Жаңалықтар
"Қазақтелеком" Алматы облысында тағы 84 базалық станция орнатады |
| Алматы облысының шалғай ауылдарын сапалы мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ өңірде 84 базалық станция орнатады. Жұмыс "250+"жобасы аясында жүзеге асады. "Алматытелеком" ӨТД бас директоры Шерхан Раздықовтың айтуынша, жүзеге асырылып жатқан жобаларды іске қосу ауылда телекоммуникациялық қызметтердің барлық спектрін ұсынуға мүмкіндік береді, сондай-ақ инновациялық қызметтерді дамыту, телемедицина мүмкіндіктеріне, онлайн-білім беруге және электрондық коммерция саласындағы қызметтерге қолжетімділікті ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осылайша қалалық және ауылдық пайдаланушылар арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетеді. "Ауылдық елді мекендер үшін ТОБЖ ұйымдастыру"халық саны 250 адамнан асатын ҚР ауылдық елді мекендерінің ТОБЖ қамту" стратегиялық жобасында көзделген. Жоба 2018 жылғы қарашадан бастап мемлекеттік-ішінара әріптестік тетігі бойынша іске асырылуда, 2020 жылғы қарашада аяқталды... |
| Толығырақ... Оқылды: 654 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
Ауылым-алтын бесігім |
| Алматы облысы әкімінің қолдауымен Талдықорған қаласының Салтанат сарайында ауылдық мәдениет үйлері, мұражайлар мен кітапханалар арасындағы "Ауылым-алтын бесігім"облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында, халықтың рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыру, қалалық, аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың атқаратын мәдени қызметін насихаттау және дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Шығармашылық жарысқа қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли құттықтады. "Елбасының" Рухани жаңғыру "мақаласын және Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың" сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі " Жолдауын іске асыру мақсатында облыс басшылығы мәдениет саласын дамытуға үлкен көңіл бөледі. Амандық Баталовтың қолдауымен "Ауылым-алтын бесігім" байқауы 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал биыл Елбасының &q... |
| Толығырақ... Оқылды: 658 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ |
| Бүгін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» онлайн байқауы қорытындыланды. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарды, парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Республика көлемінде «Азаматтық бақылау» жобасымен қолдау тауып өткізілуде. Бейнероликтер Instagram, Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілерінде #parasattyotbasy05 хэштегтермен орналастырылу арқылы сайысқа қатысты. Жалпы, Алматы облысы көлемінде аталған байқауды облыс тұрғындарынан 234 өтінім түсті. Әр отбасының бейнероликтері жеке-дара сарапқа салынып, бүгін ең көп дауыс алғандары марапатталды. 234 өтінім арасында 20 отба... |
| Толығырақ... Оқылды: 683 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
Жетісу жерінде 1200 ҮЕҰ табысты еңбек етеді |
| ыстық Азаматтық Альянсы үкіметтік емес ұйымдарға бағыт-бағдар берумен айналысқаны баршаға мәлім. Аталған жұмыс «бір терезе қағидаты» бойынша іске асқан болатын. Көпке шарапаты тиген бұл жобаның іске қосылғанына екі жыл толды. Осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар жайлы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды. Алматы облысындағы әлеуметтік маңызды бастамалар мен бағдарламалар және жобалардың негізгі көздері үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. ҮЕҰ мемлекет, түрлі әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар арасында олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын делдал ретінде әрекет етеді. Аталмыш ұйымның жекедара жетілуі үшін өңірдегі Азаматтық Альянс өз кезегінде 2 жыл көлемінде қол ұшын созып келеді. Олардың тарапынан сапалы адвокаттық қызмет, ҮЕҰ қызметкерлерін оқытудың үздіксіз процесі, сонымен қатар уақтылы кеңестер мен әдістемелік көмек көрсетіледі. Бүгінгі күні Жетісу жерінде 1200 ҮЕҰ табысты еңбек етіп келеді. Олардың... |
| Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 09.12.2020 |
Аламаты облысында екі колледж жатақханасы білімгерлерге есігін ашты |
| «Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын», - деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Алаш арысы айтқандай қазіргі жастарға мемлекетіміз баржағынан қамқорлық жасап келеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «ЖОО мен колледж студенттеріне арналған жатақхана құрылысын жандандыра отырып 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақхана салуды» тапсырған болатын. Осының өзі «қоғамның қозғаушы күштеріне» аударылып отырған назардың айқын көрінісі емес пе. Елбасының бұл тапсырамсын орындау Жетісу жерінде қарқынды жүзеге асуда. Оған дәлел Талдықорғанда Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен екі бірдей «Студенттер үйінің» қолданысқа берілуі. Екі нысанның да ашылу салтанатына өңір басшысы Амандық Баталов арнайы келіп, ресми түрде лентасын қиды. «Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджет қаржысына жатақхана салу туралы шешім қабылданды. Бұған дейін 1 студенттер үйі Үштөбе қаласында пайдалануға берілді, ал бірнеше а... |
| Толығырақ... Оқылды: 644 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
2020 жылдың қараша айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,35 млрд. теңгені құрады |
| 2020 жылдың қараша айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,35 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша қараша айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-30 қараша аралығында) 22,7 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қараша айында Алматы облысы бойынша 802,3 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 549,1 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
| Толығырақ... Оқылды: 634 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қайта жанданды |
| Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы 30 қарашадан бастап қайта жанданды. Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді. Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін... |
| Толығырақ... Оқылды: 589 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ – ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ |
| Аптаның бесінші күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді. Ел дәулетін еселеген ауылшаруашылық саласының үздіктерін ең алдымен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, бірқатар жандарды марапаттады. Сондай-ақ, облыс басшысы Жетісу өңірі бойынша ауылшаруашылығында қол жеткізген жетістіктерді тізбектеді. Мәселен, мемлекеттік қолдаулардың арқасында сала көрсеткішінің жоғарылап, халық жағдайының жақсарғаны, өндіріске алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіліп, егістіктерде тамшылатып суарудың кеңінен қолданыла бастағаны, сондай-ақ, егін шаруашылығы бойынша басым дақылдарға арналған алқап көлемінің ұлғайып, бақты интенсивті жолмен өсірудің жанданып келетіндігі айтылды. Ауданның қамбасын астыққа, қорасын мал-жанға толтырып жүрген еңбек шаруаларын аудан әкімі өз атынан құттықтап, тиісінше марапаттады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл&ra... |
| Толығырақ... Оқылды: 621 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.12.2020 |
ОТАНДЫҚ ФИЛЬМ - "ОСКАР" СЫЙЛЫҒЫНА ҮМІТКЕР |
| Отандық "Ұлы дала зары" фильмі әйгілі "Оскар" сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. "MG PRODUCTION PLUS" кинокомпаниясының ұжымы әділ шешім шығарғаны үшін ҚР Оскар комитетіне алғыс білдіреді. "Өткен ғасырдың 30-жылдары қазақ халқының басынан өткен қасірет - АШАРШЫЛЫҚ тақырыбындағы фильм шынайы оқиғалардың желісімен түсірілген. Қолдан жасалған қастандықтың салдарынан ата-бабаларымыздың 70%-дан астамы қынадай қырылды. Сондықтан, көркем туынды ата-бабамыздың, Алаш арыстарының рухына бағышталады", - дейді "MG PRODUCTION PLUS" кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков. Жалпы фильмді жарыққа шығаруға 5 жылдан астам уақыт жұмсалған. Алғашында қаржы тапшылығына байланысты халықтан краудфандинг арқылы қаржы жиналған. Тіпті, компания иесі басталған істі аяқтау үшін жеке мүлкін де сатқан. Сондай-ақ, түсірілім болған Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Қапал, Арасан, Суықсай, Баласаз ауылдарының тұрғындары да қақаған қысқа қарамастан түсір... |
| Толығырақ... Оқылды: 662 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020 |
Облыста инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 28% құрайды |
| Алматы облысында соңғы деректерге сәйкес коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 5800 ге жетіп отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Соңғы аптада облыс аумағында 202 адамның кеселге шалдыққаны анықталған. Олардың ішінде Еңбекшіқазақ-24, Жамбыл-9, Қаратал -19, Көксу-7, Панфилов та-8, Талғар-40, Ұйғыр аудандарында-17, ал Текелі қаласында 14 жағдай тіркелген. Сондай-ақ, бір тәулікте 24 жанның короновирустық инфекцияны жұқтырғаны белгілі болған. Салдарынан індеттің өсу деңгейі 0,4% құрап отыр. «Облыс емхаларындағы инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 28%, провизорлық орындарда 31,5% құрайды. Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында сынама нәтижесі арқылы 67 жағдай тіркелді»,- дейді Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев. Айта кету керек, өңірде карантин шараларының бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімді... |
| Толығырақ... Оқылды: 644 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020 |
