Жаңалықтар
УӘДЕ БЕРУ – БІР АБЫРОЙ, ОНЫ ОРЫНДАУ МЫҢ АБЫРОЙ |
«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек». Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» елжанды азаматтардың өскен өлкесіне деген шынайы адалдығын айқындаған бағдарлама. Келешекке деген сенім нығайды. Бағдарлы бастама шеңберінде ауданға қарасты ауылдардың келбеті көркейіп, келісті. Былтыр бірнеше балалар алаңқайлары мен оңтайлы орталықтар қолданысқа берілген болатын. Әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық қуанышқа бөленді. Өткен аптада көксулықтар тағы бір мәрте марқайып, бөріктерін аспанға лақтырды. Оған себеп - аудан орталығы Әліби Жангелді көшесі бойынан салынған шағын спорт алаңының ашылуы. Бұл атаулы бағдарлама аясында ашылғалы тұрған 8-ші нысан. Ал, осы қуанышты күннің басты себепкері - Жүнісовтар әулеті. Былтырғы 4 тамызда өткен "Жерлестер форумында" аудандық мәсл... |
Толығырақ... Оқылды: 495 Санат: СПОРТ Уақыты: 10.07.2019 |
"DariКz" мобильді қосымшасының тиімділігі |
Шілде айынан бастап дәрі-дәрмектер дәрігердің рецебінсіз сатылмайды. Яғни, құрамында психотроптық және есірткі қоспасы анықталған дәрілік заттар мүлдем берілмейді. Егер бұл талап орындалмаған жағдайда дәріхана қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Бұл жөнінде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері баспасөз мәслихатында айтты. Жалпы, Қазақстанда 8 мыңға жуық дәрілік зат тіркелген. Заңнамаға сәйкес 6 мыңнан аса дәрі қатаң дәрігер рецепті бойынша ғана беріледі. Ал, дәрумендерге, ерітінділер мен шөп қоспасынан дайындалған өнімдерге шектеу жоқ. Жиында "DariКz" мобильді қосымшасының тиімділігі де түсіндірілді. Онда учаскелік дәрігердің нұсқаулығы, рецептік дәрілер мен басқа да мәліметтер енгізілген. Сол арқылы дәріханадан дәрі-дәрмек те алуға болады. Осы жүйе бойынша, мамандар препараттардың заңсыз сатылуының алдын алмақ. Қазіргі уақытта дәрілік заттарды сату мәселесі 2009 жылғы ҚР «Халық денсаулығ... |
Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019 |
Талдықорғанда ауыл әйелдерінің форумы өтті |
Жетісулық іскер қыз-келіншектер Талдықорғанда басқосты. "Облыстық ауыл әйелдерінің" форумына әр аймақтан кәсіпкерліктің тұтқасын ұстап жүрген жандар келді. 200-ден аса қатысушы түрлі сала бойынша пікір алмасты. Жетістікке жетудің құпиясы, бизнесті басқару мен отбасы құндылықтарын талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев те қатысып, өңірдегі кәсіпкерлік әлеуетін таныстырды. Қазір облыста 122 000 шағын және орта бизнес субъектісі болса, соның тең жарымын қыз-келіншектер басқарып отыр. Басқосуда табысты еңбек етіп жүрген бірқатары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ қаржы ұйымдары кәсіпкерлерге арналған бағдарламаларын таныстырды. Жиында алғаш сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлы: «Құрметті форумға қатысушылар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан сіздерге қош келіпсіздер деймін. Жиын жұмысына сәттілік тілеймін. Өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту тиімді жүргізілуде. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін кешенді Жол картасы... |
Толығырақ... Оқылды: 461 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019 |
Алматы облысында «Жетісудың жеті батыры» анықталды |
Ержүректік пен ерлік, батырлық пен қайсарлық тек соғыс сағатында ғана сомдалмайды. Күнделікті өмірдің кез келген сын сәттерінде басын қатерге тігіп, ерлік көрсеткен жандар осы қасиеттері арқылы талай жүректерге от тастап, намысын найзағайдай ойнатады, рухты оятады. Жетісу жерінде батыр азаматтарымыз жетерлік. Алайда есімдері елге танымал болмай, ұмыт қалғандары қаншама. Сол есімдерді жаңғырту, танымал ету, ерліктерін білу мақсатында «Жетісудың жеті батыры» атты жобасы бастау алып, алғашқы жеті батыры да белгілі болды. Жаңа жоба белгілі журналист, блогер Сандуғаш Дүйсенованың идеясы. Бүгінде ол «Пятый регион» атты қоғамдық бірлестік құрып, қайырлы істерді насихаттауға ден қойған. «Бұл күнде қайсарлық танытатын азаматтар кемде-кем. Бірақ, көпке топырақ шашуға да болмайды. Өз өмірін ойланбастан басқа азамат үшін қиып, қол ұшын созатындар да жетерлік. Тіпті, өмірден озғандарда қаншама. Сондай игі істерді атқарған азаматтарымыздың ерен еңбектерін жаңғы... |
Толығырақ... Оқылды: 413 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019 |
БІЗ АРЫСПЕН БІРГЕМІЗ... |
«Апат айтып келмейді» деп жатамыз... шынымен де, өткен аптадағы Түркістан өңірінің Арыс қаласында болған алапатты апат бүкіл елді дүрліктірді. Ел аман, жұрт тынышта орын алған бұл жойқын жарылыс барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. «Оттың ісі – қуырмақ» демекші, қаншама адам үй-жайларын тастап, қашуға мәжбүр болды. Баспанасыз қалған жандарды көршілес Шымкент қаласына уақытша қоныстандырды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев апат болған түні арыстықтарға келіп, оқыс оқиғаның мән-жайымен танысты. Қауіпсіз жерге көшірілген халықты ыстық тамақпен, дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуді, барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Бір сөзбен айтқанда, шырғалаңға түскен тұрғындардың шертер күйі – шығар мұңына назар аударды. Зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау жасалатындығын айтты. Бұл дегеніміз – елдің қамын ойлаған жанашыр басшысының мәрттігі. Арыстықтардың иығына түс¬кен ауыртпалық барша елдің басын бірік... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.07.2019 |
ПРОКУРАТУРА ОТЫРЫСЫ |
Өткен аптада аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен, өкілетті органдардың өзара ынтымақтастық іс - шаралар жүргізу мақсатында, аудандық борышкерлердің мемлекет пайдасына, алимент және өндірілуі тиіс атқару өндірістері бойынша отырыс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, Көксу ауданының прокуроры Азамат Бекеев, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Сүлейменова және өкілетті органдардан осы жобаны іске асыру үшін ауданның мемлекеттік сот орындаушылары, мекеме, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты. Көксу ауданының прокуроры Азамат Бекеев өз сөзінде бірлескен жұмыс жасаудың нәтижесінде жақсы көрсеткішке жететіндігін атап өтті. Ал, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Кенесқызы алимент пен мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерден өндіруге ықпал ету үшін, аудан бойынша өкілетті органдардың өкілдері өзара ынтымақтастық іс - шаралар жүргізу мақсатында, меморандумның... |
Толығырақ... Оқылды: 500 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.07.2019 |
ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ 14 ҚҰПИЯСЫ |
Қазіргі нарық заманындабай-бақуаттыболғысы келмейтін адам жоқ шығар. Бірақ та, барша адамның арманы болған байлық адамдарды таңдап, талғап қонатын бақ құсы сияқты жүздің, тіпті мыңның біріне ғана бұйыратын игілік сияқты.Бай болам десеңіз, табысты адамдардың бірнеше дағдысын үйреніп алыңыз. Табыс пен байлықтың құпиясын жасырған дағдылармен танысайық. ►Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзімде шешу, кейінге қалдырмау, созбау, ушықтырмау.Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз, бұл ешқандай шешім қабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып-толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ, сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болу үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз. ►Құндылық жасау.Әр түрлі тәсілдермен құндылық қалыптастырып, жинақтаңыз. Сізді қоршаған адамдар үшін өзіңіздің құндылығыңызды арттырыңыз. Айналадағылар үшін құнды тауар... |
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.07.2019 |
ТУЫСЫҢМЕН ТАТУ БОЛУДЫҢ КІЛТІ |
Ағайын, туысы жоқ адам жер бетінде кемде-кем. Бәріміздің бірге туған аға-бауыр, әпкеміз, ізімізден ерген қарындас, сіңліміз бар. Жоқ болған күннің өзінде жеті атамыз түгілі, екі-үш атаның ұрпақтарын түгендесек, талай қандас, туыс тауып, ағайынға бір жарып қалатынымыз анық. Ағайын, не аңғардың, Аңғармасаң қарашы: Танымайтын жандардың Түбі – жиен-нағашы, - деп ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, негізінде, түбін тексере келсе, қазақтың бір-біріне бөтені жоқ. Тіпті, бәріміздің Адам ата мен Хауа анадан жаралғанымызды ескерсек, жер бетіндегі барлық адамзат баласы – бір-біріне туыс. Осыны ескерген біздің халқымыз әу бастан-ақ жеті атасын түгендеп, жеті жұрттың қамын жеген. Жеті атаны түгендеу – бөліну емес, керісінше түп-тұқияныңды, шыққан тегіңді танып, туыстарыңмен байланысты нығайту. Қазақ халқы бір-бірін өкпеге қиса да, өлімге қимаған. Қыс қыстау, жаз жайлауға көшсе де, туыс-туғанынан жырақтап, іргесін алыстатып көрмеген. Керісінше, бір-біріне қарайласып, жапсарласа орн... |
Толығырақ... Оқылды: 526 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.07.2019 |
Тоқаев тағы бір мораторий жариялады |
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған. Мораторий мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында енгізіліп отыр. "2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін", - делінген құжатта. Оған мыналар қосылмайды: қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар; жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар; жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер); Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмас... |
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 шілде |
Америка Құрама Штаттары мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Америкалықтар бұл мейрамды "Fourth of July" – "4 шілде" деп атайды. 1776 жылы 4 шілде күні АҚШ конгресі Тәуелсіздік декларациясын мақұлдаған болатын. Құжатқа конгресс президенті Джон Хэнкок пен хатшы Чарльз Томсон қол қойды. Сондай-ақ, бүгін – II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлерге қатысты геноцидті еске алу күні. 1941 жылы 4 шілде күні фашистік Германия әскері Латвия астанасы Ригада мыңдаған еврейді сегіз синагога қамап, тірідей өртеп жіберді. Бұл күн тарихқа "хрусталь түні" ретінде енді. |
Толығырақ... Оқылды: 438 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.07.2019 |