Жаңалықтар
Алматы облысында «Бұқаралық спорт түрі» федерациялары құрылады |
| Бүгінгі қазақстандық қоғамда бұқаралық спортты дамыту – төтенше маңызға ие көкейкесті мәселе. Сондықтан, салауатты өмір салтын мемлекеттік саясаттың бір бағыты ретінде жаппай насихаттау алға қойған стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналуы тиіс. 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының 64-тармағын орындау шеңберінде Алматы облысында спорт және мәдениет саласында ауқымды жастар жобасына көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта, облыстың 20 аудан-қаласында «Бұқаралық спорт түрі» (футбол, волейбол, баскетбол және шахмат бойынша) федерациялары құрылмақ. «Алматы облысында 392 855 жас бар. Оның 312 668 ауыл-аймақтардан. Бүгінде облысымызда «бұқаралық спортты» дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл мақсатта Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының қолдауымен «Бұқаралық спорт түрінен Жетіс... |
| Толығырақ... Оқылды: 1245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту |
| Алматы облысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты ауыздықтау жұмыстары жылғасын тауып келе жатыр. Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, зерделеу және талқылау бойынша шараларды жүргізуде қоғамдық бірлестіктерде атсалысуда. Осыған орай, ««Мархабат.KZ Мүгедектер Қоғамы» ҚБ-мен Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп мемлекеттік-әлеуметтік тапсырманың аясында онлайн-семинарлар мен кездесулер өткізілген. Іс-шараның мақсаты- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және парасаттылық мәдениетін дамыту болып табылады. Расында сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Сондықтан да, келеңсіз құбылыспен күресте тұтас қоғамның күш біріктіргені маңызды. Осы бағытта жұмса жұдырық болып, қызмет ету тіпті еліміздің басты құжаттарының бірінде айқын көрсетілген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014... |
| Толығырақ... Оқылды: 1128 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Заңды тұлғалар үшін алынатын анықтамалар тез, әрі жылдам ! |
| Сіз заңды тұлғасыз ба? Онда бүгін біз заңды тұлғаларға анықтама алудын бірнеше жолын айтып береміз. 1️⃣ Egov.kz порталы арқылы: |
| Толығырақ... Оқылды: 1072 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Алматы облысында тәуелсіздік күніне арналған басты сыйлық 150 сәбидің дүниеге келуі |
| Алматы облысында Тәуелсіздік күні туған сәбилерге ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипі жазылған орама көрпе үлестірілді. Ұлық мерекедегі бұрын соңды болмаған ерекше бастаманы облыс әкімдігі жүзеге асырды. Дәл осы айтулы күні облыста барлығы дүниеге 140 сәби келді. Оның 10-ы Талдықорған қаласында. Жаңа туылған нәрестелердің ең көбі - Қарасай және Іле аудандарында тіркеледі деп күтілуде. Жоспар бойынша айы-күні жетіп отырған аналар 30 және 25. Атап өтсек, жыл сайын өңірде бала туу көрсеткіші артып келеді. Жалпы, жылына 50 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады ", - дейді "облыстық перинаталдық орталық" басшысы Қанат Жұмашев. Шыр етіп, дүниеге келген нәрестенің үнін есту анаға да, дәрігерге де үлкен бақыт. Міне, осындай бақытты сәтті бастан кешіріп Ескелді ауданында 3, Кербұлақ ауданында -4, Сарқан ауданында-10 әйел тура 16-шы желтоқсан күні ана атанып отыр. Олардың сөзінше, бұл жәй сәйкестік емес. Отбасылар үшін маңызы зор қуаныш. Енді олар қос мерекені қатар тойлай... |
| Толығырақ... Оқылды: 1084 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
Облыс және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырды |
| Бүгін Алматы облысы мәслихатының депутаттығына үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Көксу ауданы мәслихатының депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Таңатар Әбдірахмановтың үйіне арнайы барып қайтты. Ақсақалмен кездесудің басты себебі партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, хал-жағдайын білу болатын. Таңатар Әбдірахманов – Зылиха Тамшыбай ауылының Құрметті азаматы, егін шаруашылығының үздік еңбеккері және Зылиха апаның оң қолы болып адал қызмет еткен жан.Ақсақалдың жасы 80-нен асса да елінің болашағы мен халқының қазіргі жағдайына бей-жай қарамайды. Олүміткерлердіңәрбір айтқан сөзі мен жұмыс жоспарына өзінің ұсынысын айтып, қолдауын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі! |
| Толығырақ... Оқылды: 1038 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020 |
"АДАЛ" ПАРТИЯСЫ АУДАНДА |
| Бүгін аудандық кітапханада «Адал» партиясының сенімді өкілі, депутаттыққа үміткер Ләззат Шыңғысбаева Балпық би ауылының тұрғындармен кездесті. Ләззат ханым кездесу барысында тұрғындарды сайлауға үміткер 16 үміткермен жеке-жеке таныстырып, олардың алға қойған мақсаттарын, осы уақытқа дейін тындырған тиянақты шаруаларын түсіндірді. Бұдан бөлек, «Адал» партиясы бес партияның ішіндегі бірден-бір цифрлы жүйеге өткен партия екенін айта келіп, тұрғындарды сайтқа кіріп, цифрлы жүйеде өздері тұрған өңірлердің жалпы тыныс-тіршілігін бақылау керектігін де түсіндіріп өтті. Сонымен қатар партияның жалпы сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып, тұрғындардың «Адал» партиясы мүшелігіне өтінштерін қабылдады |
| Толығырақ... Оқылды: 1097 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесті |
| Желтоқсанның он төрті күні облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер «Zoom» әлеуметтік желісі арқылы онлайн форматта ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті. Кездесуге жоғарыда айтып өткеніміздей депутаттыққа үміткер Секенбай Шеңгелбаев пен Қизат Абиров және ауыл шаруашылығы өкілдері қатысты. Аталмыш жиында үміткерлер сайлауға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Онлайн басқосудың соңында үміткерлерге ауыл шаруашлығы саласының еңбеккерлерінен түрлі сауалдар қойылды. |
| Толығырақ... Оқылды: 1040 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
«Есіктен есікке» акциясы аясында |
| Аптаның алғашқы күні яғни желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Алғабас ауылдық округінің әлеуметтік жағдайын көріп қайтты. Атап айтар болсақ, үміткер ең алдымен «Көбен» шаруа қожалығына барып ондағы мән-жайды өз көзімен көрді. Сонымен қатар, қожалықтың ұжымы, яғни еңбеккерлерімен және инженер механик Айдос Көбеновпен кездесті. Кездесудің басты мақсаты сайлауалды бағдарламаны түсіндіру болғандықтан, әңгіменің барлығы дәл осы сайлау мәселесінің шеңберінде өрбіді. Келелі кездесудің соңында аталған қожалықтағы ұжымның еңбеккерлері үміткерге сауалдарын қойып, тұшымды әрі нақты жауап ала білді. Содан соң үміткер Әлдибек Рғайбекұлы жеке кәсіпкер Мукаев ЖШС-нің дүкеніне табан тіреді. Мұрат Мукаев Алғабас ауылының тұрғыны әрі жеке кәсіпкер. Ол өз сауда дүкенінің арқасында нәпақасын тауып жүрген азамат. Дегенмен, оның бұл ісі халыққа да өз пайдасын тигізуі керек. Міне, осы себ... |
| Толығырақ... Оқылды: 1044 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Алматы облысындағы көп қабатты үйдің қасбетіне Қазақстанның байрағы орнатылды |
| Алматы облысы " Менің туым. Менің Отаным!» атты республикалық челенжді қолдап, Талдықорған қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне Қазақстанның жалауын орналастырды. Шектеу шаралары мен мәдени-көпшілік іс – шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жетісулықтар осы айтулы күннің-Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының маңыздылығын ерекше атап өтуге бел буды. Үй тұрғындарының айтуынша, бұл челлендж азаматтардың, әсіресе өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін күшейтуге ықпал ете алады. "Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Мемлекеттік рәміздер-бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бейнесін білдіреді. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз бұл күннің маңыздылығын ұмытпауымыз керек", - дейді 16 қабатты тұрғын үйде тұратын Гүлназ Ермұратова . Сонымен қатар, қала тұрғындары да күнтізбедегі ең маңызды күнді мерекелеу үшін жүзеге асырылған шығармашылық істі бағалады. «... |
| Толығырақ... Оқылды: 1011 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Тәуелсіздік мерекесіне орай жетпістен астам жетісулық азамат мемлекеттік нагдараға ие болды |
| Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Осы шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облыстың жетпістен астам азаматына мемлекеттік наградалар тапсырылды. Жиналған қауымды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті. - Қымбатты жетісулықтар! Сіздерді ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бабалардың арманы мен аманаты, халықтың ең киелі құндылығы. 2021 жылы рухы асқақ, тұғыры биік ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл – біздің жас мемлекетіміз үшін үлкен тарихи белес. Осы жылдар ішінде Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде орнықтырды. Біздің Тәуелсіздік тарихының әр парағында Елбасымыздың ұшан-теңіз еңбегі, жанкешті ерлігі, жасампаз істері жатыр.... |
| Толығырақ... Оқылды: 981 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
