Жаңалықтар

Алик Шпекбаев пен Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесті аша отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство жүргізіп жатқан жұмысты таныстырып, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды атап өтті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді. «Пандемия бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің беріктігіне сынақ болды және біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізді. Ол жылдар бойы қордаланған мәселелердің бетін ашып, біздің жұмысымыздың кейбір тұстарының жетілмегендігін көрсетті. Сондай-ақ, олардың ішіндегі жемқорлық сипаттағы құрамдас бөліктерін айқындап берді», - деді ол. Денсаулық сақтауды дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде м...
Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Алматы облысында өрт оқиғасы 20,7%-ға төмендеді

Ағымдағы жылы Алматы облысында 799 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 64 млн. 236 мың теңге материалдық залал келтірілген. Дейтұрғанмен, қызыл отқа орану жағдайы өткен жылдан қарағанда 20,7% -ға азайған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Биылғы жылы тұрғын үй секторында 526 өрт оқиғасы тіркелген. Ал, қатты отынды пайдалану кезінде тағы да өрт шығып, ұзын-саны 126 жағдай анықталған. Жылыту маусымы кезінде оқыс оқиғалардың тіркелуінің басты себебі, азаматтардың жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбауы, сақтық шараларына немқұрайлы қарауы болып табылады дейді мамандар. Осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін облыс аумағында тұрғын үй секторында қазіргі уақытта мүдделі органдармен бірлесіп профилактикалық шаралар өткізілуде. Аталмыш жұмыстар 15 тамыздан бастау алған. Қоғамның осал топтарын құрайтын азаматтарға тиесілі 3315 үйге бақылау жүргізілген. Жұмыс барысында 3 800-ден астам бұзушылық анықталы...
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020

ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Kaspi.kz ЖК тіркеу бойынша жаңа сервис іске қосылды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді онлайн түрінде тез және оңай алуға көмектесетін жаңа сервистер бірлесіп әзірленуде. ЖК тіркеу үшін енді осы қызметті Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті. Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильді қосымшада ЖК тіркеу сервисі болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтықтан тексеруге, кәсіпкерді сәйкестендіруге, тіркеуді растауға арналған бірқатар заманауи техникалық шешімдерді қамтиды. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Бизнес арқылы мемлекеттік қызмет көрсету идеясы Министрлік командасына тиесілі. Одан кейін «ҰАТ» АҚ мен Kaspi...
Толығырақ... Оқылды: 269 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.10.2020

Алматы облысында 2 111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылған

Бүгінгі күні халыққа мемлекеттік қызметтің 694 түрі көрсетіледі. Оның ішінде 608-і электрондық қызметке жатады. Алматы облысында мемлекеттік қызметтің 383 түрі көрсетіледі, оның ішінде 333 электронды қызметке жатады. Ресми деректерге сүйентін болсақ, 2020 жылдың І жартыжылдығында Алматы облысы бойынша мемлекеттік органдар 3 860 250 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қағаз түрінде-240 321, электронды түрде- 2 996 951, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 412 349 қызмет халыққа ұсынылған. Ал, облыс орталығы Талдықорғанда қызмет көрсетушілер Мемлекеттік қызметтің 86 түрін көрсетеді, оның ішінде электрондық түрде 70, қағаз түрінде – 16 –ны құрайды. 2020 жылдың І жартыжылдығында Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік органдар барлығы - 28 206 оның ішінде қағаз түрінде – 367 электронды түрде - 19 386 Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 6 388 қызмет көрсеткен. Облыс бойынша 2 111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды, 251 өзі...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 02.10.2020

Ұйғыр ауаданында 19 тұрғын үй апатты деп танылған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, басталған «QYZMET LIVE» жобасы аясында Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серикы Дунгешовпен онлайн баспасөз-мәслихаты өткізілді, деп хабарлайды «Jetisy Media». Ұйғыр аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жыл басынан бері азаматтардан 22 өтініш тіркеліп, бөлім тарапынан барлығы 198 тұрғын үй мен 10 өндірістік орындарға қабылдау актісі тіркелген. 19 апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлерге бұзу актілері беріліп, мемлекеттік қызметтер регламенті бойынша 262 сәулеттік-жобалау тапсырмасы қарастырылған. «Мекен-жай тіркелімі бағдарламасына тіркету үшін аудандық халыққа қызмет көрсету мекемесі арқылы жаңадан алған жер телімін және жаңадан салған үйін тіркетіп анықтама алу үшін 40 өтініш келіп түсіп толығымен қанағаттандырылып бағдарламаға енгізілді»,-дейді Серик Оқасұлы
Толығырақ... Оқылды: 296 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.10.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешімді шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматт...
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 01.10.2020

Жас келсе – іске!

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп хакім Абай айтқандай осы бір қиын да, жауапкершілігі мол мамандық иелерінің елден алар алғысы да шексіз. Неге дейсіз ғой? Оған біздің кейіпкеріміз жауап болмақ. Нұрғалиев Әділет Қайратұлы 1990 жылдың 18 желтоқсанында Көксу ауданы, Жетіжал ауылында дүнеге келген. Туған жеріне неге тоқталып отыр дерсіздер. Олай дейтініміз, «Туған жерге туыңды тік», - деп бабалар аманатын арқалаған Әділет Қайратұлы бүгінгі таңда сол өзінің кіндік қаны тамған туған жерінде туған елдің игілігі үшін, ертеңі үшін еңбек етуде. Ертеңі?! Иә, ертеңі үшін. Себебі, бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі елдің болашағы. Ал, сол болашақтың жарқын болуына негіз қалайтын ол әрине – ұстаз! Нұрғалиев Әділет Қайратұлы жас та болса, бас болып сол ұстаздар ұжымын басқарып отырған жайы бар. Жай ғана басқарып отыр деу жеткіліксіз болар. Бүгінгідей қиын қыстау мезетте ұжыммен береке-бірлікте, ауызбіршілікте жоғарғы жұмыс сапасын көрсетіп қызмет атқаруда. Ев...
Толығырақ... Оқылды: 266 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.10.2020

«Иманды жастар ұлт болашағы»

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!-деп Мағжан Жұмабаев өзінің «Жастар» өленіңде айтып кеткендей, ұрпағына зор үмітпен қараған. Намысы биік, айбынды, рухты жастар бар кезде, елдің іргесі мықты болады. «Қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ». Жастар – ата-бабаларымыз салып кеткен дара жолдың мұрагері, кешегінің тұяғы, келешегіміздің тұтқалары. Тарихымыз сенім артқан иманды жастар – ұлт келбеті. Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады,» — деген еді. Иманды жастар ұлт болашағы екені сөзсіз. Осы тұста жастарға тағылымды тәрбие беріп, дұрыс жол сілт...
Толығырақ... Оқылды: 605 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.10.2020

1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

30 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Сол уақыттан бері бұл мереке атап өтіліп келеді. Асылында бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Қазақ қариясын сыйлаған халық. Қарты бар үйдің қазынасы бар, - деген. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған....
Толығырақ... Оқылды: 72 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 01.10.2020

СӘРСЕНБІДЕГІ СӘТТІ КЕЛІСІМ

Сәрсенбінің сәтті күні «Рrotecting business and investments» жобасы аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Көксу қант зауытының басшылығымен келісімге қол қойды. Нақтылап айтсақ, алдағы уақытта агенттік тарапынан инвесторлардың құқықтары қорғалады және бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Антикоррупциялық сүйемелдеуге алынған инвестициялық жобалар арасында енді зауыт та бар. Демек, бұл бизнес жоба бұдан әрі қарай тұрақты бақылауда болады. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған Рrotecting business and investments инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы деп атауға әбден болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2018 жылдан бастап «Kazakh Invest «ҰК» АҚ және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қазіргі уақытта жаңа серпін берген «Protecting business and investments» жобасын іске асыруда. Мақсаты бизнес пен инвесторлардың м...
Толығырақ... Оқылды: 238 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.