Жаңалықтар
Рамазанда шайтан кісенделсе, адамдар неге күнә жасайды? |
Күндердің күнінде шәкірт ұстазынан сұрапты: — Ұстаз, егер Рамазан айында шайтандар кісенделетіні рас болса, онда неге адамдар арасында күнә жасау әрекеті толастамайды? Сонда ұстазы байсалдылықпен: — Расында адам баласы өзі істеген көптеген қателіктерін, күнәлі істерін шайтанға жауып жібере салғысы келеді. Рамазанда шайтандардың кісенделуіндегі бір хикмет ол Аллаһ Тағала адамдарға барлық мәселе шайтанда еместігін көрсету болып табылады. Көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Бұл қасиетті айда шайтандар кісенделіп адамның шынайы бейнесі ашылады. Жындардың арасында шайтаны бар секілді адамдардың да арасында шайтандары, яғни, күнә жасауға бейімділері болады. Сондықтан егер әркім өзінің шынайы бейнесін білгісі келсе, Рамазан айында оған мүмкіндік туады. Себебі, ол уақытта жасалған күнәлар шайтаннан емес, адамның өзіндік жан-дүниесінен шығады, — деп жауап берген екен. |
Толығырақ... Оқылды: 489 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019 |
КЕШІРІМ СҰРАЙ БІЛУ |
Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген қүмырсқа ашуланып: “Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер мен көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік иесі Алла Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?” - дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, қүмырсқадан кешірім сұрайды. Сонда құмырсқа: “Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін”,- дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған:“Бірішіден, бірдеңе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Алланың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Алланың кеңшілігінен қалайша тыясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған... |
Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019 |
АНА ӨСИЕТІ |
Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен: «Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған. Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады. Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды: Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол. Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама. Үй ішін де, үсті-ба... |
Толығырақ... Оқылды: 485 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019 |
СТАКАН ЕМЕС, БҰЛАҚ БОЛУҒА ТЫРЫС |
Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды. “Дәмі қалай екен?” деп сұрайды қария. Шәкірті “Ащы” деп жауап береді ызаланып. Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. “Tәтті” дейді шәкірт. “Тұздың дәмін сездің ба?” сұрағына да, “жоқ” деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: “Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі проблемалардың да ащы болып болмауы тек сенің сезімдеріне... |
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019 |
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС |
Жақсылық! Алланың құдіреті шығар, осы бір сөзді құлағымыз шалса болды, жанымыз жадырап сала береді. Біреуге жақсылық тілеу, қолдан келсе жақсылық жасау, Алла Тағаладан жақсылық сұрау адам өмірін мәнді де мазмұнды ететін қайырлы әрекет екені бесенеден белгілі. Сондай-ақ, жақсылық ұлт пен ұлысты, дін мен ділді талғап-таңдамайтыны тағы бар. Бұл ай – Рамазан айы. Сауаптар молынан жазылатын, күнәлар кешірілетін, нәпсінің нөкерлеріне тұсау салынатын, жақсылық жасауға асығатын ай. Осыған орай, ауданымыздың бірқатар азаматтары қайырымдылық жасап, мейлінше жақсылықтың жаршысымен бөлісуде. Дана халқымыз «Жақсылық жаса да суға ат, балық көрмесе халық көреді, халық көрмесе де Жаратушы көреді» дейді. Қайырымдылық жасау – адамгершіліктің биік қасиеттерінің бірі саналады. Қамшының сабындай қысқа өмірде қолдан келгенше аялы алақан мен жан жылуын қажет ететін жандарға қол ұшын бергенге не жетсін. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әрдайым риясыз жақсылық жасаушылар қатар... |
Толығырақ... Оқылды: 833 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019 |
Тәжірибе алмасу– іскерлікті жетілдіру |
Қант қызылшасы – Жетісу жерінің төл дақылы. Республика бойынша өндірілетін тәтті түбірдің едәуір көлемі біздің облысқа тиесілі. Бұл ретте елімізде тәтті түбір ең алғаш рет Талдықорған өңірінде өсірілгенін айта кету керек. 2019 жылдың 16 мамыр күні ауданымызға қант саласын дамыту барысында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында Павлодар облысының делегаттары жұмыс сапарымен келді. Олардың мақсаты қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы, егістікті суару, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану, егіс алқаптарының көлемін ұлғайту – қант өндірісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу. Алдымен атбасын Көксу ауданы қант зауытына бұрды. Мекеме директоры Алтынбек Абатов қант қызылшасы будандары тұқымдары және ауыл шаруашылығы техникасы туралы толығымен таныстырды. Содан кейін қант қызылшасын себу, күту, жинау технологиясымен таныстыру жұмысын «Кең дала» ШҚ басшысы Қалибек Алпысбаев жалғастырды. Өңірімізге жұмыс сапарымен келге... |
Толығырақ... Оқылды: 503 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.05.2019 |
Жарқын болашақ жастардың қолында |
Елбасымыз халыққа Жолдауында: біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр, - деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Елімізді өркендетіп, мемлекетімізді көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу – жастардың басты міндеті. Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні ауданымыздағы Б.Құндақбаева атындағы орта мектебінде аудандық «Жарқын болашақ жастардың қолында» тақырыбындағы кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, саясатын қалыптастыру, жоғары моральдық – этикалық нормалар мен құндылықтарды арттыру. Бабаларымыздың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері мен жас ұрпақтың жасампаздығы арасындағы сабақтастығын ны... |
Толығырақ... Оқылды: 926 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 24.05.2019 |
Алматы облысында «Алтын таяқша» дирижерлер және «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды |
Талдықорғанда қазақтың көрнекті композиторы, КСРО халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы басталды. Артына бай мұра қалдырған алып тұлғаның құрметіне арналған кезекті шара Талдықорғанда жыл сайын өткізіліп келеді. Жалпы байқауға 50 вокалист пен 25 дирижер қатысуға ниет білдірген. Іріктеу кезеңіне жолдама алған 6 мемлекеттен 17 дирижер және 28 вокалист байқауда өз бақтарын сынайтын болады. Байқаудың негізі мақсаты- Қазақ өнерін дамыту. Қазақстан композиторларының шығармашылығын шыңдау және насихаттау, олардың тың туындылары арқылы өнер ұжымдарының репертуарларын толықтыру. Үміткерлер Мұқан Төлебаевтың шығармаларымен бірге шет ел классикасынан да өзі таңдаған туындыларды орындайды. Қатысушылардың дені облыстық филормонияларда еңбек етіп, үлкен сахнаға шығып жүрген кәсіби мамандар. Байқау 2 күнге созылады. Жеңімпаздар қорытынды күнгі гала-концертке қатыс... |
Толығырақ... Оқылды: 409 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.05.2019 |
Ораза біз білмейтін тағы қандай ауруларға ем? |
Оразаның денсаулыққа тигізер пайдасы көп екені белгілі. Бірақ, соның ішінде ораза адамның бойындағы 5 түрлі дертті жоюға көмектеседі екен. Оразада адам ағзасындағы ескі, яғни ауру жасушалардың барлығы жоғалып, жаңа жасушалар пайда болады. Бұл тұжырымдаманы 2016 жылы жапон ғалымы Юсунори Асуми оразаның пайдасын дәлелдеп берген зерттеуінде айтқан. Ол бұл еңбегі үшін тіпті Нобель сыйлығын алған. Сонда ол өз зерттеулерінде, адам ашыққан кезде ағзадағы ауру, өлі жасушалардытірі жазушалардың жей бастайтыны жөнінде айтады. Сөйтіп, ол бұл тұжырымдамасын ғылыми түрде дәлелдеп шықты. Ғылымда бұл «аутофагия» деп аталады. Яғни, грек тілінде «өзін-өзі» жеу деген мағына береді. Міне, сол секілді біз күні бойы ашыққан кезде ағзадағы ауру жасушалардың барлығын сау жазушаларымыз жеп қояды да, өзін-өзі тазартып шығады екен. Екіншіден, ораза ұстаған адам өзін қант ауруынан сақтайды. Сонымен, ораза қант ауруын емдей алады. Қазіргі таңдаәлем бойынша қант ауруын емдеуді... |
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.05.2019 |
ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына байқау жарияланды |
Талдықорғанда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында, Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленуге арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Баспасөз мәслихатына Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әсет Шаяхметов, «Dolce Pharm» бренділі «Dolce Group» ЖШС Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Ли мен «Alugal» ЖШС бас директоры Анар Көкенова қатысты. Байқаудың басты мақсаты – отандық өндірушіні қолдау, отандық тауар мен қызмет сапасының жоғарылауына, сондай-ақ отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеті мен сапа идеясы танымалдығының артуына ықпал ету. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әсет Шаяхметовтың айтуынша, екі байқау да қазақстандық өндірістің сапасын танымал ету үшін өткізіледі. &... |
Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.05.2019 |