Жаңалықтар
Алматы облысында 5 партия саяси додаға түсіп жатыр |
| Алматы облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау науқаны кезекті рет бастау алды. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылы 10 қараша мен 4 желтоқсан аралығын жүргізілді. Нәтижесінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына 5 саяси партиядан 82 партиялық тізімі ұсынылды. Облыс мәслихатына 5 саяси партияның, 115 кандидаттың тізімі өткізілген. Қалалық мәслихаттарға саяси партиялардың 11 тізімі, 98 кандидат ұсынылды Ал аудандық мәслихаттарға 66 тізім, 701 кандидат өтініш білдірген. Заң талаптарына сәйкес, депутаттыққа үміткер азамат:1) Қазақстан республикасының азаматы болуына, 2) жас ерекшелігі 20 жастан кем емес, 3) белсенді сайлау құқығына ие болу қажет. Егер азамат сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған болса, соттылығы бар, бекітілген заңды тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қатысты және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда қолданыстағы заң талаптарына сәйкес сотпен танылған кезде ол кандидатура... |
| Толығырақ... Оқылды: 999 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Облыс бойынша сақтандырылған халықтың саны 5,1% - ға артты |
| Алматы облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске асқалы бері азаматтар үшін бірқатар қызметтер етгін түрде қолжетімді болды. Сапалы медицинаға жүгіну оңтайланғалы бері қымбат консультативтік-диагностикалық қызметтер және жоғары технологиялық медициналық көмек алушылардың саны өскен. Мәселен, медициналық оңалту бойынша биыл 8 604 пациент қызмет алса, ал жоғары технологиялық медициналық көмек бойынша 2020 жылы 2103 емделушіге қызмет көрсетілген, Консультативті-диагностикалық қызметке биылғы жылы 22177 адам жүгінген. Медициналық қызмет түрлерінің санын арттырып, сапасын арттыру үшін бюджеттен 1336,4 млрд. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) аясында – 95,0 млрд. теңгені (69,7%), МӘМС аясында – 41,3 млрд. теңгені (30,3%) құрады. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 77,2% - ға өскен. Қазіргі таңда облыс аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен 70 медициналық мекемемен келісім шарттар... |
| Толығырақ... Оқылды: 1016 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың алғашқы жылының аралық қорытындылары |
| 15.12.2020г. жұлдызында Алматы облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қордың жұмысы жайлы брифинг өтті. Қор филиалының басшысы Нұрлан Отарғалиев Алматы облысында МӘМС-ті іске асырудың алғашқы жылының аралық қорытындылары туралы баяндап берді. Өз баяндамасында келесі қызмет түрлері бойынша қаржыландырудың айтарлықтай артқанын атап өтті. Қазіргі таңда облыс бойынша 70 медициналық мекемемен келісім шарттар жасалды, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі - 43 (61,4%), жеке меншіктегі - 27 (38,6%) мекеме. Сонымен қатар, Н. Отарғалиев облыс бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар аясында қаржыландыруды атап өтті. «COVID-19 таралуын алдын-алу мақсатында іс-шараларды қаржыландыруға 2020 жылы Алматы облысы бойынша 16,8 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде: - Медициналық қызметкерлерді ынталандыруға - 7,8 млрд. теңге; - Стационарлық көмекке - 5,3 млрд. теңге; - ПТР зерттеуге - 2,7 млрд. теңге; – Мобильді бригадалар жұмысына - 981 млн.теңге».... |
| Толығырақ... Оқылды: 975 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.12.2020 |
Маңызды кездесу |
| Желтоқсанның18-і күні адандық Мәдениет үйінде облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер аудан орталығында орналасқан «Көксу қант зауыты» ұжымының еңбеккерлерімен кездесті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы мен депутаттыққа үміткер азаматтар және зауыт ұжымы қатысты. Жүздесу барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды барғдарламаларымен бөлісіп, сауалдарға жауап берді. Ал кездесуге келе алмай қалған, яғни кезекшілікпен жұмыс орнында болған азаматтар үшін үміткерлер зауытқа арнайы барып қайтты. |
| Толығырақ... Оқылды: 985 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020 |
Жас үміткер жастармен жүздесті |
| Бүгін сайлауға қатысты үгіт-нәсихат пен сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Мәжілістің депутаттығына үміткер Дамир Дигай жастармен кездесті. Кездесуге ауданның жалпы жастары мен білімгерлері қатысты. Қазіргі пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық талаптары сақталған іс-шарада жас үміткер өзінің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен жүріп өткен өмір жолы жайында баяндады. Ол бұл кездесудің өзінен өзге, өзі үшін маңызды екенін атап өтті. Себебі, ол жас буынның белсенділік танытып, жүректері алып ұшып тұрған уақытта пайдалы ақпаратпен, өзінің іс тәжірибесімен бөлісіп, дұрыс бағыт-бағдар беріп жүргеніне дән риза. Өте жоғары деңгейде өткен кездесу соңында жастар үміткерге өздерінің сауалдарын ашық түрде қойып, ұсыныстарын да білдірді. Әрбір жастың көзінен жалын көрген Дамир Дигай қойылған сұрақтарға тиянақты түрде жауап берді. |
| Толығырақ... Оқылды: 950 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020 |
Партия билеттері табысталды |
| Желтоқсанның он бесінші жұлдызы «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында 16-шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, партияның белсенді мүшелері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Аталмыш жиынның басты мақсаты партияға жаңадан қабылданған азаматтар мен азаматшаларға салтанатты түрде партиялық билеттерді табыстау болды. Басқосуда Мәлік Бейсенов партия қатарына қабылданғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. — Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай жуырда партия құрамына қабылданған бірқатар азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде тапсыруға бас қосып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде біздің еліміз әлемге танылып, терезесі тең, әлемдік деңгейдегі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Атап келгенде, мұның бәрі — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сар... |
| Толығырақ... Оқылды: 968 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту |
| Алматы облысында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықтарды зерделеу және талқылау, халықтың құқық бұзушылыққа "нөлдік" төзімділігін қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді, қарышты әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Біздің еліміздің басшылығы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей түрде қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен "Республиканың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы"атты жаңа бағдарламалық құжат бекітілді. Стратегияда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде халықтың құқықтық мәдениетінің төмен деңгейі байқал... |
| Толығырақ... Оқылды: 758 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.12.2020 |
«Тәуелсіздікке тарту»: Талдықорғанда 120 коттедж елге үлестірілді |
| Облыс орталығында тағы да қоныс той. Тәуелсіздік күні қарсаңында 120 үйдің кілті үлестірілді. Қарашаның қуанышымен бөлісуге Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашев пен қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов арнайы келді. Коттедж қалашығының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы ауданы 56,6 мың шаршы метр, құны 8,5 млрд.теңге болатын 620 жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін аумағы 19,5 мың шаршы метрді құрайтын 228 коттеджге бұқара тұрақтанды. Мұнымен өңір халқын баспанамен қамту ісі толастап қалмады. Еліміздің басты мерекесіне орай, ауданы 12,3 мың шаршы метр болатын 120 үй қолданысқа берілді. Аталған нысанды салуға 887,0 млн.теңге қаржы жұмсалған. Ел игілігіне берілген бұл үйлер 12 бөлікке бөлінген, әр бөлімде 4 үй жапсарласа салынған. Бұл өңір басшылығының тұрғындарға деген қамқорлығы. «Құрметті Талдықорғандықтар, қымбатты қонақтар, ұлы мерекеміз тәуілсіздік мейрамы құтты болсын. Елбасының бастамасымен, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 988 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.12.2020 |
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады |
| Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әлем картасына Қазақстан атын ойып жаздық. Сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз айтарлықтай өсіп-өркендеді, айтулы жетістіктерге жетті. Біз елдігіміз бен егемендігігімізді нығайтып, шекарамызды бекіттік. Бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға көшіп, мемлекетімізді аяққа нық тұрғыздық. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық. Біз елімізде тұрақтылықты, қоғамымызда татулық пен келісімді сақтай отырып, көп ұлтты халқымызды бәсі бөлек артықшылыққа айналдырдық. Тәуелсіздікті алып, оны дүниеге паш ету бір бөлек, ал сол тәуелсіздікті сақтап қалу одан да зор міндет. Біз осы жылдар ішінде бұрынғы Кеңес одағы құлаған тұста дүниедегі ең үлкен экономикалық дағдарысты артқа тастап, қазіргі жа... |
| Толығырақ... Оқылды: 987 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020 |
Тәуелсіздік - ел тұғыры! |
| Сіздерді қазақстандықтардың ең ұлы, əрі қастерлі мерекесі – Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – біздің Отанымыздың əрбір азаматы үшін қасиетті мереке. Тəуелсіздік күні – ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, асқақ арманы орындалған күн. 29 жыл ішінде ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетті. Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат республикамыздың ғаламдық деңгейдегі беделін өсірді. Бүгінгі күні Қазақстан – кемелденген, қуатты мемлекетке, қазақстандықтар – тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халыққа айналды. Осының бəріне – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Тарихи міндет ел мен оның халқының ұлылығын жаңғыртуға қабілетті шынайы халық көшбасшыларын туғызады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы На... |
| Толығырақ... Оқылды: 976 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020 |
