Жаңалықтар

Сауық құрамын деп сақтықты ұмытпаңыздар!

Жаңа жыл мерекесі көңілге қуаныш сыйлағанымен қарашаның тағдырын бір сәтте өзгеріп жіберері тағы бар. Жарқылдаған отшашулар, қызыққа толы кештің аяғы қайғылы оқиғаға ұласып жатады. Мұндайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздікті басты назарға алу керек деп дабыл қағады. Пиротехникалық заттарды пайдалану барысында халық жарақат алып, тіпті айналаны қызыл жалын шарпып кету қауіпі жоғары. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін төтеншеліктер полиция қызметкерлерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде. Отшашуларды заңсыз сату бұл әуелі адам денсаулығына төтенше қауіпті. Бұл ретте мемлекет заң аясында қатаң шараларды қолдануға мәжбүр. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау, тасымалдау, сату, әкелу, әкету тәртібін бұзу-жеке тұлғаларға пиротехникалық заттар мен, азаматтық пиротехникалық...
Толығырақ... Оқылды: 1284 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020

http://nurly.koksu.gov.kz/news/cat-2/2404/

Өткенге есеп, болашаққа бағдар қояр бұл жиын Жетісуда дәстүрлі өтіп келеді. Биылда сән -салтанатты бұзбай облыс әкімі Амандық Баталов өңірге еңбегі сіңген, қалтқысыз қызмет еткен зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер алқасын жаңа жыл қарсаңында қабылдады. Жиынға шақыртылғандар санаулы. Олардың арасында аймақтың «Құрметті азаматтары, «Құрмет» орденінің иегерлері, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері бар. Ерте жастан еңбекке араласқан қарттарымызға қандай құрмет көрсетсе де артық емес. Өйткені, бірі тылда жұмыс істесе, ендігісі әлі күнге ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп келеді. Салтанатты шара өзіне тән сәнімен басталып, қарияларды күмбірлеген күймен қарсы алды.Бұл кездесу, бұрынғыдан өзгерек десекте болады. Шараның алғашқы шымылдығы биылғы індет салдарынан бақилық болған ел азаматтарын еске алумен басталды. Артынша, өңірде атқарылған жұмыстар жайында әзірлеген бейнеролик көптің назарына ұсынылды. Игі кездесудегі алғашқы сөзді облыс әкімі Амандық Ғ...
Толығырақ... Оқылды: 1763 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

Алматы облысында індеттің өсімі тәулігіне 0,6 пайызды құрайды

Жетісу жерінде жалпы коронавирус инфекциясының 6604 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2358 адамнан КВИ анықталған. 5709 толық емделіп шықты. Қазіргі уақытта 432 пациент әлі ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыста 49 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болып отыр. Сәйкесінше өсім тәулігіне 0,6 пайызды құраған. Инфекциялық стационарлардың жүктемесіде ұлғайып, төсек-орын саны 683-тен 1003 төсекке дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 96-дан 110-ға дейін артты. «Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бөлінді. 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты және басқа да медициналық жабдықтар мен 31 хай Флу аппараты сатып алынды. Ауруханаларда 534 өкпені жасанд...
Толығырақ... Оқылды: 1759 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

Жаңа жағдайдағы білім беру⠀

Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыруды қолға алды.⠀ Мерейтойлық бағдарламаның басты жаңалығы белгілі ұстаздар тәжірибелерімен бөлісетін Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық шеберлік онлайн алаңының ашылуы болып отыр. Алғашқы болып Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгілерінің иегерлері шақырылады. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінде 80-нен астам адам жоғары педагогикалық марапат иегерлері. Олар елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің математика пәні мұғалімі Гүлнар Апеева, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Сәуле Ахметова, Өскемендегі NIS-тің биология пәні мұғалімі Татьяна Джежеря, Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің ағылшы...
Толығырақ... Оқылды: 1754 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

Алматы облысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруда көш бастап тұр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова Алматы облысына кезекті іс-сапарымен келді. Министрдің сенімді уәкілі аймақта «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуын көзімен көріп қайтты. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының ел аумағында іске қосылғанына аттай үш жыл болды. Бастапқыда аталған бағдарламаның желкенін көтеруге 16 млрд. теңге қаржы бөлінген еді. Берілген қаражат желге ұшпады. Пайдасын ел көрді. «Еңбектің» бірінші бағытына сәйкес, облыс бойынша 15 білім мекемесімен 14 оқу орталықтарында 45 мамандық бойынша 2536 адам бизнеске бағыт алған. Оның 2046-сы тұрақты жұмыс орнына орналасып үлгерген. Екінші тармағы арқылы оқыған адамдардың ішінен 1094-і 4791,3...
Толығырақ... Оқылды: 1519 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

ҮМІТКЕРЛЕР ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Жарлыөзек ауылдық округіне арнайы барып, «Балпық» ЖШС-і ұжымының қызметкерлерімен кездесіп сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Кездесу барысында еңбек ұжымының да ұсыныстары тыңдалды. Мәселен, олар техника мен қызметшілер санын көбейту жайында айтып өтті. Үміткерлер айтылған әрбір ұсыныстар мен қойылған сауалдарға жауап беріп, мәселенің міндетті түрде өз шешімін табатынын айтып жеткізді. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы бойынша көптеген оңтайлы шаруалардың күрмеуі шешіліп, өрісінің кеңейетіні жайлы да тілге тиек етілді. Сол себепті де партияның сенімді тұлғалары ауыл шаруашылығы саласында қызмет істеп жатқан азаматтарға «Nur Otan» партиясына дауыс берулерін сұрады. «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Көксу ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.
Толығырақ... Оқылды: 1612 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

«Есіктен – есікке» акциясы Мұсабекте

«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен – есікке» акциясы Мұсабек ауылдық округінде тағы бір мәрте жалғасын тапты. Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында партия атынан облыс пен аудан мәслихаты депутаттығына үміткерлер тұрғын үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті. «Есіктен – есікке» акциясы үміткерлердің сайлаушылармен еркін форматта жүздесіп, партия бағдарламасын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді. Кездесуде пандемияның орын алғанына қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салатыны жайында айтылды. Бағдарламада алдағы 5 жылда Көксу ауданында атқарылуы қажет жұмыстар толық көрініс тапқан. Оның ішінде өзгерістер жолында әр азаматқа лайықты өмір салтын қалыптастырудағы басымдықтарға айрықша мән берілді. Білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту да алға қойылып отыр. Бұ...
Толығырақ... Оқылды: 1552 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

АЛДАҒЫ ЖЫЛҒА АРТАР СЕНІМ МОЛ

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың жиырма төртінде яғни бүгін Алматы облысы, Көксу аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жарлыөзек пен Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді.Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Кездесуде «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов: «Біздің партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan»...
Толығырақ... Оқылды: 1281 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

Алматы облысында I республикалық Press Summit өтті.

Форумға еліміздің Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан баспасөз хатшылары,журналистер қатысты. Олардың Жетісу жеріне келудегі мақсаты тәжірибе алмасу,сондай-ақ, Алматы облысындағы тарихи-мәдени нысандармен танысу. Басқосу Жамбыл, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарында өтті. БАҚ өкілдері іскерлік байланысты,қалыптастыру, аудиториямен жұмыс тақырыптарын талқылады. Жетісу жеріне келген меймандарды облыс әкімінің орынбасары Рустам Али қарсы алды. Өз сөзінде «Бұл саммит ішкі туризмді таныстыру ғана емес, әріптестік байланысты нығайту. Ақпарат алмасуда жаңа механизмдер, алгоритмдерді бөлісу. Мұнымен қоса, өңірде Елбасы, Мемлекет басшысы бастамаларының жүзеге асу барысын таныстыру» деп қосты ол. Press Summit кезінде меймандар Шамалған ауылындағы «Атамекен» музейі, Райымбек ауылдық округіндегі «Батыр бабалар», Үшқоңыр спорт кешені мен Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайына барды. Мұнымен қоса, "Ой-Қарағай"...
Толығырақ... Оқылды: 1308 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.12.2020

ҚАЗТЕЛЕРАДИО: Таулы, тасты жер болса да радиотелевизиялық станция салынады

«ЦифрлықҚазақстан» мемлекеттікбағдарламасыніскеасыру - бүгінгікүнніңбасымміндеттерініңбіріболыптабылады. Осы бағдарламааясында «Қазтелерадио» АҚ - телерадиохабартаратусаласындағыұлттықоператордыңтікелейқатысуыменжәнеқолдауыменцифрлықэфирліктелевизияғакөшужобасыбелсендітүрдежүзегеасырылуда. Бұл үрдістегі басты міндет – радиотелевизиялық станцияларын салу. Қазіргі уақытта жобаға енгізілген 827 РТС-тің 543-і салынды. Оның ішінде биыл 68 цифрлық радиотелевизиялық станция іске қосылды: 13 - Солтүстік Қазақстанда, 16 - Қызылордада, 6 - Шығыс Қазақстанда, 5 -. Ақтөбеде, 4 - Ақмола, 16 - Қарағанды ​​және 8 - Атырау облыстарында. Осы жылдың желтоқсан айында ғана Қарағанды ​​облысында тестілеу режимінде 5 радиотелестанциясы іске қосылды, жыл соңына дейін тағы үшеун іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар соңғы айда Ақмола облысының Ерейментау қаласында бір радиотелевизиялық станция, Атырау облысында 8 РТС іске қосылды. Келесі жылы 87 РТС-тің құрылысын аяқ...
Толығырақ... Оқылды: 1242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.12.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.