Жаңалықтар
Талдықорғандағы көп қабатты үй құрылысына тексеріс жүргізілді |
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті " Талдықорған қаласы Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысын жан жақты сараптап шықты. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша бөлімде келесі бұзушылықтар анықталды: Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 238,243-тармақтарын бұза отырып, бөліммен «Алматы облысы Талдықорған қаласының Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы» объектісі бойынша орындалмаған жұмыстар үшін 1 163,8 мың теңге төлем жүргізілген, аталған сома аудит жүргізу барысында мердігер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау арқылы қалпына келтірілген. |
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019 |
ҰБТ - 2019 |
20 маусым мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. ҰБТ-ның негізгі шарттары туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз Мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Енді, аттестат алу үшін емтихан тапсыру қажет. Ал 20 маусымда ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Ұпай саны қалай есептеледі? Биыл тест тапсырмалары 30 процентке жаңартылды. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма бар. Алайда 140 ұпай жинауға болады. Өйткені кейбір тапсырмаларда бірнеше дұрыс жауап болады. Мәселен, екі салалық пәннің 30 тапсырмасы бар. Соның ішінде 20 тапсырмада 1 ғана дұрыс жауап берілсе, 10 тапсырмада бірнеше дұрыс жауапты табу қажет. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға 3 сағат 50 минут беріледі. Қанша ұпай жинау керек? Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін тестілеуден, кем дегенде, 65 балл жинау керек. Ал... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.05.2019 |
БҮГІН ҚАНДАЙ КҮН? |
Бүгін көптеген елде Қара шашты қыздардың күні аталып өтеді. Бұл арулар үріп ауызға салғандай сұлу, мінсіз мүсінді, ерік-жігері мықты әрі көркіне ақылы сай келеді. Мерекенің қалай шыққаны да өте қызық – 2006 жылдан бері Дүниежүзілік сары шашты қыздар күні тойланатындықтан, қара шашты арулар да көштен қалмай, бәскелестерінен басып озу үшін өз мерекелерін атап өтуді шешті. Қара шашты қыздар күні – бейресми мереке, алайда көп ұзамай ресми мәртебеге ие болуы ықтимал. 28 мамырда қара шашты аруларға жылы лебіз білдіріп, жүрекжарды тілектер айтып, гүл сыйлау керек. Мейрам жыл өткен сайын кең тарап барады – дүкендерде әртүрлі науқандар жүргізіліп, клубтарда марапаттау және басқа да рәсімдер өтеді, ал журналдар ең әдемі қара шашты сұлуды таңдайды. 28 мамырда майонездің туған күні аталып өтеді. Аңыздардың біріне сүйенсек, ол Жеті жылдық соғыс кезінде пайда болған. 1756 жылы Францияның Маон қаласын ағылшын әскерлері басып алды. Көп ұзамай қала ішіндегі маршал Луи дю Плесси бас... |
Толығырақ... Оқылды: 473 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.05.2019 |
Жетісулық шаруалар 4 мың тонна ет экспорттауды көздейді |
Алматы облысының шаруалары биыл 4 мың тонна ет экспорттамақ. Яғни бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге көп. Отандық өнім Өзбекстан, Қырғызстан және Иран Ислам Республикасына жөнелтіледі. Өңірде жыл сайын 350-360 мың тонна ет өндіріледі. Аймақта кейінгі кездері ірі қара еті 82 теңгеге қымбаттаған. Қазір сауда орындарында орташа есеппен 1591 теңгеден сатылып жатыр. Сала мамандары бағаның өсуіне бірнеше себеп бар екенін алға тартады. Айгүл Идрисова, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы: - Өндірушілер өз бағаларының көтерілгенін шөп көтерілгенімен, жол шығыны артқанымен және халықтың сұранысымен түсіндіреді. |
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.05.2019 |
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННАН КӨРІ, ҰЯДАН ҰШАТЫН ҚЫЗҒА КӨҢІЛ БӨЛУ КЕРЕК! |
Халқымызда «Ауруын жасырған өледі» дейді. Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен, біз қаламасақ та, қазіргі қазақ қоғамындағы қыз тәрбиесіне бей-жай қарау осылай жалғаса беретін болса, бір ұлттың жер бетінен жойылып кету қасіретіне әкеліп соқпасына кім кепіл? Кешегі қазақ қызының сыр сипатына, бүгінгі қазақ қызының болмысы неге сәйкес келмейді? Салыстырып, олқы тұстарын көрсетіп бердік. Ары қарай тәрбие тізгіні өзіңізде. КЕШЕ МЕН БҮГІН КЕШЕ: Атадан қалған ұлағатты тәлімді сақтай отырып, ұлттың ұятына көлденең келер іс жасамаған. БҮГІН: (Бәрі емес әрине) Ұятын ойлайтын қыздар саны сиреген. Тыңдалмай жатқан жетім сөз көп. «Заман осындай» деген желеумен Батыстық менталитетке ден қойған. КЕШЕ: Жасы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ата-анасының ақылын аяқасты етпеген. БҮГІН: (Бәрі емес әрине) Алдына келіп ақыл айтпақ түгілі, үлкені мен кішісі, тіпті үйіндегі ата-анасы істің дұрысын айта бастаса «Өзім білемін, өзімнің де басым бар», -... |
Толығырақ... Оқылды: 456 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019 |
«ФАТИХА» СҮРЕСІ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? |
Бүкіл әлемнің Жаратушысы Алланың сөзі, жүрегіміздің көктемі, ұлы қорғанымыз қасиетті Құранда адам баласы үшін шипа бар. Бұл туралы Алла Тағала «Исра» сүресінің 82-аятында: «Құраннан мүміндерге шипа және мейірім түсіреміз», - десе, «Йунус» сүресінің 57-аятында: «Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі нәрселерге шипа және имандылар үшін жолбасшы әрі мейірім Құран келді», - дейді. Қасиетті Құранның барлық аяттарында шипа бар. Дегенмен, хадистерде белгілі бір сүрелердің ерекше қасиеттері туралы баяндалады. Соның бірі – «Кітаптың анасы» болған «Фатиха» сүресі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, ол – барлық дертке дауа», - деген. (Байһақи) Сонымен, үнемі қайталап оқып жүрген ең қайырлы сүре туралы не білеміз? «Фатиха» – бес уақыт намазда үнемі оқылатын, әрі ең жиі қайтала... |
Толығырақ... Оқылды: 2125 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019 |
АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТОҒЫЗ ӘДЕП |
Барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті, ең қуанышты мерекелердің бірі Құрбан айт та келіп жетті. "Айттау", "айтшылау" ұғымы қазаққа бұрыннан таныс. Алайда, жылына бір-ақ рет келетін мерейлі мерекені лайықты деңгейде атап өту үшін не істеуіміз керек? Төменде ертеңгі айт күніне орай бірнеше кеңестерді ұсынып отырмыз: 1. Қуаныш пен шаттық таныту Айт мерекесінің алғы шарттарының бірі – қуаныш пен шаттық таныту. «Ақиқатында, айт (мереке) күндерінде қуаныш пен шаттық таныту – діннің рәсімдерінен!» (“Фатх әл-Бәри” 2/514.). 2. Ғұсыл алу Айт мерекесінің тағы бір шарттарының бірі – толықтай тазаланып, ғұсыл алу. Бұл туралы Зазан былай деп баяндайтын: «Бірде (бір кісі) Әли ибн Әбу Талибтен (оған Алла разы болсын) ғұсыл туралы сұрады, әрі ‘Әли: «Қаласаң, күнде шомыл», – деп жауап берді. Әлгі кісі: «Жоқ, мен шынайы ғұсыл туралы сұрап тұрмын!», – деді. Сонда Әли: &laqu... |
Толығырақ... Оқылды: 439 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019 |
ЕНЖАРЛЫҚТЫҢ ЕМІ |
Ертеде бір ханның жар дегенде жалғыз баласы болыпты. Хан баласы туғаннан не ішем, не кием демегенмен сондай бір еңсесін басқан көңілсіздік пен өмірге деген енжарлықтан арыла алмаса керек. Баласының қашан болсын салғырттығы мен бойкүйездігін байқаған әкесі елдегі ең данышпан деген кісіні шақыртып, оған баласын бұндай босаңдықтан арылтуды қатаң тапсырыпты. Баланы қайтсем жөнге келтірем деп шақшадай басы шарадай болып шарасыз күйге түскен данышпан қанша шарласа да бұған ешқандай дауа таба алмаса керек. Ең соңында тым болмаса, өз басын аман алып қалу үшін алыс елге қашып кетуді ұйғарыпты. Дорбасын арқалап ел сыртындағы бір қырға жеткенде, қой жайып жүрген бір балаға кездесіпті. Бала әлгі данышпанға: – Бүгін өзіммен бірге тамақ алуды ұмытып кетіппін. Мен ауылға түсіп қайтқанша сіз малдарыма қарап беріңізші? – деп жатып кеп өтініпті. Бала өтінішін жерге тастай алмаған данышпан келісіп, өрістегі малдарға қарап қалыпты. Бала кете сала-ақ мал ішінде ойнақтап жүрген бір лақ байқау... |
Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 27.05.2019 |
Шаншу қадалғанда не істеу керек? |
Шаншу — сіз елемейтіндей, мән бермейтіндей ауру емес.Шаншуды уақытында жазбасаңыз, асқынып кетуі мүмкін. Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ. Бала кезімізде әжелеріміз пештің жанындағы көсеуді темірге ұрғылап алып, қадалған шаншуды түйрейтін. Сенім бе әлде ем бе, әп-сәтте жазылып шыға келетінбіз. Шаншу қадалған тұсты көтере алмай, тіпті дем жетпей қиналатынымыз жасырын емес. Мұндай жағдайда дәрігерлер қыздыратын жақпамай беріп, 5-7 күнге ем жазып береді. Негізінде жатып алып жағдайын жасайтын ауру емес. Әрине қалжыңдауға да болмайды. Бірақ өз бетіңізше ем-дом жасап, 1-2 сағат шамасында айығып кете аласыз. Сонымен салқындап қалған адамның арқасына шаншу қадалып, мазасын алып жатса, сіз де қарап тұрмай алдымен ырымын жасаңыз. Оны жоғарыда айтып өттік. Ендігі кезекте үй жағдайында жасалатын ем жолдарын ұсынамыз. 1. Сұйық демделген 1 шыны шайға 1 шай қасық бал араластырып, ішкізіңіз. Жылы орап жатқызып қойсаңыз, бір терлегеннен-ақ аттай болады. 2. Бұл кезде аяғына, табанына аздағ... |
Толығырақ... Оқылды: 344 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 27.05.2019 |
БАЛАҢЫЗҒА ҚАНДАЙ АТА-АНА БОЛЫП ЖҮРСІЗ? |
«Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе,… «Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе, алдымен өз әрекеттеріңізді, балаңызбен арада қалыптасқан қарым-қатынасты саралап көріңіз. Қосымша астрологтардың сипаттамасын да ескеруге болады. Тоқты Тоқты әке балаларын шексіз жақсы көреді әрі оларды мақтан тұтады. Кез келген баланың тілін оңай табады, жақсы түсініседі, досы әрі кеңесшісі бола алады. Ал, Тоқты аналар көбінде қатаң принциптерді ұстанады. Ұл-қыздарының айтқанын екі етпеуін қалайды. Оларға өзгелерді емес, өзін бақылауға алып, аздап сабырлылықты үйренген дұрыс болар еді. Оған қоса, барлық жағынан бірінші болуды қалайтын Тоқты әйелдер өзгемен сайысса да, өз баласымен бәсекелес болмағаны жөн. Көбірек еркіндік беріп, өз жолын өзіне таңдату да олардың ақсап жатқан осал тұсы. Торпақ Торпақ-әкелер балаларға көп көңіл бөледі, сөйте тұра, көп нәрсе талап етеді. Өздері... |
Толығырақ... Оқылды: 424 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 27.05.2019 |