет сомасы – 136,4 млрд. теңгені құраған-тын. Оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі аясында – 94,0 млрд. теңгені, МӘМС аясында – 42,4 млрд. теңгені құрады. Қазіргі таңда облыс аясында 76 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі – 44, яғни 58%, ж... |
| Толығырақ... Оқылды: 1334 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.01.2021 |
Коммуналдық төлемдерге тарифтер өзгерген жоқ |
| Баға бағамы шарықтаған тұста коммуналдық қызмет саласындағы тариф құнының тұрақты болуы көңіл қуантады. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 2020 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта ҚР төтенше жағдай кезеңінде 13 табиғи монополиялар субъектілері халық үшін тарифтерді төмендетті, бұл ретте сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне 4 табиғи монополиялар субъектілері және жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау қызметтері бойынша 4 табиғи монополиялар субъектілері 3-тен 10% - ға дейін төмендеді.Бұл туралы «Jetisy Media ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Газбен қамтамасыз ететін 4 кәсіпорынның тарифі 0,8-ден 1,7% - ға дейін түссе, "Жетысу Энерготрейд" ЖШС электр энергиясының құнын 2,9% - ға азайтты. «ТМС-ның инвестициялық бағдарламалардың орындалуы және тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерін талдау нәтижелері бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Департаменттің 44 бұйрығы бойынша тұтынушылардан негізсіз алынған та... |
| Толығырақ... Оқылды: 1330 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.01.2021 |
