Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген. Сонымен қатар Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа дертке шалдығу және адам өлімі, медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасы, халықтан тест сынамасын алу деңгейі, интенсивті терапия және реанимация палаталарының қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі секілді негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлерд...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 30.07.2020

Құрбан айттағы қағида

Мұсылман қауымы үшін ұлық мереке құрбан айт жақындап келеді. Бұл кезде халық шамасы жеткенше құрбан шалатыны анық. Биыл ел ішінде пандемияның өршуіне байланысты аталған әсімді өткізудің біршама алғы шарттары белгіленді. COVID-19 коронавирустық инфекциясының облыс тұрғындары арасында таралуының алдын алу мақсатында «Қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 қаулысын назарға ала отыра бір қатар ережелер орнатылды. Ендігіде Құрбан айт мерекесі кезінде 2020 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында тыйым төмендегі шараларға тыйым салынды: 1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үйлер мен мешіттерде адамдар көп жиналатын бұқаралық іс-шаралар өткізу; 2) облыс аумағында автожол бойында мал союды ұйымдастыру және өткізу, көліктен мал сату және жеке үйлерде мал сату; 3) облыстың орталық мешіті белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтары мен базарлар...
Толығырақ... Оқылды: 231 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2020

Құрбан айт - 2020

Толығырақ... Оқылды: 205 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2020

Алматы облысында 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді

БүгінгітандаАлматы облысыбойыншареспираторлық ауру белгілері бар, Сovid-19, пневмониямен ауыратын немесе күдікті пациенттерге үйде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін 391 мобильді бригада белсенді жұмыс істейді. Жедел медициналық қызметке түсетін үлкен жүктемеге байланыстыCOVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді бақылау үшін, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін және асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделіп шыққан пациенттерді бақылау үшіншілде айында391мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылды. Бұдан басқада, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді. Мобильді бригадалардың жұмысынАлматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы жергіліктіаймақтардаұйымдастырды, қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Бригадалардың саны-бес мың адамға бір мобильді бригада есебінен анықталады.Халыққа мобильді бригадалардың қызметі тегін көрсетіледі. М...
Толығырақ... Оқылды: 220 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.07.2020

Әлеуметтік көмек алуға 24 589 өтініш берілген

Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ережесі әзірленді. Бір реттік берілетін әлеуметтік төлем табысынан толық айырылған жандарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тек қана ағымдағы жылғы шілде айында, ең төменгіжалақы көлемінде - 42500 теңге беріледі. Төлем азаматтардың келесі санаттарына қарастырылған: 1)жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер; 2)жеке кәсіпкерлер; 3)жеке тәжрибемен айналысушы адамдар (қорғаушы, заңгер т.б); 4)азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар 5)бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар Жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жәнеәлеуметтіктөлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov...
Толығырақ... Оқылды: 245 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.07.2020

Карантин кезіндегі Құрбан айт мерекесін өткізудегі қағида

Жетісулықтар құрбан шалу рәсімін онлайн режимінде өткізуге өтінім бере алады.Бұлтуралыақпараттықалаңында«JETISÝMEDIA»ТалдықорғанөңірібойыншаҚМДБ бас имамыАрдақОразбаевхабарлады. Еліміздегіэпидемиологиялықжағдайдыескереотырып,құрбанайтмерекесіқарсаңындаҚазақстанмұсылмандарыдінибасқармасыqurban2020.kz.арнайысайтыніскеқосты Оларқылыәрбірниетбілдірушіқұрбандықшалурәсімінөткізугеөтінішбереалады. "ЕндіАлматыоблысыныңтұрғындарыдаөзборышынүйденшықпай-ақденсаулығынақауіптөндірмейорындауғамүмкіндігібар.Олүшінсізгесайтқакіріп, "құрбандықшалуқызметінетапсырысберу"ұяшығынбасуқажет,әріқарайөңірді,толықатын, телефоннөмірінкөрсетуқажет,соданкейінқұрбандықшалуүшінмалтаңдап,қажеттісоманытөлеугеболады", -дептүсіндірдіАрдақОразбаев. Бас Имамсондай-ақ,азаматтардыңрәсімгежекеқатысаалмайтынынатапөтті.Өйткені,сойып,еттібөлшектеуүшінарнайыбөлінгенорындақасапшыларадамдардыңтапсырыстарынорындайтынболады. Алтапсырысберушіфото -жәнебейнеесепсұрайалады.Олетмұқтаждарарасын...
Толығырақ... Оқылды: 226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.07.2020

Үкім

Адамның жаратылыс мақсаты - Алла Тағаланы тереңнен танып, Оған тағзым етіп, құлшылық қылу. Оны тани отырып өзгелерге де таныту, олардың жүрегінде Құдай Тағалаға деген сүйіспеншілікті ояту. Задында, мұсылман үлкен ынта-ықыласпен Ол жайында өзгелерге айтқанда ғана Оны жүрегімен терең сезіне алады. Яғни, бір мұсылман өзге жанға Хақ Тағаланың барлығы мен бірлігін, асқан құдіреттілігін айта келіп, Оған тағзым етіп, сәждеге бас қойса, оның сол сәждесі бұрынғыдан мүлдем басқаға айналып, бойын әлдебір тылсым сезім билеп, ерекше ғажайып күйге бөленгенін байқайды. Ендеше, мұсылман Оны танығысы келсе, өзін ғана емес өзгелердің де бақытын ойлап, Хақтан бейхабар жандардың Онымен табысуына көңіл бөлуі қажет. Бұл да - мұсылманның негізгі міндеті. Кейбір мұсылман жандар «Өзгені қайтесің, Алла Тағалаға құлшылығыңды атқар да өзіңнің Жәннатқа баруыңды ойла! Басқаларға араласудан аулақ бол, олардың жүрегін исе Құдай ғана иманға иеді» деген сықылды өзімшіл пікірлер айтады. Иә, адамның жүрегіне...
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.07.2020

COVID-19 індетімен күрес: Екі апталық карантиннің нәтижесі қандай

Үкімет отырысында елдегі COVID-19 індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйі баяндалды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша елде індеттің таралу көрсеткішінің тұрақталғаны байқалады. Жұқтыру жағдайы тәулігіне шамамен 1 500-1 600 адамды құрап отыр. Министрдің сөзін Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Ақтөбе облысының әкімдері растады. Әйтсе де арқаны кеңге салуға әлі тым ерте. Цой не дейді? Денсаулық сақтау министрінің айтуынша жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптада біршама оң нәтижеге қол жеткізілген. Атап айтқанда, тәулігінде коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайып, COVID-19 ауруынан жазылғандардың үлесі жалпы ауырғандардың 60 пайызына жеткен. Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеп, провизорлық төсек-орындардың жүктемесі 20 пайызға, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 пайызға азайған. «Арнайы жүк порттарының тасымалын арттыру арқылы дәріханаларды дәрі-дәрмекке толтыру жұмысы жүріп жатыр. Өңірлерде арнайы тұрақтандыр...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 23.07.2020

Көксу ауданында карантин және шектеу шаралары қатаңдалды

Көксу ауданының аумағында 25-26 шілде күндері коронавирус инфекциясының алдын-алу, таралуын болдырмау мақсатында аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Мәншүк Әжиеваның 22 шілдедегі №25 Қаулысы шықты. Қаулы 24 шілде сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді. • Аудан аумағында мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени көпшілік ic-шаралар өткізуге салынған тыйым сол қалпында қалады. • Спорт, фитнес, жаттығу залдары, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, компьютер клуб орталықтары жұмыс істемейді. • Сонымен қатар діни объектілердің жұмысы тоқтатылады. • Отбасылық мерекелік шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру, тағы сол сияқты адам көп жиналатын өзге де шаралар) өткізуге тыйым салынады. • Аудан аумағында маска кию тәpтiбi сақталады. • Азық-түлік дүкендері, 200 ш/м көлемінен үлкен дүкендердің жұмысы сенбі-жексенбі күндері толықтай тоқтатылады. • Қоғамдық тамақтану обекътілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханал...
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020

«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ»

Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық нұрына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзінікіндей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ деп есептеймін. Өйткені ізгі істер қашанда ізгілікке үндейді. Сауапты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен, жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? – «Мұны негізінен Қытай...
Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.