Жаңалықтар

Құрбан айтта демалыс жоқ: тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда қазақстандықтар тамыз айында он күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды. Ал 30 тамыз – Конституция күні. Осы жылы мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келіп отыр. Тиісінше қазақстандықтар бұл күні жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады. Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр. Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 17.07.2019

Бейбітшілікке бастайтын 10 хадис

Әу баста-ақ мейірімі күшті Алла Тағала: «Расында осы сендердің үмбеттерің - бір ғана үмбет. Ал Мен - Раббыларыңмын, ендеше (Өзіме ғана) құлшылық қылыңдар» («Әнбия» сүресі, 92-аят), – деп, адамдарды біртұтас қауым ретінде сипаттаған. Иә, мейірімді Алла Тағаланың өзі толықтастырып әрі қоштап, ұнатқан кемел дініміз Ислам адамзат баласын алауыздықтан, ымырасыздықтан сақтандырып, тек бірлік пен ынтымаққа ғана шақырады. 1. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) бұл жөнінде: «Менен кейін (мен өлгеннен кейін) бір-біріңнің бастарыңды алатын дінсіздерге айналып кетпеңдер», – деп қатаң ескерту жасаған (Бұхари, Муслим).Сондай-ақ, Құранда да: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар» («Әли Имран» сүресі, 105-аят), - деген қатаң ескерту бар. Алауыздық пен бөлінуге себеп болған адамға берілетін жаза Ислам адамдар арасындағы алауыздық пен бө...
Толығырақ... Оқылды: 535 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.07.2019

Жәннат бағын бұйыртатын амалдар

Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірқатар сауапты амалдарды орындаған кісіге Жәннатты уәде еткен. Ендеше мол сауаптан сіз де қапы қалмаңыз! Жәннат бағын бұйыртатын мына амалдарды жадыңызда жаттап, амал етіңіз: Ақыретте Алланың құзырына мына фәниде Оған еш ортақ серік қоспастан келген адам – Жәннаттық. (Бухари) Аллаға және және Оның Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шынайы иман келтіріп, намазын толық орындаған және Рамазанда отыз күн ораза тұтқан кісінің орны – Жәннат. (Бухари) Бір Алланың разылығын іздеп, мешіт тұрғызған жанға Алла Тағала Жәннаттан үлкендігі дәл сондай зәулім үй тұрғызады. (Бухари) Екі намазды толық және уақытында орындаған кісі (таң және асыр намаздары) сөзсіз Жәннатқа кіреді. (Бухари) Бұл екі намазды (таңғы және түстен кейінгі намаз (бесін) мешітте жамағатпен бірге оқыған мұсылманның барар жері – Жәннат. Екі жағының ортасындағы (тілі) мен екі аяғының арасындағысын (күнәдан) сақтауға кепіл кісіге...
Толығырақ... Оқылды: 502 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.07.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 шілде

Бүгін Францияда Виши режимінің нәсілшілдік және антисемитизм құрбандарын еске алады. Аталған күн 2000 жылы Францияның ұлттық жиналысының шешімімен ресми түрде бекітілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында құрылған Виши нәсілшілдік режимінің полициясы 1942 жылы 16 шілдеде Францияның тегі еврей 13 мыңға жуық азаматын Париж велодромына айдап шығып, гитлершілердің қолдарына тапсырған. Бұдан бөлек, 16 шілде күні Халықаралық жылан күні аталып өтеді. Улы жыланның түрлері көп. Алайда осы санаттағы бауырымен жорғалаушылардың пайдасы да жоқ емес. Мәселен, жыланның уын медицинада қолданады. Ал жылан-роботтар құтқару шараларына қатысып, ғарышқа дейін ұшырылады. Ал гурмандар дәмді тамақ күнін тойлайды. Сондай-ақ, бүгін – Асфальтта сурет салу күні. Мамандардың айтуынша, асфальтта сурет салу арқылы адамдардың өмірін өзгертуге болады. Себебі ондай шығарманы көп адамдар көреді.
Толығырақ... Оқылды: 317 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.07.2019

Қазақстанда жаңа білім бағдарламасы қабылданады

Жыл соңына дейін «2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама» бекітіледі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. «Осы жылдың соңына дейін «2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы» бекітіледі. Оның аясында үш кезеңдік мектеп мәселесі шешіледі», - деді ол. Премьер-министрдің хабарлауынша, елімізде 100-ден астам жекеменшік мектеп пен 3 мыңға жуық балабақша ашылады. «Барлығы 500 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде өздігінен қаржыландыру есебінен 100-ден астам жекеменшік мектеп ашылады. Бұдан бөлек мемлекеттік-жекешелік кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша ашылады», - деді Мамин. Айтуынша, 2021 жылға қарай еліміздегі мектеп, колледж және ЖОО-лар оқудың жаңа бағдарламасына толық көшеді. «Мұнымен бірге кішігірім мектептердің білімінің сапасына, ауыл және қала...
Толығырақ... Оқылды: 321 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.07.2019

КЕЛІНДІ "КЕЛСАП" ҚЫЛАТЫН ЕНЕ МЕ НЕМЕСЕ ЕНЕ МЕН КЕЛІН АРАСЫ

"Келін" мен "ене" тақырыбы қай уақытта да өте өзекті болып келеді. Неліктен бұл тақырып күн тәртібінен түспей келеді? Ықылым замандардағы ене мен келіннің арасы қандай болған? Енені неге "кенеге" теңейміз? Бүгінгі таңда жас бойжеткендер неге ата-енесімен тұрғысы келмейді? Жаза берсек, көкейде жүрген сұрақ көп. Шынымен де, келінді "келсап" қылатын ене ме? Алдымен "келсап" сөзінің мағынасын ашып алсақ. Негізінен, келі-келсап - ол дәнді қауызынан арылту және ұнтақтауға арналып қатты ағаштан (кейде тастан қашалып) жасалған аспап. Қазақ халқы келі-келсаппен тарыны, бидайды, т.б. дәнді дақылдарды түйіп, жент, жарма, талқан дайындаған. Сонда келсап болып тұрған келіннің өзі ме әлде сөзі ме? Әрбір қыз баласы өмірде өз сыңарын тауып, тұрмысқа шығары айдан анық. Әйел бақытын сезіну - ол баға жетпес байлық. Одан әрмен, ана атанып, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырғанға не жетсін, шіркін! Бірақ, қазіргі заманның қыздары осы бір жауапты қадамға...
Толығырақ... Оқылды: 1560 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Журналистер арасында «Самғау 2019» байқауы жарияланды

Алматы облысы әкімінің журналистер арасындағы «Самғау» байқауы биыл да ұйымдастырылады. Байқауға жаңа номинациялар қосылып, жүлде қоры да еселенді. Бұл туралы Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында баяндады. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады. Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзекті мәселелерді жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың редакциялары, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлары қатыса алады. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі: 1. « Жылдың үздік журналисті» (ақпараттық мақала); 2. «Жылдың үздік тележурналисті» (жаңалық сюжет); 3. «Жылдың үздік оператор...
Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Алматы облысының Құрметті азаматы еңбек демалысына шықты

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасардың «Жетісу – жүрегімде» атты шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық шара жарты ғасырдан астам уақыт «Хабар» телеарнасында елеулі еңбек етіп, көгілдір экран арқылы жаңалықтарға жаршы болып, Жетісу жұртының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ардагер журналист Тілеуқабыл Үсенұлының құрметті демалысқа шығуына орай ұйымдастырылған. Тілеуқабыл Үсенұлының мерейтойына орай ұйымдастырылған шығармашылық кештің шымылдығын Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы құттықтау сөзімен ашып, ізгі тілегін жеткізді. Бұқара мен билік арасындағы алтын көпірлік міндетін адал атқарған журналистке шапан жауып, халық алдындағы мәртебесін тағы бір асқақтатты. Сондай-ақ, ардагер журналистің жақында ғана жарық көрген «Хабар-аға» және оның қалжыңдары» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Басылымға автордың ел аузында жұрген әзіл әңгімелері мен үзеңгілес достарының, шәкіртт...
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Грузияны бағындырған Димаш

«Golden argo-2019» халықаралық байқауында қазақстандық жас ақын Дінмұхаммед Бекболатұлы бірінші орынды иеленді. Дінмұхаммед Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. Көлді орта мектебінің 8-ші сыныбында оқиды. Ол 27 маусым мен 3 шілде аралығында Украина, Литва, Болгария, Түркия, Армения, Азербайжан, Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық жас өрен қатысқан байқауда бағын сынаған. Әбубәкір Қайранның "Қасқыр" атты өлеңін нақышына келтіре айтып, қазылар алқасының жоғарғы бағасын алды. Жас ақынның шығармашылығын шыңдауға анасы әрқашан қолдау көрсетеді. Ол осыған дейін "Мен де жұлдыз боламын" атты республикалық конкурсына қатысып, халықаралық ақындар жарысының лауреаты атанған. Жас ақын алдағы уақытта өзінің жеке шығармашылық кешін беруді жоспарлап жүр екен.
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Алматы облысында Қазақстанның заманауи өнерінің көрмесі өтті

Бүгін Талдықорған қаласының Көрме орталығында "Ұлы Дала хикаялары" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында, Алматы облысы әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Көрмеге қолынан өнер тамған 12 суретшінің 100 - ден астам туындылары қойылды. Олар: Алмагүл Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нұрекеев, Асхат Ахмедьяров, Сәуле Дүйсенбина, Әлібай Бапанов, Молдақұл Нарымбетов, Виталий Симаков, Саид Атабеков, Смаил Баялиев, Арыстанбек Шалбаев. Бұлар заманауи өнердің негізін қалаған жарқын идея мен сүбелі ойға толы азаматтар. Өнер тапқыш дарын иелерімен бірге куратор, ғылым докторы, өнертанушы Юлия Сорокина және халықаралық куратор-Лиза Ахмади шараға бірге келді. Айта кетсек, бұл Қазақстан бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды жоба. Көрмені тамашалауға қатысқан жандар ұлтымыздың бірегейлігі мен тұтастығын сақтап тұрған ұлттық на...
Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.