Жаңалықтар
Қарасай ауданында денешынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілді |
| Тұрғындар үшін көптен күттен баламасы жоқ спорт кешені есігін айқара ашты. Аталмыш ғимарат Қарасай ауданына қарасты Райымбек ауылында орналасқан.Ашылу салтанатына өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы арнайы келді. Кешен мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында салынған. Басты мердігер«СК «Элитстрой проект» ЖШС болып табылады. Нысанның аумағы 1,6 гектарды алып жатыр. Ғимараттың бой көтеруіне 1млрд. 782млн. 785мың теңге қаражат бөлінген. Көрсең көзің тоятын, сәулеті келіскен кешен 3 блоктан тұрады. Мұнда спорт сүйер қауымға керектінің бәрі бар. 1-блок күрес және бокс түрлерімен айналысуға, сондай-ақ жаттығу сабақтарына арналған әмбебап залдан құралған. Ал, 2-блок екі қабатты, сонымен бірге жертөлені қамтиды. Жертөледе техникалық, киім ауыстыру бөлмесі мен жуынатын жер орналасқан. Одан бөлек, би және сауықтыру гимнастикасының әртүрлері бойынша сабақтар өткізуге арналған зал да бар. Сондай-ақ, үстел теннисін үйренуге де жағдай жасалған. Кір жууға арналған орын... |
| Толығырақ... Оқылды: 294 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020 |
Жанама ауылында 24 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс ітейді |
| Бүгін «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Жанама ауылдық округінің әкімі Асқар Балабатыровпен өткізілді, — деп хабарлайды «Jetisy media» ақпараттық алаңы. Ауыл шаруашылығы саласындағы аграрлық секторы бойынша Жанама ауылында биылғы жылы 2999 гектарға егістік алқабы игерілген. Оның ішінде: дәнді дақылдар 40 гектар, майлы дақылдар 2375 гектар, техникалық дақылдар 195 гектар, азықтық дақылдар 250 гектар және картоп, көкөніс, бақша 137 гектарды құраса, мал шаруашылығында ірі қара 3630 бас, жылқы 744 бас, қой-ешкі 9865 бас, құстар 4900-ді құраған. Кәсіпкерліктің де тасы өрге жүзіп отыр. Ауылдағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 24 бірлікті құрайды. Онда 132 адам жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Жанама ауылдық округінде 1 пескоблок шығаратын цех ашылып, 3 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда округ аумағында екі орта мектеп, 1 бастауыш ме... |
| Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020 |
Шамалған станциясындағы көпір құрылысы аяқталды |
| ҚарасайауданындағыШамалғанстанциясыныңтеміржолөткеліндежаяужүргіншілеркөпірініңқұрылысымәресіне жетті. Естеріңзге саламыз, 2019 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызында Қарасай ауданы Жібек-жолы ауылындағы темір жол бекетінде жол-көлік апаты орын алған еді. Оқыс оқиғадан кейін нысанның құрылысы басталған еді. Көпірді қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 364млн.500 мың теңге бөлінді. Тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Ал, жұмысқа жауапты мердігер «РУС-13»ЖШС болып табылады. Көпірдің ұзындығы 61,56 метрді құрайды. Нысан басына байланыс желілерінің инженерлік желілерін ауыстыру, іргетас плитасының астына топырақты тұрақтандыру, тірек іргетасының монолитті плиталары, баспалдақтардың металл бағаналары орнатылып, электр тартылып, жарық жүргізілген. Сондай-ақ, жаңа көпірде сәндік шағылыстырғыш панельдер бар және объектінің аумағы толығымен абаттандырылған. Ендігіде тұрғындар жаңа көпірдің игілігін көрмек. «Бір... |
| Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.09.2020 |
Жайлылық пен жылылық қатар сыйлады |
| Талғардық кәсіпкер мұқтаж отбасына газ қазандығын сыйға тартты. Қайырымдылық жаса – қайырын өзің көресің! Алматы облысында мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдемдесушілер қатары күн санап артып келеді. Бірі - «Лидер НСК» ЖШС-нің директоры Нұрболат Кәрімов. Кәсіпкер бұл жолы Талғар қаласындағы тағы бір отбасын қуантты. Бакытгуль Масильбаеваның жанұясына көгілдір отынға тұтынатын басты қондырғына сатып алып берді. Бакытгуль Масильбаева – үш бала тәрбиелеп отыр. Біреуі - мүгедек. Бүгінге дейін үйін газға қосу үшін жалғыз басты ана күн – түн деп бір өзі қаржы жинап келді. Енді міне қайырымды жандардың арқасында көмір тасу от жағу машақанына құтылып отыр. - Менің қуанышымда шек жоқ, енді үйімізде газ болады. Балаларды жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, маған бәрін бір өзім жасау қиын болғаны рас. Әсіресе қыс кезінде. Кейде отын, көмір таусылып қалғанда қатты қиналатынмын. Газ тіпті жақсы болды. Көмірге тонналап алғанда қаржы көп кететін. Енді газда ақшаңда... |
| Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.09.2020 |
Армрестлинг - қазақтың болмысына келетін спорт! |
| Армрестлингтен ардегерлер арасында Азияның 9 дүркін чемпионы Әбдуәли Тастанов Алматы облысын аралап, шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Көксу өңірінің тумасы Панфилов ауданында болды. Білікті маманның басты мақсаты - ауыл-аймақтағы балалар арасынан қолкүрес өнерінің майталманын шығару. Әбдуәли Тастанов шалғайда орналасқан аймақ жастарынан қолкүрес шеберін шығаруды көздейді. Жаркент өңіріне келуінің себебі де осы. Бұл аудан әлемге есімі таныс атақты балуандарымен белгілі. Бейжің Олимпидасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және әлем чемпионатының күміс медаль иегері Демеу Жадыраев шықты. Осы атақты балуандардың тізіміне армрестлинг өнерінің майтанмандарын дайындап қоссам,- дейді Әбдуәли Тастанов. Жергілікті спорт әдіскерлері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қолкүрес спортын жақын таныстырды. Сонымен қатар, армрестлингтің физикалық тұрғыдан алғанда ұлтымызға жақындығы бар екендігін айтады. - Әбдуәли Тастанов, Армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Адам бал... |
| Толығырақ... Оқылды: 318 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.09.2020 |
Мектептегі қол жетімді спорт түрі! |
| Ежелден - ақ қылыш пен семсермен толқындатудан гөрі қолдың күшін сынау ең асыл істің бірі болып саналатын. Дегенмен қол күрес таяудан туындаған спорт түрі болып есептеледі. Ертеде ата-бабаларымыз екі буынды айқастырып, ас-тойларда сайыс өткізген. Ең алғашқы қол күресті спорт түріне еңгізген американдық журналист Билл Соберанес болды. Петалума қаласы Калифорния штатында кешке қарай ең мықты жігіттер жиналып, өзара қолдарының күшімен сынасқан. Ең алғашқы чемпионат Петалума қаласының ең үлкен залында ұйымдастырылды. Турнир өте табысты өтіп, спорт түрі ретінде дамуына өте үлкен үлес қосты. Қазақстанда қол күрес өз тарихын 1990 жылдары, қазақстандық атлеттер Мәскеу қаласында өткен , бірінші Бүкілодақтық қол күрес турнирге қатысқаннан басталды. Жеңімпазы 61 кг салмақ дәрежесінде Вячеслав Чиванин болды. Республикамызда қол күреске деген қызығушылық арта бастады. Спорттың бұл түрін елге алғаш алып келген Владимир Дреклер мен Мұқан Ағзамовтар болды. 1991 жылы тұнғыш рет ел чемпионаты өтеді. Әр... |
| Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.09.2020 |
«Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» |
| Қылышын сүйретіп келетін қыстың қамын жаздан бастап ойлап, ерте қамданудың маңызы зор. Күн өткен сайын ауа райы салқындап, уақытынан ерте келген күз биылғы қыстың қатты болатынынан хабар беруде. Әрине, сақадай сай, отын-суыңды түсіріп, үй-жайың жылы отырғанға не жетсін. Өткен қысқа дайындықтың жоғары болуынан әрі отын қорының мол әзірленгенінен болар, біздің аймақта өзге облыстарда болған келеңсіздіктер етек алған жоқ. Тұрғын үйлерге орталықтандырылған жылу уақытылы беріліп, ыстық су үзілген жоқ. Есесіне, еліміздің өзге өңірлерінде қыс ортасында жылу жүйелері бірінен соң бірі істен шығып, халық әбден әбігерге түсті. Әрине, ондай жағдайдың бетін әрі қылсын. «Қамдансаң қапы қалмайсың» дегендей, ауданымызда қаһарлы қыста қысылмаудың қамы ерте қолға алынғаны белгілі. Басшылар тарапынан да жиі пысықталған дайындықтың салдарынан болар, ауданымызда санаулы күндерден кейін уақытымен жылу жүйесі іске қосылатын болады. Жер үйде тұрып, пеш жағатын тұрғындар да өз қам-қарекеттерін бас... |
| Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020 |
ДІН – БІРЛІКТІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ |
| Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Адамзат тарихында бастан кешкен түрлі формациялар мен кезеңдерде діннің де формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап отырды. Адамзат баласы – ақыл-парасаттың, ғұлама ойдың және өзге де игіліктердің иесі. Ал, осы игіліктерге ие етіп тұрған – Жаратушы күштің барын адам ешқашан есінен шығарған емес. Осылайша, діннің қоғам өмірімен байланыстылығы өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына әсер ететін, наным-сенім қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды. Негізінен, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен руханият құндылықтарына жетелейді. Адамдардың бойына, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Бұл рет... |
| Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.09.2020 |
«Үміт» үміт сыйлауда |
| Қоғамға жат адамдай өмір сүру, әсіресе жас жеткіншектерге қиын. Бүгінде сондай балалардың құқығын шектемеу үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың мүмкіндігі шектеулі болғанмен, арман-мұраттары шектеусіз. Лайықты білім алу, көшеде жүріп-тұру, өз бетінше қалаған жеріне барып - келу деген мұндай балалар үшін тек арман ғана секілді. Расында, көшеге шыға қалса, көпшіліктің назарын өзіне аудару, сондай-ақ көшедегі көздердің өзіне мүсіркей қарауы кемтар балалардың қоғамдық ортаға бейімделіп кету ынтасына бөгет жасайтыны сөзсіз. Арнайы балалар арбасымен кедергісіз қатынап, білім алып, өздері сынды жеткіншектермен қатар мектепке барып, қоғамда ешқандай алалау көрмейтін күн туар ма екен, соларға? Бұл кейбір балалар үшін мүмкін емес нәрсе болып көрінгенімен, біздің елде осындай армандарды жалғап, үміттерді оятатын орталықтар ашылуда. Мүмкіндігі шектеулі баланы аяққа тұрғызу бірінші, ата-анасының парызы болса, екіншіден, әлеуметтік жағдай жасау – мемлекет саясатының басым б... |
| Толығырақ... Оқылды: 355 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
Полицейлер кәсібі аса қиын және қауіпті |
| Адамдарға алаңсыз жұмыс істеуде, бейбіт өмір сүруде, тұрмыс сапасын жақсартуға қажетті қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етіп, заңсыз әрекеттерден қорғауда алдымен қол ұшын беретін құрылым – полиция. Сала қызметкерлері халықтың басына қиын жағдайлар туғанда олардың қасынан табылып, көмегін көрсетеді. Полиция жұмысы сырттай салмақты, жайбарақат көрінгенімен, ішкі иірімдері шытырманға толы болады. Құқық қорғаушылардың жұмысы таңғы сағат тоғыз бен кешкі сағат алтының аралығында шектелмейді. Тәртіп сақшылары халықтың тыныштығын күні-түні күзетіп, әлеуметтік тәртіпті бақылайды. Қауіп-қатердің алдын алады, төнген қауіпті ауыздықтауда басын бәйгеге тігетін кездері де аз емес. Елдің қалай болмағы ел басқарғандардан дейтін пәлсапаға салар болсақ, ауданымыздың бүгінгі тыныштығы, полиция қызметкерлерінің іс-қимылына, шешім, қарекетіне байланысты екені анық. Жалпы, полиция туралы әңгімені бекер бастап отырғанымыз жоқ. Бүгін аудандық полиция бөлімінің ел тыныштығын сақтаудағы халыққа жаса... |
| Толығырақ... Оқылды: 564 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2020 |
