Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға көрсетілер көмек көп

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шарлары елімізде кешенді түрде іске асып келеді. Оларға көрсетілер көмек түрі де жыл сайын артуда.Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанда «Алматы облысының әлеуметтік картасының мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Жетісу өңірінде 40 мың 409 көпбалалы отбасы 165 мың бала тәрбиелеп отыр. Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының тапсырмасына сәйкес, жыл басында облыстың «Әлеуметтік картасы» дайындалып, бұл бағытта жергілікті бюджеттен 3,4 млрд. теңге бөлінді. Аталған қаржы төмендегі іс-шараларға бағытталады: - 7-20-25 бағдарламасы бойынша 1 млн.теңгеден тұрғын үй сертификаттары үшін барлығы 300 млн. теңге бөлінді. - Табиғи газға қосылу үшін аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына жеңілдетілген мүмкіндіктер қарастырылуда. Ол үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінген. Өткен жылы 238 мың адамға 10,5 млрд. теңге көлемінде әртүрлі көмектер көрсетілді. Сонд...
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2019

Кімде-кім бұл сүрені түнде оқыса, таңертең оның күнәлары кешіріліп тұрады

«Иасин» сүресі Құранның жүрегі болып табылады әрі көптеген қасиеттерге ие. Біріншіден, бұл сүрені оқу - Қасиетті Құранды оқығандай болып табылады және мұнда Құран оқығанның келесідей қасиеттері бар: 1. Алла Тағала былай айтқан: «Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28). Жаратушының сөзі — Құранды оқу арқылы адамның жүрегі жай тауып, Алла Тағаламен байланыс орнатылады. 2. Алла былай деген:«Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді» (57:9). Құран оқу арқылы адам жете түсінбеушілік пен ессіздіктен, жете түсіну мен ұғынуға әкелетін Жаратушының басшылығына қол жеткізеді. 3. Алла былай айтқан: «Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма?» (47:24). Құран - Алланың және оның жаратқандарының зор құндылықтарына қол жеткізіп, айналамыздағылар туралы ойлану қасиетіне ие етеді. 4. Хадисте былай келтірілген: «...
Толығырақ... Оқылды: 456 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2019

Күйеуіңіз сізді алақанында ұстасын десеңіз..

"Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар" (4:34) Әйел адам бір маңызды ақиқатты естен шығармауы керек – күйеуіміз біз үшін Жұмақтың кілті болып табылады. Тирмизи келтірген хадисте Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер әйел күніне 5 уақыт намаз оқыса, Рамазан айында ораза ұстаса, күйеуін тыңдап, өзін сақтай білсе, онда ол Жұмаққа кіреді» (3254). Басқа бір хадисте егер әйелі қайтыс болып, күйеуі оған разы болса, онда ол Жұмаққа кіреді делінген (Тирмизи, 286). Ендеше, күйеуімізді бақытты ету арқылы біз өзімізді ғана бақытты етіп қоймаймыз, сонымен қатар, Алла Тағаланың разылығын алады екенбіз. Күйеуімізді бақытты етіп, оның жүрегін мәңгілікке қалай жаулап алуға болады? 1.Құрмет. Бәрінен бұрын күйеуі оны әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету - оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда көрінеді. 2.Тәнті болу. Ер адамға жан-жағынан тәнті болған...
Толығырақ... Оқылды: 456 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2019

СӨЗДІҢ КИЕСІ БАР...

Лұқман Хәкім: «Түскен жеріне тастан ауыр бататын, инеден де үшкір боп тесіп өтетін, сабырдан да ауыр тиетін һәм шоқтан да ыстық күйдіретін сөздің де сөзі бар» деген екен. Кешегі ғалымдар: «Әй, адам баласы! Сен тіліңе ие болған шақта басың амандықта. Ал, енді сөйлей бастасаң, сақ болғайсың. Өйткені, сөзің не сенің пайдаңа болмақ, әйтпесе басыңды жалмамақ»,-деген. Хадисте: إِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ رِضْوَانِ الله، لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا، يَرْفَعُهُ الله بِهَا دَرَجَاتٍ، وَإِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ سَخَطِ الله، لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا، يَهْوِي بِهَا فِي جَهَنَّمَ «Расында пенде, ешбір мән бермей, Алла Тағаланы риза ететін бір сөз айтады, сол сөзімен Алла оның дәрежесін көтереді. Сондай-ақ, пенде ешбір парқына бармай, Алла Тағаланы ашуландыратын бір сөз айтады. Сол сөзі адамды тозақ түбіне түсіреді»,-делінген. Иә, сөздің киесі бар. Ауыздан шыққан сөз адамның болмысын айқындайды һәм тағдырына да елеул...
Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2019

29 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Дүниежүзілік дұрыс ас қорыту күні аталып өтеді. Дұрыс ас қорыту – ағзамыздың барлық жүйесі мен мүшесінің дұрыс қызмет етуінің негізі. Асқазан адамның иммундық жүйесіне кіреді, оның жұмысы адамның өзін-өзі қалай сезінуі мен денсаулығына әсер етеді. Қазірде көптеген адам ас қорытуда белгілі бір қиындықтарды сезінеді, оған нашар экология, салауатты емес өмір салты, дұрыс тамақтанбау себепші. Дұрыс ас қорыту күнін атап өтуге Дүниежүзілік гастроэнтерологтар қауымдастығы бастамашы болды. Сонымен қатар, бүгін – Халықаралық БҰҰ бітімгерлерінің күні. Бұл мереке қақтығысушы тараптарды бітімге келтіру, халықтың ауыр жағдайын жеңілдетуге бағытталған БҰҰ шараларына назар аударуға арналған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі бейбітшілікті сақтау бойынша алғашқы миссиясын 1948 жылы бекітті. Содан бері БҰҰ бітімгерлік қызметі қатты өзгерді. Бұрын жеңіл-желпі қаруланған бітімгер сарбаздар қарулы қақтығысты тоқтату сызығы бойымен елдер арасында жаяу патруль жүргізсе, қазір...
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019

Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толды

Елордада ЕАЭС-тың 5 жылдық мерейтойына орайластырылған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды. Нұр-Сұлтандағы мерейтойлық саммит Бүгін Нұр-Сұлтанда Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысынаЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады деп жоспарланып отыр. Олар бес жыл ішінде ұйымның жеткен жетістіктерін талқылайтын болады. Сондай-ақ, отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен ТМД Атқарушы комитетінің төраға...
Толығырақ... Оқылды: 351 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 29.05.2019

Мамандар: Батуттан менингит пен ішек аурулары жұғады

Елімізде батуттардың жұмысын қадағалайтын орган құрылуы мүмкін. Қарағандыда батут салдарынан бүлдіршін қаза болған соң батут жұмысын бақылау қолға алынды. Дәрігерлер батуттан балаларға небір аурулар жұғатынын айтып отыр. Онда менингит, пневмония, ішек ауруларын тудыратын микробтар болады. Себебі даладағы шаң-тозаңнан ластанады. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. "Батуттардың күн сайын жуып-тазалап тұру керек. Батутта ойнаған балаларды ата-анасы тазалап жуындыру керек. Күнделікті ластанған, әрі көп баланың қолы тиген жерде міндетті түрде микроб болады. Балалар ауруды тез жұқтырады", - дедіНұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғыбылов. ІІМ үкіметке хат жолдап, батут қызметін бақылайтын орган құруды ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырдаОрталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды ​​қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып,бір бала қайтысболды. Қайғылы оқиғадан кейінбатутты орналастырған аттракциони...
Толығырақ... Оқылды: 413 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 29.05.2019

Жаз мезгілінде дұрыс тамақтану

Жаз мезгілі жеміс-жидектердің, көкөністер мен бақша өнімдердің молшылығымен ерекшеленетін маусым. Бұл ретте ерте піскен көкөністер мен бақаш өнімдерін пайдалануда сақтық шараларын ескерген жөн. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Қоғамдық Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Марат Әділжанұлы мәлімдеді. Өнімді жақсы және тез арада жинау үшінкөп көлемде тыңайтқыштар қосылады,оның бірі азот қышқылының тұзы- нитраттар. Тыңайтқыштың аз мөлшері біздің организмге өз зиянын тигізбегенімен,бірақ олардың шектен тыс мөлшері топыраққа түскенде, өсімдіктегінитраттар саныбірден өсіп кетеді. Адам ағзасына түскен нитраттар тотығу процесстерінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады. Бұл біздіңденсаулығымызғақауіпті проблема болып табылады. Нитриттер қан эритроциттеріне (метгемоглабин құра отырып) негативті әсер етеді, сондықтан оттегін тіндерге тасымалдау қабілетін қиындатады. Ал ол адам ағзасының оттегімен «тыныс а...
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.05.2019

АДАМНЫҢ 8 ТҮРІ....

1. Жел сияқты адамдар. Бүгін мына жақта, ертең ана жақта жүретін бұндай адамдардың қызығушылықтары күн сайын ауыса береді. Тұрақтылықты ұнатпайды. 2. Гүл сияқты адамдар. Олар жараланғыш, нәзік келеді. Ондай адамдардың қасында кез келген адам өзін мықты сезінеді. 3. Кітап сияқты адамдар. Ондай адамдардың жанында жүріп көп нәрсе үйренуге болады. Олар білімді, ізденімпаз келеді. 4. Шытырман адамдар. Олардың не ойлап жүргенін білу мүмкін емес, олар шешімі жоқ жұмбақ сияқты. 5. Сайын дала тәрізді адамдар. Олармен қарым-қатынасқа түсу өте жеңіл, ондай адамдардың жанында ми демалып қалады. 6. Отшашу сияқты адамдар. Олар көтеріңкі көңіл-күй мен мерекені жақсы көреді. Айғайлап күлгенді, қатты сөйлегенді ұнатады. 7. Тас тәрізді адамдар. Олар тастай берік. Кез келген қиын жағдайда қорған бола біледі. 8. Асыл тас сияқты адамдар. Ондай адамдарға қарап, қызығасың. Күн сайын өзінің жаңа қырымен айналасын таңырқатып жүреді. Дереккөз:massaget.kz
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019

Несие алсаңыз, жадыңызда болсын

1. Үстеме. Кепілсіз несие аларда үстемесін (переплата) міндетті түрде есептетіп алыңыз. Бұл пайыздық мөлшерлемеден де маңызды. Себебі бәзбір банктердің пайызы төмен болғанымен, «жасырын» комиссияларын қосқанда қайтаратын ақшаңыз одан асып түседі. Ең дұрысы – әр банктің үстемесін саусақтап тұрып санап, салыстырып, неғұрлым төменін таңдау. 2. Мерзімінен бұрын жабу. Несиені ресімдемес бұрын қарызды мерзімінен бұрын өтеу шарттарын тәптіштеп сұрап алыңыз. Себебі бірде-екілі банкте алған қарызды алты айға дейін немесе бір жылға дейін мерзімінен бұрын жабуға болмайтыны туралы талап бар. Осы мерзімде ерте жапсаңыз айыппұл төлетеді. 3. Сақтандыру сомасы. Біраз банк несие ресімдегенде беретін ақшадан сақтандыру сомасын ұстап қалады. Ол қаржы сақтандыру ұйымдарына аударылады. Мәселен сізге 250 мың несие керек делік. Осының 40-50 мыңын сақтандыру сомасы ретінде ұстап қалып, сол қаржыны сізге төлетеді. Үстемесімен! Сондықтан сақтандыру сомасын ұстамайтын банктердің беретін...
Толығырақ... Оқылды: 328 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.