Жаңалықтар

ЖАМАНДЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ, ЖАҚСЫЛЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ…

Бір келіншек күнде екі таба нан пісіріп, біреуін өзі талғажау етіп, біреуін терезесінің алдына қояды. Ол таба нанды көшеде өтіп бара жатқан кез келген адам алып кете алады екен. Нанды күнде терезе алдына қойғанда, басқа қалаға кетіп, содан бері еш xабар-ошарсыз жоқ боп кеткен баласының аман келуін тілейді екен. Бірде нанды аяғын сылтып басатын қаңғыбас шалдың алып бара жатқанын байқап қалады. Алайда, шал алғыс айтудың орнына, «Жамандық қылсаң өзіңе, жақсылық қылсаң өзіңе!» деп кетеді. Байқаса, нанды күнде осы шал алады екен. Таң ата терезені бағып тұрады. Нанды көре сала дорбасына салып алып, манағы сөзді айтып кетеді. Бұл әйелдің ашуына тие бастайды. Қаңғыбас шал «алғыстан» гөрі, «қарғыс» айтып кететіндей әсер қалдырып жүрді. Және ол дәндеген шалдан оңайлықпен құтылмасын біліп, ашуланып, сол күнгі таба нанға у қосып қояды. Бірақ, жеме-жемге келгенде у қосылған нанды терезе алдына қоюға әйелдің қолы бармайды. Ол сол бойда істегеніне өкініп, нанды жал...
Толығырақ... Оқылды: 785 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.06.2019

БІР ҚҰЛАШ АРҚАН

Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!» Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс болыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойынша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті. Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады. Кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті. Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жерге н...
Толығырақ... Оқылды: 547 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.06.2019

ОЛ ЖАҚҚА КІМ БАРЫП КЕЛІПТІ?

Бірде, өлім сәті жақындаған қария балық, өсиет айтпақ ниетімен, жас балықтарды жинап алыпты. Ол өсиетінде: «Мына судың сыртында адам деген жаратылыс өмір сүреді. Олар сендер жақсы көретін тағамды қармағына салып, сендерді судың сыртына алып кетеді. Ол жақта сендерді аршып, тазалап, майға қуырып жейді. Сондықтан, абай болыңдар!» — депті. Сөйтіп, ол қария балық дүниеден өткен. Күндердің бір күнінде жас балықтар судың астында ойнап жүрген шақта балықшы келіп, балықтың жақсы көрер тамағын салып, қармағын тастаған екен. Оны бір жас балық көре сала соған қарай ұмтылады. Мұны байқаған басқа балық: «Тоқта! Әлгі қарияның айтқаны есіңнен шықты ма? Абай бол!» — деп ескертіпті. Бұған әуелгі балық: «Ол жаққа кім барып келіпті?» — деп, сүйікті тағамын шап беріп, балықшының қармағына іліккен екен. Осы әңгімедегі жас балық қайтып келіп: «Ол жақта, шынымен, бізді аршып, тазалап, майға қуырып жейді екен» — деп айта ала ма? Әлб...
Толығырақ... Оқылды: 510 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.06.2019

Алтынның орнына күмісті тағу сыры

Ұзақ жылдар бойы алтынның адам ағзасына тигізер әсерін зерттеп келген канадалық зерттеушілер осы металдан жасалған әшекей бұйымдар адамды күйзеліске алып келетінін хабарлады. Канада ғалымдары алтын бұйымдарды мүлдем тақпаңыздар демей, керісінше тек түнде шешіп қоюға немесе орнына жүйке қызметін реттеп, артериялық қысымды төмендететін күмісті тағуға кеңес береді. Тәжірибе нәтижесі бойынша, теріге тиген алтын жүйке қызметін нашарлатып, зат алмасуды тежейді әрі көңіл-күйдің бұзылуына себепкер болатындығы анықталды. Эмоциялы адамдарды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұнымен қатар. қояншық ауруына шалдыққандар үшін аса қауіпті. Әшекей бұйымдардың көздің жауын алып жарқырауы қояншық ауруының ұстамасына алып келеді. Ал күмістің әсері керісінше. Оны адамзат ежелден қолданып келеді: күміс ыдыстардан тағам жеген, күміс су ішкен, оның көмегімен түрлі ауруларды емдеген. Күміс қосылған тағам: Күмістен жасалған немесе күміс қосылған тағам дегенді естуіңіз бар ма? Жақын арада Е174 деген...
Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.06.2019

МАСАДАН ҚОРҒАНУ АМАЛДАРЫ

Жаз келісімен масалар мазаны қашырады. Олардан далада да, үйде де жасырыну мүмкін емес. Бұл жәндіктерден қорғанудың халық арасында тараған әдіс-тәсілдер көп. Масалар қазтамақ, қызанақ және райхан гүлдің иісін жақтырмайды. Гүл салынған ыдысты терезе алдына қойса, жәндіктердің бөлмеге кірмейтінін аңғаруға болады. Үйде черри (бұрыш) қызанағы мен райхан гүлін өсіруге болады. Олардың жемісі кәдеге жарайды. Ванильді ірітіндінің көмегімен далада масалардан қорғануға болады. Бір ас қасық ваниль ұнтағын жарты стақан суға езіп, бұл ерітіндіні киімге, дененің ашық жерлеріне жағыңыз. Ванилинге бір ас қасық балалар кремін қосуға болады. Бұдан кейін ешбір маса жоламайды! Қайнатылған жусан тамыры да масаларға қарсы жақсы әсер етеді. Жусанның құрғақ тамырларына (дәріханадан дайын қоспа сатып алуға болады) бір литр су құйып, қайнатып, оттан алған соң бірнеше сағат суыту керек. Кейін бұл қайнатпаны киімге және денеге сеуіп, тіпті, кереует маңындағы еденді сол сумен жууға болады. Мойыл гүлдер...
Толығырақ... Оқылды: 407 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.06.2019

Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетуіне байланысты алаяқтықты тоқтатуға тапсырма берді, – деп хабарлайдыsputniknews.kz. «Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен президент әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы», – деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында. ​Бұдан бұрын шымкенттік соттар хабарлағандай, көптеген отбасының өз шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр. Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып жатыр. Аптасына 10-15 арыз түсетін көрінеді. Ақшалай атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға беріледі. Биыл атаулы...
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2019

Айына – 6 мың теңге: Көпбалалы отбасыларға арналған жалдамалы үй туралы не білу керек?

Елімізде 31 725 отбасы пәтер кезегінде тұр. Соған орай мемлекет тарапынан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтрелерде көпбалалы отбасылар өз баспаналарын алғанға дейін тұра алады. "Сатып алу құқығынсыз жалға беретін тұрғын үй" ұғымын енгізген сенат жалдамалы пәтерде көпбалалы отбасы өз үйін алуға ақша жинағанға дейін тұра алады деп бекіткен. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің бұл түрімен"Алтын алқа", "Күміс алқа",Батыр ана", сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" атағын алған отбасылар қамтылатын болады. Қазақстан бойынша496 мың адам баспанаға кезекте тұрса, олардың 31 725 отбасы көпбалалы. Осы заң аясында енді көпбалалы отбасыларға арналған жеке кезек қарастырылып, жүзеге асыру үшін бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінді. Сатып алу құқығынсыз жалға беру баспанасында тұратын көпбалалы отбасылар 1 шаршы метр үшін 117-150 теңге шамасында қаражат төлейтін болады. Сонымен қатар, пәтерде отбасының кез келген мүшесі тұруға құқылы.
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2019

Қатерлі ісікке шалдықтыратын бес сусын анықталды

Гарвард университетінің ғалымдары ғылыми зерттеу қорытындысын жариялады. Адам ағзасы үшін ең қауіпті бес сусын анықталды. Ғалымдар кола, жасанды шырын, шампан, энергетиктер мен газдалған сусыннан бас тарту керек екенін дәлелдеді, деп хабарлайдыLife.ru Ғалымдардың айтуынша, кез келген газдалған сусын обыр жасушаларының өсуіне әкеліп соғады. Бұл ішкен сусын түрі мен мөлшеріне де байланысты. Құрамында қант алмастырушысы бар сусын ішетіндер ұйқы безінің ісігіне шалдығуы мүмкін. Аптасына ішілетін мұндай екі сусын қатерлі ісік қаупін 87%-ке арттырады. Ғалымдар газдалған сусын ерлер денсаулығы үшін аса қауіпті деп дабыл қағуда. Сондай-ақ, бұл сусынды көп ішетін әйелдердің сүт безінде қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Ал жүкті әйелдерге оларды мүлдем ішуге болмайды. Өйткені барлық газдалған сусын құрамында қызыл амарант жасанды консерванті (Е-123) бар. Ең қауіптісі – энергетиктер мен кола сынды газдалған тәтті сусындар. Олардың бір құтысында 20 қасық қант, фос...
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.06.2019

1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

Жаздың бірінші айы бір миллионнан астам қазақстандық үшін қуанышты жаңалықпен басталғалы тұр. 1 маусымнан бастап жалақысы төмен азаматтардың қалтасы қалыңдай түседі Білім беру саласы Бұл саласда істейтін қызметкерлердің жалақысы 10-30%-ке өседі. Бірінші топ – еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері. Мәселен, қалада істейтін, еңбек өтілі 2-3 жылды құрайтын әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәрбиешілердің айлығы қазіргі 55 869 теңгеден 70 859 теңгеге дейін артады. Ауылдарда 69 837 теңгеден 88 573 теңгеге дейін көтеріледі. Еңбек өтілі 2-3 жылға жетіп қалған педагог-психологтар (қалада) қазір 65 019 теңге алса, енді 81 565 теңге төленеді. Ауылдарда 81 273 теңгеден 101 957 теңгеге дейін ұлғаяды. 2-3 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің жалақысы: қалаларда 55 480 теңгеден 66 382 теңгеге дейін; ауылдарда 69 351 теңгеден 82 976 теңгеге дейін өседі. Бүгіннен бас...
Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2019

3 МАУСЫМ ҚАНДАЙ КҮН?

Бүгін – дүниежүзілік велосипед күні. Өткен жылы 12 мамырда БҰҰ Бас ассамблеясы бұл күнді халықаралық күндердің тізіміне қосты. Халықаралық ұйым бұл мерекені экологияның бұзылуының алдын алып, денсаулықты жақсартуда велосипедті пайдалануды насихаттау үшін енгізген. 3 маусым – парашюттің туған күні. Бірінші парашютті 1483 жылы италиялық өнертапқыш Леонардо да Винчи құрастырды деген деректер бар. 1785 жылы 3 маусым күні француз өнертапқышы Франсуа Бланшар 300 метр биіктіктен парашют арқылы итті төменге түсіріпті. Сынақ сәтті аяқталған. Кейін оның жерлесі, аэронавт Андре-Жак Гарнерен жаңа парашютті сынақтан өткізген. Ал 1911 жылы әлемде алғаш рет арқаға асатын парашютті орыс өнертапқышы Глеб Кательников жасады. Сондай-ақ бүгін – дүниежүзілік майтабандылық күні. Бұл күнді халықаралық Ponseti International қауымдастығы бекіткен. Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру.
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.