Жаңалықтар
ІНДЕТ ПЕН МІНДЕТ |
| Коронавирус дерті әлемді алаңдатып, үрейлендіріп тұр. Бір сәтте, бір кезеңде әлемді жаулаған бұл дерттің алаңдататындай жөні бар. Адамзат баласы өмір үшін күресіп жатқандай. Ал адамзаттың өмірін аман сақтап қалу үшін жанталасып жүргендер ше? Нағыз жанкештілер солар емес пе? Осындай елең-алаң шақта жауапкершілік жүгі дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің иығына түсіп тұрғандай. Олар нағыз оқ пен оттың ортасында жүрген жауынгерлер іспеттес. Саптай тізіліп, күні-түні ұйқы көрмей, адам баласының денсаулығын күзеткен тыныштық күзетшісі секілді. Оларға қымбаты адамның амандығы. О баста осы кәсіпті таңдап алғанда да, әр азаматтың саулығы үшін күресемін деп ант беретіндері де сондықтан болар. Полиция қызметкерлері 90 жыл бұрын күрескендей, вирусқа қарсы тұруда Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті музейіндегі материалдар арасында өткен жүзжылдықтың 30 жылдарындағы жедел мәлімет сақталған. Материалға сүйенсек, сол кезде тәртіп сақшылары инфекциялық аурулардың таралуына қар... |
| Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 02.07.2020 |
Иманашар бағаны |
| Исламның иман негізі әуелі Аллаға сенумен болады. Құранда Аллаға, ақырет күніне сенуге шақыратын аяттар көп. Ақырет күніне сенімнің мәні - өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігіне сенумен байланысты. Ал сол қайта тірілу әһли сүннет сенімі бойынша, әрі тәнмен, әрі жанмен болады. Ақыретте қайта тірілудің хақ екендігі Құранда анық түрде баян етілсе де, осы мәселені жоққа шығарушылар да баршылық. Олардың пайымы бойынша, адам өлген соң іріп шіріп жоқ болады да өмір сонысымен бітіп, о дүние тіптен болмайды. Бұл әрине, тек ақырет мәселесіне емес, жалпы Жаратушының барлығы мен бірлігіне сенімсіздіктен шығатын күпірлік пікірлер. Себебі, сәл ойланып көрген кез келген парасатты сана ақырет күніне сенімсіздікпен қарай алмайды. Ғаламзаттағы сәт сайын мың өліп, қайта жанданып жатқан тіршілік тәрізді, бізді де Жаратушы Жаппар Иеміз қалай өлсек, солай тірілтіп алады. Аятта осы мәселеге қатысты Жаратқанның нақты байламы келтіріледі: «Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тоз... |
| Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.07.2020 |
ЕЛБАСЫ МЕН ЕЛОРДА – ЕГІЗ ҰҒЫМ |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында Қазақстан астанасын Арқа төріне көшіру туралы шешімге баға беріп, оны ел дамуындағы маңызы зор тарихи бетбұрыс деп мәлімдеді. «Елбасының ел астанасын Арқа төсіне көшіру туралы идеясы Қазақстанның дамуындағы маңызы зор тарихи бетбұрыс болды. Оның елорданы Есілдің жағасынан салу жөніндегі бастамасы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де, әлемдік қауымдастық алдындағы беделіне де айтарлықтай серпіліс әкелді. Бұл еліміздің геосаяси бағытын нығайтуға үлкен үлес қосты. Қазақстанның біртұтас ел ретіндегі дамуын айқындай түсті. Астананы көшіру идеясы елді біріктіруші факторға айналды. Бүгінде елордамыз – халқымыздың мақтанышы һәм сүйікті шаһары. Былтыр мен астана авторының елорданы салып, дамытуға қосқан орасан зор үлесін әділ бағалай отырып, қалаға Нұр-Сұлтан атауын беру туралы шешім қабылдадым. Бұл дұрыс шешім болғанына еш күмән жоқ. Бұл қадам Қазақстанның жаңа тарихы мен Елбасы есімінің бір... |
| Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 02.07.2020 |
Дәрігерлер коронавирустан үйде емделу жолдарын айтып берді |
| Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева коронавирус инфекциясынан үйде қалай емдеулуге болатынын айтты. «Егер сізде коронавирустың алғашқы белгілері байқалса, бірден қорқынышқа бой алдырмаңыз. Үйде қалып, басшыңызға хабарлаңыз, отбасы мүшелерінен оқшауланыңыз, тұрғылықты мекенжайыңыздағы емхана немесе 1406 нөміріне Call-орталыққа хабарласыңыз. Сонымен қатар учаскелік дәрігерге өзіңіздегі коронавирус инфекциясының симптомдары туралы айтыңыз. Аурудың ең жиі байқалатын белгілері: жалпы әлсіздік, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, иісті, дәмді сезбеу, дене қызуының 38-39 градусқа дейін және одан да жоғары, қалтырап көтерілуі, бастың қатты ауыруы, бұлшық еттің ауыруы. Кейде ауру асқорытудың бұзылуымен – құсып, іштің өтуімен де жалғасады. Кейде 4-8 күндерде кеуде қуысы ауырып, демікпеге ұласады. Тыныс алу қиындайды. Мұндай кезде учаскелік дәрігерді шақырып, жедел жәрдем қызметіне хабарласқан жөн. Вирустың симптомдары... |
| Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 02.07.2020 |
Министр: Дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы мыңдаған дәрі-дәрмек елге әкелінді |
| Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жағдайына байланысты дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы мыңдаған дәрі-дәрмек елге әкелінгенін айтты. Баспасөз конференциясында министр халық арасында дәрі-дәрмекке сұраныстың күрт артқанын жеткізді. Қазіргі таңда министрлік тарапынан бұл мәселе қатаң қадағалауға алынып, қажетті препараттармен халықты қамтамасыз етіп жатырмыз дейді ол. «Дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі туралы ақпараттар халықтың дәріханалардан артығымен дәрі сатып алуына алып келді. Әсіресе дене қызуын түсіретін препараттар. Баса назар аударып айтқым келеді, елімізде дәрі-дәрмек жеткілікті дәрежеде шығарылады, аймақтарда тапшылық жоқ. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, дәрі-дәрмек тасымалдау, сатып алу жөніндегі мәселелер қаралып, отандық өндірушілер дене қызуын басатын препараттардың үлкен партиясын ұсынып отыр», - дейді Алексей Цой. Оған қоса кейбір дәрі-дәрмектердің коронавирусты емдемейтінін айтты министр. Алайда халықтың сол препараттарға сұранысы... |
| Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 02.07.2020 |
Қ.ТОҚАЕВ: Ведомствоаралық комиссия міндетін атқара алмады |
| Арнайы жиын өткізген Президент Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Бейнебайланыс режимі арқылы өткізілген жиынға Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде дер кезінде жарияланған қатаң карантин шаралары уақыттан ұтып, эпидемияның қатты өршіп кетпеуіне мүмкіндік бергенін атап өтті. Өкінішке қарай Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін барлық карантин шаралары босаңсып кетті. – Биылғы 11 мамырда шектеулер алынғаннан кейін вирустың таралуы 7 есе өсті. Бұл көп жағдайда бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты болып отыр. Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық және жергілікті органдары Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейінгі кезеңде тиімді жұмыс істеуге... |
| Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 02.07.2020 |
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағыэпидемиологиялықжағдайдытұрақтандыружөніндегішаралардыбекітті |
| ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды. Елдегісанитарлық-эпидемиологиялықжағдайжәнекоронавирусинфекциясыныңтаралуынажолбермеумақсатындашектеушараларыненгізубойыншаұсынылатыншаралартуралыденсаулықсақтауминистрі А. Цой баяндады. Қазақстандаэпидемиологиялықахуалдыңөршуінжәнекоронавирусинфекциясыменсырқаттанушылықтыңөсуінескереотырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеденбастап 14 күнгекелесішектеушараларыненгізутуралышешімқабылдады: Көлікқатынасыбойынша: 1. Елдертізімінкөбейтпей, халықаралықәуеқатынасынсақтау; 2. Өңірлерарасындағыәуеқатынасын, теміржолқатынасынсақтау (шектеулермен); 3. Өңірлерарасындағыжолаушылар автобусы қатынасынуақытшатоқтату; 4. Қоғамдықкөліктіңжұмысынуақытбойыншашектеу. Азаматтардыңжүріп-тұруыбойынша: 1. Ойын-сауық, спорт жәнебасқа да бұқаралықіс-шараларды, сон... |
| Толығырақ... Оқылды: 211 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2020 |
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи тұлға тағылымы |
| Ел қуатты болса, қуаныш тұрақты болады. Ғасырларды уақыт ұршығында иірген мыңжылдықтар тоғысында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемлекет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қазақтың зар заманда жоғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бүтінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақты шежіресі түзіле бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті Осы бір мерейлі миссияны орындау мемлекетіміздің негізін қалаушы ұлы перзенті, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңдайына жазылғаны – әлемде аумағы жағынан алып елдердің алғашқы ондығына енетін, ұлан-байтақ жерінің асты да, үсті де табиғи ресурстарға бай, кешегі Кеңес Одағынан ірге бөліп шыққан кезде қолында жалын атқан от қаруы бар стратегиялық маңызы зор елге уақыттың өзі сыйлаған ерекше бағы. «Ақылды басшы алдырмас» деген, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары әлем кар... |
| Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2020 |
БІЗ БІРГЕМІЗ |
| Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2020 |
Бірінші байлық - денсаулық |
| Бүгін мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет мүшелері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары және қалалар мен облыстардың әкімдерін жинап бейне байланыс режимі арқылы кеңес отырысын өткізді. Президентіміздің отырыста айтқан әрбір сөзі орынды. Бұл індеттің көбеюіне карантиннің сақталмағаны себеп болып отыр. Дегенмен, - Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіре алмады, – деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ бірнеше қаланың әкімдеріне сөгіс айтып, жауапты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысының бұлай қатаңдық танытуы елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, емдеудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте проблемаларды шешу үшін Үкімет пен өңірлердің әкімдеріне барлық қаржылық және инфрақұрылымдық ресурстарды жұмылдыру тапсырылды. Дәл осындай сә... |
| Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2020 |
